Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Қарағанды қаласы № 134 «Гауһар» балабақшасы Байзакова Асылай Мукашовна Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», — деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру. Міндеттері: - ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру; - қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу. В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақыл – ойдың қаншалықты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жастық шақ өмірімен ұштастырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің маздай жасаған оты. Міне, ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамди қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді. Әтеш - шақырады Есек – бақырады Күзен – шақылдайды Бақа-бақылдайды Шыбын – ызылдайды Шіркей ызыңдайды Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек: ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс; ойынның басталуы мен ойналу барысы; ойынның аяқталуы. Дене тәрбиесі іс - әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі. Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала: - көңілді болып жақсы демалады; - денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады; - ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді. Оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Қуыр-қуыр қуырмаш. Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға: - ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне, -деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады. Сен тұр қойыңа бар. Сен тұр түйеңе бар Сен тұр жылқыңа бар Сен тұр сиырыңа бар Сен кішкентай әлі жас екенсің Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр. Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да: Қуыр-қуыр , қуырмаш Балапанға бидай шаш Әжең келсе есік аш Қасқыр келсе мықтап бас Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп: Мына жерде қой бар Мына жерде жылқы бар Мына жерде жылқы бар Мына жерде түлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды. Әдебиеттер. Кел, балалар, ойнайық! – Алматы «Арда» 2006 ж. Қазақтың ұлттық ойындары – Алматы «Рауан» 1991 ж. «Балбөбек» бағдарламасы бойынша педагогикалық жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері – Алматы «Арда» 2006 ж. Ақ сандық, көк сандық – Алматы «Жазушы» 1988 ж. | |
Просмотров: 5426 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|