Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК Педагог-психолог: Ергасенова Гульнар Жумановна Семинар «Жеке оқу жетістіктерінің портфелі- Бағалаудың балама әдісінен гөрі үлкенірек нәрсе». В.К.Загвоздкин Тақырыбы: Тәрбиеленуші портфолиосы Мақсаты: Баланың шығармашылық қабілетінің даму деңгейі мен балалық іс-әрекеттерді меңгеру мүмкіндіктерін анықтау, баланың кешенді дамуы аясында отбасымен балабақшаның өзара қарым-қатынасындағы байланысты нығайту. Семинар жоспары: 1. Қуаныш шеңбері «Көтеріңкі көңіл-күй» 2. Сәлемдесу 3. Портфолио деген не? 4. Мектепалды баласының портфолиосы 5. Портфолионың арқасында педагогтер мен ата-аналар арасында неғурлым жылы, тығыз байланыс орнайды. 6. Балабақшамен қоштасарда портфолио баланың өзіне табыс етіледі. 7. Бақылау деген не? 8. Баланы бақылау не үшін қажет? Бақылау тәрбиешіге не береді. 9. Портфолио-жетістіктер папкасы 10.Міндеттерге нелер жатады 11.Портфолионың құрылымы Өтілу ұзақтығы- 1 сағат. 1.Қуаныш шеңбері «Құтты шаңырақ» Тәрбиешілер шеңбер бойына тұрады,баяу,әдемі сазды әуен ойнайды.Шеңбер бойымен тұрып бір-бірлеріне жылы тілектерін жіпті бір-бірлеріне лақтыру арқылы тілектерін білдіреді. 2.Сәлемдесу Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер.Бүгінгі біздің кездесуіміз өте маңызды тақырыпқа арналған. Оқыту және тәрбиелеу жүйесінің басым бағыттарының бірі-балаларды өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға,табиғи қабілеттерін ашып көрсетуге,талантының ашылуына ынталандыратын білім беру кеңістігіндегі оңтайлы жағдайлар,қолайлы өмір сүру ахуалын жасау болып табылады. Кез келген әрекет тұтасымен одан әрі жетілдірілуі үшін бағалауды қажет үлгісі портфолионы енгізу болып табылады. Портфолио- бала дамуының жеке маршруты стратегиясының құрамды бөлігі. 3.Портфолио деген не? . Бала дамуының білімдік жеке маршрутын анықтау құралы. . Бала дамуының шынайы жетістіктерін бағалау әдісі. . Тәрбиеленушінің жетістіктері жайлы материалдардың жүйелі жиынтығы. . Дамуында ілгерілеу барлығы тұралы жазбалар. . Бала не істеді,ол неліктен маңызды. . Ата-аналарға кеңес беру, ойын түріндегі ата-ананың үйде балаға қалай көмектесуі туралы ұсыныстар. . Бала жайлі барлық ақпарат жиналатын, баланың жетістіктері мен нәтижелеріне куә болатын түрлі материалдар жинақталады,оған қарап бала дамуының түрлі салаларындағы табыстары мен жетістіктерін кешенді түрде қарастыруға болатын жиынтық-папка. 4.Мектепалды баласының портфолиосы-оның дамуының өзінше бір маршруты. Жылына екі рет тәрбиешілер,медициналық қызметкерлер,мамандар ата-аналарға білгісі келетін мәселелері бойынша кеңес береді.Олар әдеппен ғана баланың денсаулығы,танымдық, дене, эстетикалық, құлықтылық дамуы туралы тілектерін білдіріп отырады. 5.Портфолионың арқасында педагогтер мен ата-аналар арасында неғурлым жылы, тығыз байланыс орнайды. Әке-шеше ұсыныстарды оқып,әр топ үшін ұсынылатын әдебиет пен ойын жиынтықтарын пайдалана алады, сондай-ақ балаларымен жұмыс жасайтын кез келген маманға білгісі келген сурақтарын қоя алады. Жеке жетістіктер папкасының маңызды ерекшеліктері-әр балаға дерлік жекеше көзқарас қалыптастыруды жүзеге асыратындығы. 6. Балабақшамен қоштасарда портфолио баланың өзіне табыс етіледі. Бұл оның ата-анасы үшін де тамаша сыйлық. Портфолионы жүргізу тәрбиешіге бала туралы ақпаратты мақсатты түрде жинап, жүйелеуге, баланың қайталанбас жеке-мінез құлқы туралы мәліметтерді сақтап қалуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе мектепке дейінгі,баланың дамуы бірқалыпты емес,секірмелі сипатта болып, психикалық функциялары мен субъективті тәжірибе жинақталуы жеке қарқынмен пісіп-жетілетін мектепке дейінгі кезеңде ерекше маңызды болады. Балалар мен олардың қызығушылығы,әуестенушіліктері жайлы ақпарат алуға көмектесетін негізгі әдіс-бақылау болып табылады. 7. Бақылау деген не? . Бұл әдіс. . Білім беру процесіне барлық қатысушылардың көзқарасы тұрғысынан баланың дамуы туралы жорамал пікірлерді растайтын фактілерді жинау. 8. Баланы бақылау не үшін қажет? Бақылау тәрбиешіге не береді? Бақылау немен айналысқанды жақсы көретінін білуге мүмкіндік береді, ол қай мазмұнда табыстырақ үйренетінін және баланы тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар,бала қозғалысының динамикасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,бала қозғалысының динамикасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді,ата-аналармен ақпарат алмасуды ұйымдастыруға көмектеседі,барлығын баламен жұмыс жасауды жоспарлауға бағдарлайды. Сынақ барысында баланы бақылау процесі уақытты көп алады, бұл жерде ең күрделісі- балалардың жеке ерекшеліктерін көре білу, оларды бағалау кілтімен салыстыру, бақыланатын балалар дамуының өлшеу, нәтижелерін өлшеу, сондай-ақ педагогтер пайдаланатын тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен әдістеріне талдау жасау. Баланы бақылау процесінде баланың қызығушылығы әлемін тануға, оның жеке жетістіктерін, түрлі әрекеттер барысында дербестігін танытуын ажырата білуге ұмтылыс жасалады. Баланың қандай да бір біліктілікті меңгергендігінің дәлелін оның педагогтер ата-аналармен бірлесіп ресімдейтін портфолиосынан табуға болады. Портфолио жүргізуде бағалаудың басқа да эксперттермен келісімделетіні, яғни ұжымшылдықпен және объективтілікпен жүргізілетіндігі құантады. Портфолио жүргізуде бағалаудың басқа да эксперттермен келісімделетіні, яғни ұжымшылдықпен және объективтілікпен жүргізілетіндігі құантады. Портфолио тәрбиешіге бала туралы ақпаратты мақсатты түрде жинастырып, жүйелендіруге, бала қылықтарының қайталанбайтын дербестігін тіркеп отыруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе мектеп алды кезеңінде өте маңызды, бұл кезде бала дамуы толқымалы, секірмелі түрде өтіп, психикалық функциялары дамып, субъективті тәжірибелері жинақталатын кезең. Портфолио соңғы жылдары айтарлықтай кеңінен таралған ұғым ретінде дүние жүзінде балалардың шынайы табыстарын бағалау әдісі болып саналады. Бұл «баланың белгілі бір саладағы күш салуын, ілгерілеуімен жетістіктерін көрсететін жұмыстарының коллекциясы болуы мүмкін» (Л. Алексеева),немесе «балалардың жеке басының өсуін байқауға мүмкіндік беретін бала жұмыстарының өзіндік көрмесі де болуы мүмкін» (Фрай) 9.Портфолио-жетістіктер папкасы Біз баланың бірінші рет бірінші сыныпқа баратын күнін тағатсыздана күтеміз. Ал осы сәт туған кезде оқушы атанған баланы құттықтап, енді ол үшін «жаңа өмір басталатынын», «енді оның оқушы екенін», «уақыт өте келе көп нәрсені білетінін»... міндетті түрде атап айтамыз. Ал бұл бала өмірінің алғашқы аптасынан бастап-ақ өсіп келе жатқанын, дамып келе жатқанын, өз білімі мен білігін арттырып келе жатқанын ескермейміз.Ата-аналар баласының қайталанбас сәттерін альбомға жазады,бейнекамераға түсіреді, фотосуретін шығарады,яғни тарих үшін сақтап қалуға тырысады.Алайда негізінен бойының өсуімен сыртқы өзгерістері тіркеледі.Ал олардың ішкі әлемі ше? Олардың қызығушылығы, олардың ғажайып ашулары, тәтті сөздері мен күлкілі ойлары?... Өкінішке орай,баланың шығармашылық жұмыстары да: суреттері,текшеден тұрғызған мұнаралары,қардан соққан қамалдары мен құмнан тұрғызған замоктары,ермексаздан жасалған бейнелері,т.б. «кадр сыртында» қалып жатады.Сонымен бірге қыдырудан,саяхаттаудан,театрға немесе концертке барудан алған әсерлері,тағы-тағы көптеген жайттар. Өмірінің алғашқы айынан бастап бала мұқият қарауды уйренеді,содан кейін айналасындағы ересектермен қарым-қатынас жасаумен (ынтымақтастықпен) айналысады. Бұл кезде ол үнемі үйрену үстінде болады. Егер ересектер бала үшін шығармашылық белсенділік,диалог пен тартымды (дамытушы) ойындар ахуалын жасай білсе, мұндай жағдайда бала тарапынан айтарлықтай табыстар көп күттірмейді. Арнайы папка-портфолионы жасай отыра,біз бұл табыстарды тіркеп қана қоймаймыз, ілгерілеушілікті аңдап, бала дамуының күшті жақтарын бағалауға, сондай-ақ дамытылуы тиісті біліктері мен дағдыларын біліп отырамыз. Баланы балабақшаға апара бастағаннан ата-ана тәрбиешілермен әңгімелесуге уақыт тауып, баласының әлеуметке кірігуі қалай өтуде,көпшіл ме,қарым-қатынасқа жақын ба, соның бәрін біліп отыруға тырысады. Психологқа немесе басқа маман кабинетіне кіріп, жарты сағат әңгімелескеннен кейін ересектер: «Иә, баламыз туралы не ойлайсыз?» деген сұрақтың астына алып, «нақты диагнозын» қойып беретіндей үміттене қарайды. Ал кері байланыс қайда қалады? Баланы бір жағынан жақсы білетін балабақша тәрбиешілеріне (ұжымдағы бала) оны екінші қырынан да білу пайдалы болар еді (отбасындағы немесе өзімен-өзі қалғандағы бала). Кез келген, тіпті ең бір эмоцияға толы әңгіменің өзі ешқандай «иллюстрациялық материалмен» теңдесе алмайды. Портфолионы-өсу, даму, жетістіктер папкасын балабақша тобында аталып өтетін баланың туған күнінде кішігірім тұсаукесер ретінде ұсынуға болады (ұсыну керек те!). Осылайша біз баланы жақсы ынталандыра аламыз (Әрине! Достары оның еңбегін көреді ғой!) Қызылды-жасылды папканы қарау сондай қызықты! Сонымен бірге «нақты диагнозын» қою үшін кез келген маман дәрігер үшін мұндай папканың берері мол болмақ. Сонымен, шешім қабылданады-«Портфолио жинаймыз!», «жинау үшін ғана жинай бермей», ең алдымен портфолионың негізгі міндеттерін анықтап алу керек. 10. Бұл міндеттерге мыналар жатады: - диагностикалық – белгілі бір кезең арасындағы өзгерістері мен өсуін тіркеу (ақыл-ойы мен денесінің); - мақсаттық-оқу мақсатында (баланы біз неге, не үшін үйретеміз); - уәждемелік-баланың қол жеткізген нәтижелерін мадақтау; - мазмұндық-орындалған жұмыстың барлық спектірін ашып көрсету; - дамытушылық-жылдан-жылға оқыту мен дамыту процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді; - рейтінгілік-дағдылар мен біліктер ауқымын көрсетеді. Бұл міндеттерді қалай жүзеге асыру қажеттігі портфолио құрылымымен танысқаннан кейін түсінікті болады. Мектепалды баласының портфолиосы міндетті түрде жарқын әрі бояулы болғаны дұрыс. Мінсіз болған жағдайда ол баланың «сүйікті кітабына», мақтанышына айналады. Бөбекке ол үшін бірлесіп қандай «сиқырлы кітапша» жасауға кірісетіндеріңізді міндетті түрде түсіндірген жөн.Бөбек түсінбейді, немесе «тез суып» қалады деп қауыптенбей-ақ қойыңыз. Түсінгенде қандай! 3 жастағы бөбектердің барлығы суретті кітапшаларды жақсы көреді. Суынбайды да!Өзі туралы кітап-оған жетер не бар. Бала барлық шығармашылық жұмысқа құлшынып тұрады,ғажайып қиялдауға әрқашан дайын,ал біраз уақыт өткеннен кейін «Бір жыл бұрын мен қандай кішкентай болғанмын!» деп сүйсіне қарап отыратын болады. «Сиқырлы кітапша» жасау жұмысын ата-аналармен бірлесіп мұқабасын таңдаудан бастауға болады.Бөлінетін парақтарды баланың өзі бояғаны жақсы болар еді.Бірден емес,біртіндеп бояғаны дұрыс.Біразға дейін кейбіреуі бояусыз тұра берсін. Алғашында баланың бояғаны мінсіз бола бермейді.Алайда одан ешқашан бас тартуға болмайды. «Папка-файылдың» бір жағына ересек адам бояған бөлгішті, екінші жағына баланың бояғанын салу керек. Сонда бала үлкендермен бірлескен жұмысына разы болады. «Боямақтың» сыртқы түрі балаға ұнаудан қалған кезде ол оны басқа неғурлым сапалы түріне оңай ауыстырады.Жасалған жұмыс пен суреттерді фотоға түсіру кезінде кішкентай авторға бірнеше сұрақтар қоюға болады: Бұл жұмыс саған ұнай ма? Бұл жұмысты сенің портфолиоңа салу керек пе, қалай ойлайсың? Бұл жұмыстың қай бөлімге баруы керек, соны ойластырайық. Егер бөбектің хоббиы немесе нақты бір сүйікті ісі айқындалған болса, ол үшін белгілі бір (дербес) бөлім бастаған жөн.Ондай жағдайда бұл саладағы үлкен табыстар, сөзсіз маңызы бар, бірақ айтарлықтай емес басқа жұмыстарының мысын басып тұрмайы. Біздің балабақшада портфолионы тәрбиешілер ата-аналармен бірлесіп жүргізеді. Өте қажет нәрсе деп санаймын. Кешенді алып жүру жүйесіндегі жұмысты бастай отыра , біз баламен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге, мамандарға оның даму маршрутын білу оңайға түседі деген қорытындыға келдік. Баланың өзіне және оның ата-анасына балабақшадағы өмірін түгел білу,өмірдегі жағымды сәттеріне назар аударып отыру, ересектермен және құрдастарымен өткізген бақытты сәттерін есте сақтап қалу қиынырақ. Ал бұл, сөз жоқ, баланың өзіне сенімділігін дамытуға жәрдемдеседі, әлеуметтік білігін арттырады, әр баланың субъективтілігі мен бейімделуін дамытады. Ата-аналар көбіне баласының әр басқан қадамын бақылап жүре алмайды. Кейде олар баласы басынан кешкен қызықты сәттерді, өзгерістерді байқамай да қалады. Ал мақсатты бақылау осыларды байқауына мүмкіндік береді. Көбіне бала балабақшада өзін үйдегіден мүлде басқаша ұстайтыны болады. Балабақшадағы тәрбиешілер бала бойындағы оң өзгерістерін жазып отырса,ата-ана үйде бақылап, балабақшаға өздерінің «жазбаларын» алып келеді. Ал портфолионы әдемілеп безендірсе, баланың өзіне де бос уақыттарында анасымен немесе тәрбиешімен өзі туралы жазылғандарды оқып, өзі жасаған нәрселерді тамашалау қызықты болмақ. Мұның балаға ұнайтындығында сөз жоқ. Портфолионың өз құрылымы болады. Әрбір бөлімге атау беріледі. Сонымен қоса, біз де бөлімдерде орналастырылуы мүмкін мазмұнның тақырыбын ұсынып отырмыз. Портфолио құрылымы Титул бет Бұл бетте бала туралы мәлімет (тегі,аты,әкесінің аты, тұған күні). Сондай-ақ басталу күні,аяқталу күні белгіленеді.Ең алдымен жоғарғы жағына ақ-қара параққа баланың алақанын «түсіріп алыңыз». Нұсқалары: -алақанды фломастермен бастырып, контурын қарындашпен ақырындап бояу; -алақанды бояуға (ақшыл түстіге) малып алып, ізін қалдыру; -жеке барқыт немесе түсті қағазға басылған алақанын қиып алып, титул бетке желімдеу. «Алақан» дайын болған соң, оны бояп, безендіруге кірісіңіз, «Мен өсіп келемін» бөлімінде,алақанның ішіне жасы немесе туған күні жазылады. Менімен таныс болыңыз Бұл бөлімге төмендегідей парақтар қосылады: -«Міне, мен қандаймын» қосымшасы-бұл жерде тұған күндерінде түсірілген портреттері ретімен жапсырылады. Мүмкіндігінше оның барлығы бір типті, яғни барлығы да түрегеп тұрған,немесе кеудесіне дейін немесе бет- әлпеті ғана болғаны жөн; - «Мен тұралы» қосымшасы- парақта тұған мезгілі мен орны,баланың есімі нені білдіреді, ата-анасы нақ осы есім неліктен таңдап алынғаны туралы кішігірім әңгіме жазса,тіпті жақсы. Фамилиясы қайдан шыққан, ол нені білдіретіні туралы материал жинауға болады. Тағы да кез келген дербес мәліметтермен: зодиак белгісі, гүлдік және басқа жұлдыз жорамал,бойтумары және т.б. толықтыруға болады. Менің отбасым Қосымша парақтарда отбасы мүшелері туралы қысқаша әңгімелер болады. Мамасы мен папасына да жеке парақ арнауға да, басқа отбасы мүшелерімен бірлескен беттер арнауға да болады. Әңгімеде отбасы мүшелерінің бірлескен беттер арнауға да болады.Әңгімеде отбасы мүшелерінің жеке деректерінен басқа, мамандығы, мінез-құлықтары, сүйікті істері, бірлескен бос уақытты өткізуі сөз болады. Мысалы, «Жанна тәте екеуміз паркте жиі қыдырып, кеппешоп жинағы үшін жапырақ жинаймыз». Саяхаттар романтикасы Бала үшін теңізге бару,немесе басқа қалаға саяхаттау ғана емес, зообаққа бару немесе күзгі орманды аралау да ғажайып саяхат болып есептеледі.Бұл бөлім қосымшалары ретінде саяхат мерзімі мен орны көрсетілген,фотосуреттермен, бала салған суретттермен безендірілген,алған әсері жайлы кішігірім әңгімесі бар парақтар қызмет ете алады. Маған қызықты Көптеген балалар балабақша қабырғасында ғана емес,қосымша білім беру ұйымдарының да спорт секцияларында, музыкалық және би мектептерінде,түрлі студиялар мен балалар шығармашылығы үйірмелерінде айтарлықтай табысқа қол жеткізеді.Ал енді біреулері сүйікті ісімен сағаттап үйде айналысады.Әрине, мұның барлығы назардан тыс қалмауы керек. Бұл бала үшін өткінші хобби ме, немесе өмірлік өнері ме,ол онша маңызды емес. Бастысы, бала бұл әрекетпен қызыға айналысып, саналы түрде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге ұмтылысы. Бұл бөлім баланың қызығушылығын мұқият бақылап, қол жеткізген нәтижелерін тіркеп отыруға мүмкіндік береді. Алтын қолдар Бұл бөлімде жұстарының фотосуреттері (егер ол көлемді болса) немесе өз қолымен жасаған жұмысының өзі: табиғи материалдан жасаған бұйымдар, қар ұлпалары, конструктордан жасалған құрылыс,өзі жасап шығарған қағаз және басқа көптеген бұйымдары жинақталады. Портфолионың «мазмұны» деп аталатын бір міндеті-бала қолымен жасалған жұмыстардың барлық қыр-сырын ашу екенін ұмытпаңыз. Ақылды бас 3-6 жаста баланың психикалық дамуында үлкен өзгерістер болады.Оның танымдық белсенділігі барынша ұлғаяды: қабылдауы, көрнекі ойлауы дамиды, логикалық ойлау нышандары пайда болады. Мектепке дейінгі баланың қабылдауы, көрнекі ойлауы қалай қалыптасқандығынан оның танымдық мүмкіндіктері,сондай-ақ одан әрі сөйлеуінің дамуы, одан гөрі жоғары, логикалық ойлау формалары және оқу әрекетіне қабілеттілігі дамиды. Ата-ана баласына жасына байланысты ойлануға жетелейтін,логикасын,назар аударуын жетілдіретін дамытушылық сабақтар үшін мүмкіндіктер жасауы тиіс. Баланың табысты орындаған тапсырмалары «Ақылды бас» бөліміне орналастырылады.Егер бала қабырға газетінің тапсырмасын дұрыс орындап,әдемілеп безендірсе, ол газетті тұтасымен (бүктелген күйі) сақтап, қосымша жұмыс суретін де қосуға болады. Даму қарқыны Бұл бала меңгерген дене жаттығулары,оны баланың қай жаста меңгергені, қайталаулар саны (неше рет) немесе ұзақтығы (минуттар мен сикундтар) көрсетілген жиынтық кесте. «Дене жаттығуы» бағанасында мәтін ғана емес, осы жаттығуды орындап тұрған бала фотосуреті немесе сюжетті картинка (ескі жұрналдан қиып алынған) сақталуы мүмкін. Батыр марапаты Бұл жалпы практика болмағанымен, кейбір балалар өзінің тұңғыш дипломдары мен медальдарына мектепке дейін-ақ қол жеткізеді. Біреу асфальтқа сурет салу конкурсында жеңімпаз болады, біреу спорт секциясының кубогін иеленеді, енді біреу шығармашылық конкурс жеңімпазы аталады. Бұл бөлім – бала қол жеткізген барлық ресми марапаттардың жинақтамасы. | |
Просмотров: 21275 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|