Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

кеңес "Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту жұмысын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу"
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК
Тәрбиешісі Басанбаева Динара Замашевна

Кеңес "Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту жұмысын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу"
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды оқи алмайтыны мәлім. Олар әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын сапасына ұялатады. Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары мен әке-шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. Мысалы, “Торғай”, “Бақа-бақа-балпақ”, “Қарғалар”, “Санамақ” т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды. Сол себепті де “Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасында” 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы бөлім, 2-ден 3 жасқа, 3-тен 4 жасқа дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерінен “Бесік жыры” сияқты ойнақы өлеңдер, санамақтар берілді. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді – бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай-ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен, үш салаға бөлінеді:
1) ауыз әдебиеті нұсқалары;
2) классик жазушыларының шығармалары;
3) совет жазушыларының шығармалары.
Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына жағдайларды өте мұқият ескеру керек:
1. Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек. Мысалы, сәбилер (3-4 жас) алғаш рет балабақшаға келді делік. Олардың көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақшада болатын жайттармен, ойыншықтармен әлі таныс емес. Сондықтан алғашқы үш-төрт айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, суретті (суреті өте күрделі болмасын) шығармалар керек. Көлемді шығарманың лайықты бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады.
2. Ана тіліне арналған жоспар 14-15 күнге лайықталады. Жоспарда қандай шығарма оқылуы керек, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындар нақты көрсетіледі. Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру сияқты).
3. Оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы, жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.
4. Сәбилер тобында (3-4 жас) тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады. Тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды жалықтырмайды. Өйткені бала тәрбиешіні тыңдай отырып, әр сөзді дұрыс айтуға тырысады.
5. Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) әңгімелеседі.
Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету сабағының үлгі жоспарын төмендегіше құруға болады:
1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі;
2. Тәрбиешінің әңгімені оқып беруі;
3. Оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу;
4. Шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу.
Мұндайда қысқа әңгіме, ертегі мазмұнын бір балаға, көлемді шығармалардың мазмұнын бірнеше балаға айтқызуға болады. Егер әр алуан жастағы балалар аралас болса, алдымен ересек, естияр балалар әңгімелеп айтады, сәбилер тыңдап отырады. Әдеби шығарманы оқып, тыңдату (ересек топта), әңгімелеп беру, әңгімелету, жаттату сияқты сабақ түрлері экскурсия, бақылау, санау, музыка, бейнелеу өнері сабақтарымен байланыстырыла жүргізілгені жөн. Бұл сабақтар бірінің мазмұнын бірі толықтырып отырса, тіпті жақсы. Мұндай сабақтардың нәтижелілігін бақылау жұмыстары дәлелдеуде. Мысалы, сәбилер тобында “Қияр мен капуста” деген шағын ертегіні қыркүйек айында оқыған дұрыс. Өйткені бұл ай – кейбір дақылдар мен жеміс-көкөністерді жинау маусымы. Бұл жөнінде балада мағлұмат бар. Жеміс-көкөніс атына байланысты сөздерді де біледі. Сондықтан тәрбиеші аталған шығарманы әңгімелеп береді де, қандай көкөністі, жемістерді білетіндерін сұрайды. Егер балалар жазғы табиғат тамашаларын: жемістерді, бау-бақшаны бақыласа, Н.Әлімқұловтың “Жаздыгүні” өлеңін оқып беруге болады. Серуен кезінде гүлдер мен көбелекті бақылатып, олар туралы өлең айтқызады. Алайда балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарымен танысып, талдау жасағанымызда байқағанымыз: аталған сабақтардың көпшілігінің өтілмейтіні, тіпті кейбір балабақшада тәрбиешілердің бір ай бойына кез келген әдеби шығарманы үстірт оқумен ғана шектеліп, тіпті күнде кино көрсетумен шектеледі екен. Әрине, мұндайда баланың тілі жетілмейтіні, өміртанымы, жалпы білімі программа белгілеген мөлшерден әлдеқайда төмен болатыны сөзсіз. Ал программада көрсетілген материалды балаларға меңгерту - әр тәрбиешінің басты міндеті. Сәбилер тобында Ә.Дүйсенбиевтің “Не деу керек?” деген өлеңінен үзінді оқығанда тәрбиеші мына мақсаттарды көздейді: өлең түріндегі шығарманы тыңдай білуге, жатқа айтуға үйрету; “рақмет”, “кешіріңіз” тағы басқа ізеттілікті аңғартатын сөздерді айтуға дағдыландыру, осы сөздерді күнделікті қолдана білуге баулу т.б. Ал Қ.Мырзалиевтің “Ойыншықтар” өлеңін ересек балалар тобында оқығанда тыңдай білуге үйрету, өлеңде аталған ойыншық жануарлар туралы сұрақтар қойып, олар туралы білімдерін жетілдіру қажет. Мысалы, балаларда үй жануарларының аттарына байланысты сөздер мен олар туралы ұғымдары қалыптасқан делік. Солай бола тұрса да, 3-4 жастағы сәбилерге үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелеткен жөн:
1. Үй жануарларының аттары (сәбилерге).
2. Немен қоректенетіні, қайда, қандай жерлерде болатыны, бір-бірімен ұқсастьығы, ерекшелігі (естияр, ересектер тобына).
3. Адамға тигізетін пайдасы және т.б.
Сәбилерден мысық жайлы сұрағанда, олар: “Бұл-мысық, сүт ішеді, ет жейді”- дей келе, мысықтың көзін, құлағын, аяғын, тұмсығын атап айтады. Ал мысықты қайта бақылатқанда тәрбиешінің мынаған көңіл бөлгені жөн:
1. Мысық етті тісімен тістеп жейді.
2. Сүтті тілімен жалап ішеді.
3. Табанымен тышқан ұстайды.
4. Тырнақтары өткір, ұзын болады. Мынау – құйрығы.
5. Жүні жұмсақ, мамықтай, тоңдырмайды.
Бала мысық туралы толық мәлімет алады, он шақты жаңа сөз үйренеді. Ол сөздерді қолдана білуге дағдыландыру үшін дидактикалық ойын (“Ол не?”) немесе мысық жөнінде әдеби шығарма оқып беруге болады. Тәрбиеші қай тақырыпта қандай шығарма оқыса да, бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелетіп айтқызу сабақтарын өткізсе де, әр заттың, іс-қимылдың сөздік атауларын бала түсініп, дәл тани білуге тиісті. Әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы басты әдістердің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балалар өздігінен оқи алмайтыны анық. Сондықтан текст оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы программа талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер – айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүние танымын, ой өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын бағдарлай білу, қабілеттерін дамыту болып табылады. Сабақты мынадай жоспар бойынша өткізуге болады:
1. Тексті оқудан бұрын текстке байланысты баланың не білетінін анықтау ниетімен әңгімелесу.
2. Шығарманы оқу (сәбилерге ауызша айтылады).
3. Әңгімелесу.
4. Әңгімелету (суретпен, суретсіз, ойыншық көрсету арқылы).
5. Экскурсия, бақылау.
Бала тілін жетілдіруде мынадай міндеттер көзделеді:
1. Сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу.
2. Өмірмен байланысты сөздерді үйрету.
3. Шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету.
4. Оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру.
Жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді қолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (2-ден 3 жасқа дейін сабақта 2-3 сөз; 4-5 жаста 4-5 сөз; 5-6 жаста – 6-7 сөзден) белгілеп, сабақ тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгілеу. Зерттеу жұмысы мектепке дейінгі балалардың сөз қорының басым көпшілігінің зат есім, етістік сөздерден болатынын, ал сын есім, сан есім, есімдік т.б. сөздердің сөз таптарының аздығын көрсетті. Сондықтан сөзге үйрету ісінде заттың түр-түсі, формасы, кейде түрі ұқсас заттарды салыстыра отырып ажырата білуге үйрету маңызды. Ол үшін алдымен алдымен сол заттардың өзін мүмкін болса бақылату не суреттерін көрсете отырып жауап алу, білмегенін түсіндіру қажет. Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, жеміс ағаштары көктемде қайтеді? Қандай жемістерді білесіңдер? Дәмі, пішіні қандай? Шиенің дәмі қандай? Алманың дәмі қандай? Пішіні неге ұқсайды? - деген сұрақтар қойып, жауап алады. Осыдан соң “Формасынан таны”, “Қайда өседі?”- деген дидактикалық ойындар басталады. Ойын үшін жеміс-жидек суреттері әзірленеді. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіріп, суреттерді үстел үстіне араластыра тастайды. Шақырылған бала жоғарыдағы сұрақтарға сай жемістерді сипаттап айтады (5-6 жас), екінші бала (егер аралас топ болса, 4 жасар бала) сол жеміс туралы тақпақ айтады. Егер тәрбиеші балаларды үй жануарлары не олардың төлдерімен таныстырса (ауылды жерлерде бұған мүмкіндік бар), онда мына тәсілдерді пайдаланады: 1) қозыны әкеліп көрсету; 2) қойдың және қозының суретін көрсете отырып әңгімелесу; 3) қозы жөнінде жазылған өлең, тақпақ оқып беру жаттату; 4) “Сыңарын тап, атын айт” деген дидактикалық ойынды ойнату. Мысалы, қозы не лақтың суретін көрсетіп, бақылатқан соң, М. Әлімбаевтың мына өлеңін оқып беруге болады:
Кіп-кішкене, момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам: “Қозым”, - деп,
“Қошақаным өзің!” – деп.
Балалар үй жануарларының ішінде әсіресе күшік пен мысықты жақсы біледі және ұнатады. Сондықтан “Құтжол”, “Ақлиманың мысығы” (Р.Ыдырысов) деген шығармалар оқылады да, тақырыпқа түсінік беріледі, демек, әңгімелесу сабағы өтіледі. Әдеби шығарма оқу, айналадағы дүниемен таныстыру, түрлі заттар мен құбылыстар жөніндегі ұғымдарын кеңейту – сөздік жүргізудің екінші бір міндеті. Сәбилер тобында айына үш рет көркем шығармалар оқу және әңгімелеп беру, әңгімелету жұмысы, ал айына бір рет жаттату жұмысы жоспарланады. Бұл топта программада ұсынылған шығармалар ойын, драмалау түрінде өтіледі. Әсіресе ауыз әдебиеті нұсқаларынан “Санамақ”, “Торғай” “лақтар мен қасқыр”, “Қаз-қаз бас” сияқты шығармаларды тәрбиеші балаларды ойната отырып оқып береді.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2013-12-25)
Просмотров: 6435 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.2/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 2:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru