Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ойын элементтерін қарапайым математика іс әрекетінде қолдану
Қарағанды қаласы
№ 134 «Гауһар» балабақшасы
Байзакова Асылай Мукашовна <br /><br /> Ойын элементтерін қарапайым математика іс әрекетінде қолдану

Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді.
Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:
1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.
Пәні: Қарапайым математика
Сабақтың тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Арнайы құрылған кеңістік жағдайларында бағдарлауға және қойылған шарт бойынша өз орнын анықтауға үйрету. Баланы тапсырма орындауға үйрету.
2. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, партада дұрыс отыруға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ой қаблетін дамыту, логикасын дамыту.
Сабақтың типі: ойын сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ¬ -жауап, суретпен жұмыс.
Көрнекіліктер: фигуралардың суреті. <br /><br /> Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар қазір қарапайым математика сабағы, қалам, қарындаштарымызды аламыз. Тақтаға назар аударамыз.
Жаңа сабақ:
Сурет бойынша жұмыс жүргізе отырып, алдыңғы сабақтағыдай бір-біріне қатысты орналасқан орнын анықтаңдар. Суретке назар аударамыз. «Қыздың жоғарғы жағындағы, доптың қасындағы құстарды көрсетіңдер. Енді орындықтың астында неше құс барын айтыңдар».
Балалалардың толық жауап беруін қадағалау. Содан кейін қозғалыс бағытына байланысты сұрақтар қою: Ит қай жаққа жүгіріп бара жатыр? Ұшақ қай жаққа қарай ұшып барады?
Ойыншықты тап ойыны. Түнде топта ешкім болмаған кезде бізге Карлсон, көп ойыншықтар әкелді. Карлсон қалжыңдағанды жақсы көреді, сондықтан ол ойыншықтарды жасырып, оларды қалай табуға болатынын хатқа жазып кетті, - дейді де мұғалім хатқалтаны ашып, хатты оқып береді: мұғалім үстелінің алдына тұрып, тура жүру керек. Балалардың бірі тапсырманы орындап, машина салынған қорап орналасқан шкафқа жақындайды. Екінші бір бала келесі тапсырманы орындайды. Ол терезеге жақын келеді де, солға бұрылады да, перденің артынан жүк көлігін тауып алады.
№2 тапсырма. Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Өз жолыңды басқа түсті қарындашпен түсір. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал. Бұл тапсырманы орындар алдында балаларды сызбалармен таныстыру қажет.
Бағыт оңға қарай
Бағыт төменге қарай
Бағыт солға қарай
Бағыт жоғарыға қарай
Бір нүкте – бір торкөзге жылжиды, екі нүкте – екі торкөзге жылжиды.
Үлестірмелі материалда сызықтармен бөлінген шаршы берілген. Шаршының сол жағына сызба түрінде ұлудың үйге баратын жолын және жолдың соңында ұлудың үйін бейнелеңдер.Сызба бойынша ұлудың үйіне апаратын жолмен жүріп өту керек. Содан кейін балалар басқа түсті қарындашпен өздері жол ойластырып, сызба бойынша ұлудың үйіне өз жолын салады. Сыза отырып балалар ұлудың жолын дауыстап айтып отырады.
№3 тапсырма көзбен шамалау қабілеттерін арттырады. Есепті бермес бұрын үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі.Үстелге 2-3 фигуралар қойылады.Содан кейін олар бірінің үстіне бірі қойылады.Балалар төмен, орта, жоғары сөздерін дұрыс түсінгенін тексеру. Бір фигура төменде, екінші фигура ортада, үшіншісі жоғарыда жатса, үстінен қарағанда нені көреміз? Егер бұл фигураларды бірінің үстіне бірін қойғанда не шығатынын елестетіңдер. Қандай сурет шығады?»
Жауап: жоғары қатарда шаршы, төменгі қатарда шеңбер ішіндегі шаршы шығады.
4 тапсырма. Саусақ қимылын дамытамыз. Берілген бағытпен сызықтар бойынша жоғарыдан төмен көлденең, қиғаш сызықтар саламыз.
Сабақты қорытындылау: Балалар, біз бүгін қандай тақырыпты өттік? Нені үйрендік? Нені білдік? Мадақтау.
Категория: Дошколенок | Добавил: DANA9577 (2014-01-31) | Автор: Байзакова Асылай Мукашевна E
Просмотров: 4071 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 6:35 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru