Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Дюсембаева Назира Тоқтагазиновна Тақырыбы: «Армысын әз, Наурыз!» Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен, көктем мезгілің тамаша ғажайыптарымен таныстырып, наурыз мерекесінде оқылатын өлең, тақпақ, батаны бала бойына сіңіру, сөздік қорын дамыту. Ұлтымыздың ата - бабамыздан келе жатқан дәстүрі наурыз көже туралы түсінік беріп, дайындау жолын көрсете отырып ұғындыру. Осы тақырып арқылы ұлттық мерекемізге деген бала құштарлығын ояту. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс - тәсілдері: психотренинг, ой қозғау, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, сергіту сәті, ән айту, тақпақ оқу. Қажетті көрнекілігі: киіз үй, алтыбақан, жауқазын гүлдері, ұлттық киім, қазан ошақ, наурыз көже. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Дәстүрлі емес Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет типі: жаңа білімді меңгерту Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Тақпақ, ән, жаттау Мотивациялық қозғаушы Зал іші Наурыз мерекесіне лайықтап безендірілген. Фонда Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады. Наурыз мерекесіне келген қонақтар, балалармен амандасады. Осы кезде «абысынды келінді» Мира мен Жанат: - Амансыздар ма? - Төрлетіңіздер! - Наурыз мерекесі құтты болсын! - Ұлыс оң болсын! – дей жүріп шашу шашады. Тәрбиеші: Бүгін Наурыз тойын тамашалауға келген қалың қауым! Сіздер Әйтеке би ауылына қош келдіңіздер! Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын! Сахнадан: Әр көктем сайын бүкіл халқымыздың асыға күтетін мейрамы – Ұлыстың ұлы күні - Наурыз тойын; күн мен түн теңеліп қасиетті Жер – Ана қысқы ұйқыдан көзін ашып, табиғаттың бүршік атуын ұлықтаған мереке. Уа, жарандар, келіңдер! Той қызығын көріңдер! Наурыз тойға бас иіп, Күнге сәлем беріңдер! (Күнге тәу ету) Армысыздар қайырымды Күн – Ана! Атқан таң мен шыққан күнге тәу - тәу. Басымызға амандық, Дастарханымызға береке дарыта көр! Тәу - тәу! Ал, біз Наурыз мерекесі туралы не білеміз? Ақгүл: Хош келдіңіз Наурызым ардақты, Халқым саған бар үмітін арнапты. Жылда осылай келе бергің жасарып, Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты. Нұрдәулет: Ата - бабам тойлаған, Наурызым армысың! Қызығына тоймаған, Дархан дала, қарлы шың! Іңкәр: Армысың, Наурыз! Қуаныш боп кір, төрлет! Ел болып саған, Көрсетіп жатыр сый – құрмет. Данияр: Жыл басы - Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке, Тіршілік таңы оянды. - Рахмет балалар! Біз қандай мереке туралы тақпақтар оқыдық?(немесе біз оқыған тақпақтар қандай мерекеге арналған - Наурыз мерекесіне арналған. - Киіз үй тігіледі, қазақша ою - өрнектелген киім киеді, күрес ойын болады, қыдырамыз. Ендеше ойымызды жинақтау үшін, бір сәт теледидарға назар аударайық. (наурыз мерекесі бейнеленген сюжет) Міне, балалар өздерің айтқандай Наурыз мерекесі дегенде біздің көз алдымызға киіз үй, қазақы нақышпен тігілген киімдер, ою - өрнек т. б елестейді екен. «Наурыз» сөзі «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Кәне., қайталайықшы. Күн мен түн теңелді. Наурыз тойын «Ұлыстың ұлы күні»деп те атаған. Бұнда «Ұлыс» сөзі «ел, мемлекет» деген түсінік береді. Дәл осы күні барлық адамдар үстеріне ең әдемі, жақсы киімдерін киіпүлкен қуанышпен қарсы алған. Сонымен бірге наурыз мерекесі күні дастарханымыз тағы бір ұлттық тағаммен толады екен. (осы кезде қолына бір шоқ «Наурызек»гүлін ұстаған Әсел кіреді.) | |
Просмотров: 2060 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|