Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Экология негіздері, сурет салу Тақырыбы: «Сиқыршы су»
Семей қаласы
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК
Тәрбиешісі Бочарова Ирина Владимировна
Экология негіздері, сурет салу
Тақырыбы: «Сиқыршы су»
Мақсаты:
Балаларға судың қасиеттері туралы түсінік беру. Суды сақтау қажеттілігін түсіндіру. Балаларға өз ойларын жеткізе білуге, сөйлемді дұрыс құрастыруға үйрету. Сөздік қорын молайту, тәжірибе арқылы балалардың су туралы білімдерін бекіту, қорытынды жасауға үйрету. Балаларды әр түрлі әдіспен сурет салуға үйретуді жалғастыру. Сарымсақтың түп тамырымен және поролонмен басып сурет салғызуды, қылқаламның жіңішке жағымен суреттің бөліктерін салуын бағдарлауды үйрету.
Сөздік жұмыс: мөлдір, түссіз
Керекті құралдар: стақандар, қасықтар, су, сүт, қант, сүлгі, тамшы, кеселер, жіңішке қылқалам, бояу, ақ беттер, сарымсақтың тамыры, поролон, үлгі, төсеніштер.
Тәрбиеші: Бүгін бізге қонаққа Тамшы келді. Ол сендерге жұмбақ әкелді.
Тамшы: Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.
Балалар: Су
Тәрбиеші: Жер бетінде сусыз өмір сүретін бірде-бір тіршілік иесі болмайды. Қане, балалар ойын ойнайық. Кім ішуге болатын сұйықтықтарды көп атаса, сол әр дұрыс жауабына тамшы алады.
Балалар: Шай, компот, су, какао, шырын, сүт, кисель.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Қазір біз тәжірибе жасаймыз.
Тәжірибе №1.
Тәрбиеші: Стақанда не көріп отырсыңдар?
Балалар: Су
Тәрбиеші: Оның түсі қандай?
Балалар: Түссіз
Тәрбиеші: Су тағы қандай болады?
Балалар: Мөлдір.
Тәрбиеші: Ал сендер оның түссіз, мөлдір екенін қалай анықтадыңдар?
Балалар: Стақан сыртынан қарадық, бізге барлығы көрініп тұр, ол мөлдір.
Тәрбиеші: Ал судың дәмі қандай? Ішіп көріңдерші.
(балалар суды ішіп көреді).
Балалар: Дәмсіз.
Тәрбиеші: Екінші стақанда не?
Балалар: Сүт
Тәрбиеші: Сүттің түсі қандай?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші: Судың түсі қандай?
Балалар: Түссіз.
Тәрбиеші: Енді тәжірибе жасайық. Стақандарға қасық салып көрейік.
- Екі сұйықтықтардың қандай айырмашылықтары бар?
Балалар: Сүттің түсі – ақ, ал су – түссіз.
Тәрбиеші: Қай стақанда қасық көрініп тұр, қай ыдыста көрінбейді?
Балалар: Су тұрған стаканда қасық көрінеді, сүт тұрған стаканда қасық көрінбейді.
Тәрбиеші: Неге?
Балалар: Өйткені сүттің түсі – ақ, ал су – түссіз.
Тәжірибе №2.
Тәрбиеші: Енді суға қантты қосып, жақсылап араластырайық. Ішіп көріңдер, дәмі қандай?
Балалар: Тәтті.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қант қайда?
Балалар: Еріп кетті.
Тәрбиеші: Енді үшінші стақанға тұзды салып, жақсылап араластырамыз. Енді дәмін татып көріңдерші, дәмі қандай?
Балалар: Ашты.
Тәрбиеші: Балалар, тұз қайда?
Балалар: Еріп кетті.
Тәрбиеші: Қане, балалар, енді бойымызды жазып, біраз сергіп алайық.
Сергіту сәті: Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жусақ егер әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы –
Су дегенің осы.
Тәрбиеші: Ал, балалар, қазір өнер орталығына барайық.
Тәрбиеші: Су қайда болады?
Балалар: Өзенде, көлде, моншада, су қоймаларында.
Тәрбиеші: Суретте судың түсі қандай түспен бейнеленген?
Балалар: Көк түспен.
Тәрбиеші: Балалар, үстелдің үстінде не көріп отырсыңдар?
Балалар: Поролон, бояу, сарымсақ, қылқалам, ақ беттер.
Тәрбиеші: Қазір поролонды алып, көк бояуға матырып, алдарыңда жатқан парақтарға өзен, көл саласыңдар, ал шөпті сарымсақтың тамырымен басыңдар, тастарды қылқаламның жіңішке жағымен салып аяқтаңдар - деп айтады.
Тәрбиеші: Салған суреттерің қандай әдемі, жарайсыңдар.
Тәрбиеші: Дильназ, сен не салдың?
Дильназ: Өзен.
Тәрбиеші: Ерасыл, сен не салдың?
Ерасыл: Көл
Тәрбиеші: Біз суды қалай пайдаланамыз?
Балалар: Сумен тамақ істейміз, ішеміз, жуынамыз.
Тәрбиеші: Біз сендермен суды үнемдеуіміз керек.
Суды үнемдеу ережесін есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.
Су бұрандасын жауып жүріңдер.
Өзен, көлдерді таза ұстаңдар, ластамаңдар.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2014-04-10)
Просмотров: 2571 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2025-06-18, 1:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru