Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: «Алтын күздің сыйы» Бағдарламалық мазмұны: Үйрету: Басқа елдің жемісі ананастың қасиеттерімен таныстыру. Ананас бейнесін мүсіндеп, бүрлермен әшекейлеуге үйрету. Балалардың жемістердің қасиеттері жайлы білімін қалыптастыру. Күз мезгіліндегі құбылыстары табиғат құбылыстары жайлы білімін бекіту. Дамыту : Ұсақ қол моторикасын дамыту. Тәрбиелеу: Табиғатты аялауға, ермексазбен ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар: жемістер , жапырақтар, ермексаз, майлық, бүрлер, Алтын Күз персонажы. Қостілділік компонент: жеміс, ананас, ащы, қышқыл. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушылық Жылулық шеңбері. Армысың қайырымды Аспан -Ата! Армысың мейірімді Жер -Ана! Армысың шұғылалы Алтын күнім! Армысың балабақша, достарым! Балалар сәлемдесіп, шеңберге тұрып, ынтамен айтады. Қолдарын созып, жайып, тағзым етіп өлең жолдарын қайталайды. Ұйымдастыру-іздестіру Көркем сөз оқып береді. Алақай, алақай, шаттанды балақай. Мереке салты күз, мереке алтын күз. «Өлкемізге күз келді» әңгіме Күз көріністерін көрсету. - Қазір жылдың қандай мезгілі? - Күзде қандай өзгерістер болады? - Құстар не істейді? - Ағаштар мен жапырақтардың түсі қандай? - Ауа райы қандай? - Адамдар қалай киініп жүр? - Күз мезгілінде ? Қоңырау сыңғырлайды. Тосын сый. Алтын күздің қонаққа келуі. Алтын күз сиқырлы қапшықпен келеді (сиқырлы қапшығында жемістер бар) Санамақ арқылы ойынға қатысатын балаңы таңдайды Ойын «Сиқырлы қапшық» Ананас бейнесін мүсіндеп, бүрлермен әшекейлеуге үйрету. Жапырақтармен би. Саусақ гимнастика «Саусақтарым билеңдер» Әдіс – тәсілдерін айтады. Түсіндіреді. Көмектеседі. Балалар біз бүгін ананасты мүсіндейміз.Ананас сопақ, бұдыр, коңыр, дәмі қышқыл. Көркем сөзді тыңдайды. Күз көріністерін тамашалайды. Балалардың жауаптары: - Күз мезгілі - Ағаштардың жапырақтары түсті. - Жапырақтар сарғайды. - Құстар жылы жаққа ұшып кетті. - Күн суытады. Жаңбыр жауады - Адамдар жылы киінеді. Таңғалады. Қуанады. Санамақ арқылы ойынға бір бала шығады. 3-4 бала қатысады. Ойыншы бала қапшықтан жемісті алып пішінің, түсін, иісін атайды. Жапырақтарды қолдарына алып би билейді. Балалар жұмысқа кіріседі. Балалардың жұмысы. Рефлексивті-түзетушілік «Біз нені білдік?» Өткен оқу іс-әрекеті жайлы сауалдар қойып қорытындылау. Күз бізге қандай сыйлық алып келді? Қандай жеміс түрімен таныстық? Ол Қазақстанда өсеме? «Алтын күзге арналған ананастар» атты көрме ұйымдастыру. Балаларды мадақтайды. Жылулық шеңбер. Балабақша туралы ән айту. Сауалдарға жауап береді. - Ағаштардың жапырақтары түсті. Жапырақтар сарғайды - Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Ананас біздің жақта өспейді. Ананас бұдыр, коңыр түсті. Көрмеге қатысады. Алтын күзбен бірге жылулық шеңберге тұрып балабақша туралы ән айтады. Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі. Қандай түсініктерді игерді: Жылдың әр мезгілінің өз белгілері болады. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістерді атап бере алады. | |
Просмотров: 3106 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|