Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Ұйымдастырылған ашық оқу-іс-әрекеттінің технологиялық картасы Күні: 10.01.2013 Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: сурет Тақырыбы: «Кішкентай бұлт» Мақсаты: Балаларға сурет салудың қылқаламнан тыс жолдарын таныстыру. Көрген заттарды қарап отырып салуына ұйрету және де саусақпен сурет салғандасаусақты дұрыс ұстауға ұйрету. Балаларды көк мен ақ түстерін ажыратуға ұйрету. Балалардың қабылдау , есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Балалардың қол моторикасын дамыту. Күз мезгілі туралы білімдерін арттыру, тілдік қорларын байыту. Сурет салу іс-әрекетіне деген қызығушылыған арттыру. өз жұмыстарын соңына дейін орындау және өздері салған суреттен қуаныш сезіміне бөленуге тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысын ұйымшыл жасап болып көңіл-күйлерін көтеренкі болуына психологиялық жағдай туғызу. Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сурақ-жауап, сергету сәті, мадақтау, корытындылау. Қолданатын көрнекілік: «Күз» альбом, бұлт, улгі сурет, қылқалам , ватман, майлықтар, желім, Әрекеттің кезендері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялы-ынталандыру кезең Ұйымдастыру кезені. «Амандасу рәсімі». Шаттық шеңберге түрғызу. Жарқырап күн ашылды, Айналаға нүр шашылды, Алтын сауле мейірім Бақшамызға тарайды Қарсы алайық маңайды Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң, конактар! - Сәлеметсіндерме, балалар! Балаларға «қыс мезгілі» альбомды көрсетіп қыс мезгілі туралы әңгімелесу. - Қыста ауа райы қандай? Терезеден қарайықшы ауа райымыз қандай? - Қыста ағаштар жапырақсыз тұрады , жер бетін, маңайды қармен жапты. - Балалар сендер қыс туралы қандай тақпақты білесіндер? - Қар туралы қандай тақпақ білеміз . -Қар неден түседі? Балалар шаттық шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерің айтады. Күз мезгілі жайлы әнгімелеу, жалпы білімдерің айтады. Балалар тақпақтарды айтады -қар бұлттн түседі. Ұйымдастыру-ізденгіш кезең Топқа Алғашқы кар келеді. - Балалар сендер мені шақырдыңдар ма? - Қар қайдан шығады білесіңдер ме? - Қаршалар бұлттан түседі. - Қазір мен сендерге кішкентай бұлт туралы ертегіні айтып беремін. - Бір күні кішкентай бұлт көңілсіз шығып, жылап жүреді . Бір кезде қараса манайы бәрі аппақ болды. Жақындап қараса ,ол қар екен , содан бұлт коңілді болып барі маңайды аппақ қылды. Үйлердың шатырларына, ағаштарға , жер бетіне қар шашты. - Ал бұлт қайдан пайда болады білесіндер ме? - Ол теңіз, көл, су бетінен шығатын бұ, бір біріне жабысып ,қосылып бұлтқа айналады. Бұлттар көтеріліп , жинақтанып, тығызданып бір кезде бұлттардан тамшылар шығады, жер бетіндегі ауа райы 0-дан төмен болса, суық болса тамшылар қаршаға айналады. - Бүгін біз бұлтты саламыз. - біріншіден мен сендерге көрсетем қалай жасау керек. - Бүгін бізде қылқалам бар, желім, майлықтар. Бүгін біз қызықты жапсыру әдісімен бұлтты жасаймыз. - Көрсетіндер саусақтарды, олар бір-бірімен қалай амандасады, құшақтасады. Санамақ. Бас бармағым Балаң үйрек Ортаң терек Шылдыр шүмек Кішкентай бөбек Біз бесеуміз, бесеуміз, Бес тармақты жұлдызбыз Бесеуміз де бір үйдің Тату-тәтті ұл-қызбыз. Саусақпен салу әдісін түсіндіру. - Бірінші біз бұлттың бетің қылқаламды алып желімді жағамыз, енді майлықтардан домалық жасаймыз, оларды желімнін үстіне жапсырамыз. - Саусақтарды майлықпен сүртеміз. Балалардың қасына барып көмек көрсету. - біз де балалар қаршалар сияқты ұшып денемізді серігіп алайық. Сергету сәті. Қар борайды у-у-у Жел соғады гу-гу-гу Жапырақ ұшты ду-ду-ду Біз күлеміз шу-шу-шу - балалар, енді осы суретке өз жұмыстарың үстінгі жағына жапсырамыз. Балалардың жұмыстарың карап Алғашқы қар: -Рахмет, балалар, енді бұлттан шығатын тамшыларды салу керек. Тәрбиеші: -қазір мақта таяқшаларды алып қарды саламыз ақ түс бояумен. Алғашқы қар: -қалай жақсы ,әдемі шықты, рахмет сендерге балалар. Менім сендерге сыйлығым бар. Сау болындар! - Салеметсізбе . өз ойынан айтады Тәрбиешінің әңгімесің мухият тындап отыру. . Қолдарын жаттықтыру. Бұлтты салу жолдарын қарау. Балалар жұмысқа кіріседі. үлгісін карап жасап отыру. Балалар сергету сәтін жасайды. Алғашқы қармен қоштасу. Рефлексиялы-түзету кезең Балалармен ұжымдық жұмысына қарап қандай керемет әдемі бейне шықты . Қорытынды. Іс-әрекетті қорытындылау әңгімелесу. -балалар, бізде бүгін не жасадық ? -сендерге не ұнады? -Бізге қонаққа кім келді? -біз бұлтты немен салдық? - - бұлттар қандай болып шықты? - қандай бояумен қарды боядық? - сендер бүгін белсенді қатысып, қандай әдемі бұлттарды салыпсындар. Ұйге барғанда ата-аналарға да осындай бұлттарды қалай салуға болады көрсетесіңдер. Ойын . Балалармен «Күн мен бұлт» ойыны: «Күн» дегенде ойнап жүреміз, «бұлт» дегенде шатырдың астына тығыламыз. Балаларды шеңберге тұрғызу. Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамдарға Тек жақсылық ойлаймыз. Өз жұмыстарына баға кою. Барлық жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Қорытынды сұрақтарға жауап беру. -Бұлтты. Балалар өз ойларың айтады. Алғашқы қар келді Бұлтты майлықтардан жасадық әдемі болып шықты. Қарды ақ бояумен салдық. Қоштасу рәсімі. Күтілетін нәтиже: Білу керек: бұлтты майлықтармен жапсыру дағдылары, бұлт туралы түсініктері. Болу керек: ойын шартымен ойнау қабілеттері. Істей білу керек: берілген тапсырманы соңына дейін ұқыпты жасау. Источник: http://kudaybergenova_76@mailru | |
Просмотров: 2932 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|