Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің Технологиялық картасы Қостанай облысы, Затобол ауылы, ҚМҚК «Балбөбек» балалар бақшасының музыка жетекшісі: Туленова Алия Сагинбаевна Білім беру саласы:«Шығармашылық» Бөлімдер: Музыка Тақырыбы: «Отбасылық альбом» Ортаңғы топ Мақсаты: ата-анасынын сыйлай,қастерлей білуге баулу.Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін музыка тілімен жеткізуге үйрету. Көрнекілік: киіз үй,төлдер,гүлдер,альбом,қобдиша,керекті әуендер. Билингвальді компонент: қобдиша,отбасы, жайлау Мотивациялық-қозғаушы Тәрбиеші-әрекеті Музыка залына « Марш»Тиличееваның әуенімен жүріп кіреді.Балаларды шеңбер бойымен жүргізіп жеңіл ырғақпен жаттықтырады.Музыка әуені басталғанда балалар еркін жүгіре билейді. Сәлеметпе балалар! Көңіл күйіміз қалай? Жарайсыңдар балалар! Ал енді бүгін бізге келген қонақтардың жағдайларын сұрап амандасып алайық. Сәлеметсізбе апай! Көңіл күйіміз жақсы! Қош келдіңіз бәріңіз Сәлеметсіздерме апайлар! Рахмет балалар енді оқу іс әрекетімізді одан әрі жалғастырамыз.Үстел үстінде сиқырлы қобдиша жатады. Балалар-әрекеті Балалар қатармен кіреді, амандасады. Балалар музыка ырғағымен жүруді, жүгіруді жасауға талпынады. Іздену-ұйымдастырушы - Бүгін балалар мен сендерге сиқырлы қобдиша алып келдім.Бұл қобдишаның ішінде не бар екенін көрейікші.Музыка жетекшісі ішінен отбасылық альбом алып шығады.Бірінші бетін ашады.Бесік тербеткен ананың суреті тұрады. Ән тыңдау: «Әй-әй бөпем» халық әні тыңдайды. «Бесік жыры» айтылады. Әрбір ана сәбиін осылай ұйықтады. Музыка жетекшісі балаларды музыка тыңдауға отырғызады.-Бұл әнде не туралы айтылған? -Дұрыс айтасыңдар ана мен сәбиі туралы. Дауыс жаттығуы: -Жоғары төмен. Ал енді балалар отбасылық альбомның келесі бетін ашайық.Екінші бетте ата мен әженің жайлаудағы суреті. -Бұл суретте балалар сендер кімді және нені көріп тұрсыңдар?Балалар біз енді өзімізді жайлауда жүргендей елестетейікші мен сендерге көмектесейін ауылға алып барайын әжемізге. Ән үйрену: «Әжем» Әннің сипаты қандай балалар? Ән кім туралы? Дұрыс айтасыңдар әже туралы.Әннің көңіл күйін бере шаттана,жарқын айтуға машықтандырады. -Әжеміздің ауылында жайлауда кімдер жайылып жүр? Дұрыс айтасыңдар бұл -төлдер. Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ» Балалар қимылдары көрсетіп, жеңіл ырғақпен жасайды. Дидактикалық ойын: «Дауыстарын ажырат» Тыңдату -Айтыңдаршы балалар қандай төлдердің дыбыстарын естідіңдер? Балалардың дыбыстарды ажыратуды түсіндіреді.Жақсы балалар, сендер әженің ауылында тағы нені көріп тұрсыңдар?Қараңдаршы балалар мында көп гүлдер бар екен. Би: «Гүлдер» биін қыздар билеп көрсетеді.Әуенге ілесіп қыздар қимылдарын көрсетеді. Балалардың іс-әрекеті Бесік жырын тыңдайды. Бұл ән қай кезде айтылатынын ұғынуға тырысады. Дауыс жаттығуының әуенін таза,анық орындайды Әнді үйреніп әуенімен қосылып айтады.Әнді түсіне отырып үйренеді. Музыка ырғағын тыңдап бірге қозғалады Балалар берілген дыбыстарды тыңдап ажыратуға тырысады Қыздар үйренген билерін қайталап көңілденеді. Рефлексивті-түзету -Балалар ,сендер өте жақсы қатыстыңдар,қыздар жақсы биледі.Осымен балалар отбасылық альбомдағы суреттер ұнадыма?Альбомды қобдишаға салып қойяық. -Бүгін біз қобдишадан не көрдік? -Қайда бардық? Кімдерді көрдік?Кім туралы ән тыңдадық? Балаларды мадақтайды,қоштасады. Балалардын іс-әрекеті Балалар қоштасып шығып кетеді.Топқа оралады Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: ананы қастерлей білу керектігін Түсінеді:әнді тыңдай отырып ,әй-әй бөпем деген сөздер не ұшін айтылғанын. Қолданады: музыканы тыңдай отырып әуен ырғағына сай қимыл жасауды. | |
Просмотров: 1181 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|