Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1. Бүлдіршіндердің ойыншықтары туралы түсінігін кеңейту, оларды атай отырып сипаттай білуге үйрету. 2. Ой-өрісін тіл байлығын дамыту. Дыбыстарды анық айтуға үйрету. 3. Ойыншықтарды күтіп, ұқыптыұстауға тәрбиелеу, балаларды еңбекке,еңбекті құрметтей білуге, сыпайлыққа, ізгілікке, адалдыққа баулу. Көрнекі құралдар: әр түрлі ойыншықтар, суреттер. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын әдісі. Оқу іс –әрекетінің барысы: -Тәрбиеші: -Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіпті, кәне бәріміз қонақтармен амандасайық. -Сәлеметсіз ба! Ашық алаң: -Балалар, біз амандаса отырып бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық. -Балалар бүгінгікөңіл-күйлерін қандай? -Біз айналамызда нені көріп тұрмыз? Күннің көзі бізге күлімдеп, жаңа күн сәулесімен басталады. Ол бізге күлімдеп, жаңа күн сәулесімен басталады. Ол бізге мейірімді күлкісімен «Қайырлы таң!» дейді. Кәне, айтыңдаршы, таңертеңгі күннің сәулесі жарық па? Күнге қолымызды созып, қайталап күннің жылуын алайықшы: Армысың, ардақты Аспан ата! Армысың, мейірімді Жер ана! Армысың, шұғылалы алтын күн! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. (Қонаққа Дымбілмес келеді, қолында хаты бар. Тәрбиеші хатты алып, ішіндегі жұмбақты оқиды) Ұшып қонып тынбайды Тәтті көрсе бас салар Қанша соқсаң сынбайды Айнымайды баладан Суға салсаң, батпайды Үп-үлкен болып жасқанар Түскен жерде жатпайды Кіп-кішкене арадан (Доп) (Аю) -Ал енді бәрімізойыншықтар дүкеніне барамыз. (Ойыншықтар дүкеніне бара жатып, тәрбиеші сұрақ қояды) -Біз қайда бара жатырмыз? -Ойыншықтар дүкенінде не сатады? (Тәрбиешінің «Ойыншықтар дүкені» туралы әңгімесі) Ойыншықтардың бәрі де балалар үшін жасалған. Ойыншықтар пластмассалы, резиналы және жұмсақ ойыншықтар болып бөлінеді. Осы ойыншықтардың ішінен мен қоян жайлы сендерге айтқым келіп тұр. Қоянның түсі ақ, құағы ұзын ол жұмсақ ойыншық. Ойыншықтарды сындырмай, ұқыпты, таза ұстау керек. (Балалардың әңгімесі) Бой сергіту: Секірейік, секірейік Ұзын құлақ қоянша Шаршағанды кетірейік Болар сонда тамаша Дыбыстық жұмыс: Қуыршақтың тісі ауырып тұр, қалай жылайды?(і-і-і-і-і-і-і-і-і) Түлкі ет жеп жатып, тамағына сүйек тұрып қалыпты (қ-қ-қ-қ-қ-қ) Аю бал жеймін деп, араның ұясына кезігіпті. Ара қалай ызылдайды? (з-з-з-з-з-з-з-з) Қыста балмұздақ жеп, тамағымыз ауырып қалды. Тамағымызды қалай шаямыз? (ғ-ғ-ғ-ғ-ғ-ғ-ғ-ғ-ғ) Сюжеттік – рольдік ойындар: «Дүкенші». Кейіпкерлер: сатушы, тұтынушы. ойыншықта (Балалардың р туралы тақпақтары) Машина Үлкенмін ғой міне мен Ойыншықтарды жинаймын Машинаға мінер ем Кабинаға сыймаймын Ойыншықтар Іші толған бөлменің Ойыншығым мол менің Босқа тізіп қоймайсың Келе ғой, дос ойнайық Дімбілмес: -Ой балалар мен сендерге риза болдым Тәрбиеші: Кәне, балалар Дымбілмеске ойыншық сыйлайық, сен оны күтіп ұста, кірлетпе. Дымбілмес: -Рахмет! Мен сендерге құр алақан келген жоқпын, өзімен сыйлықтарымды ала келдім. | |
Просмотров: 4566 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|