Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Көңіл көтеру «Күз ғажайыптары»
Көңіл көтеру
«Күз ғажайыптары»

Балалар әуенмен залға кіреді. Әуен бойынша дөңгелене жүгіріп, кілемдегі бос орындарға тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша күз мерекесіне орай – «Күз ғажайыптары» атты ертеңгілігімізді бастайық!
Тақпақтар:
Адина:Ой,алақай,тамаша,
Шашу шашты жапырақ,
Бақтын іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
Маржан:Қарашы күз келді,күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Аиша:Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Жинай берсің халқымыз.
Ерғанат:Берекелі,мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Далада да, қалада да,
Жаңнын бәрі жарқын жүз.
Әльтөре:

«Жапырақтар» өлеңін орындайды.

Орындарына отырады.

Есік қағылады. Хат және сиқырлы таяқшасы бар сәлемдеме келеді.
Жүргізуші: Қане, қане кім бізге мерекеге сыйлық жіберді екен? (қорапты ашып сиқырлы таяқшаны алады) – хатты оқиды. «Құрметті балалар, сендерге мерекеге сиқырлы таяқшаны жібердім! Көп ұзамай келемін. Сендердің сиқырлы Күздерің». А-а, бұл Күз екен ғой оған әртүрлі сиқырлар көрсетуге көмектесу үшін бізге сыйлық жіберген. Ендеше бұл сиқырлы таяқшаны пайдалана отырып, Күзді шақырып көрейікпе?
Балалар: Шақырайық!
Жүргізуші: Қанеки, балалар сиқырлы сөзді айтайықшы – бірақ барлықтарың айтуларың керек.
«Күз, Күз қонаққа шақырамыз!» - барлығы бірге айтады.
Сиқырлы таяқшамен бір сермеп қалғанда, сиқырлы әуен естіледі. Күн күркірейді – жаңбырдың тырсылымен Бұлт келеді.
Бұлт (көңілсіз): Бұл кім екен менің мазамды алған, жұмысыма кедергі болған, егістік пен жер қыста жақсы уйқыға кету үшін мен ең соңғы күркіліммен оларды суардым. Қане ки айтыңдар, кім ол?
Жүргізуші: Ой, бұл мүлдем Күз емес қой, балалар! Бұл қалай болғаны, біз Бұлтты қателесіп шақырып қойыппыз. Амансызба, Бұлт! Балалар Бұлтпен амандасыңдар. - Сәлеметсізбе, Бұлт! Бұлт сен бізге ренжіме ия, біз Күздің жіберген сиқырлы таяқшасын пайдалана отырып Күзді шақырмақ болғанбыз. Бірақ біз дұрыс қолдана алмаппыз, күздің орнына сені шақырып қойыппыз. Ендеше төрлет, біздің қонағымыз бол.
Бұлт: Әрине, біраз бола тұрайын.
Жүргізуші: Ал бізде дәл қазір Тамшылар бар, олар қазір өздерінің билерін көрсетеді.
Би –«Тамшылар»

Бұлт: Қандай тамаша би! Тамшыларың сөз жетпес көңілді, әдемі екен.
Жүргізуші: Бұлт саған қызықты болу үшін бізбен ойын ойнауға шақырамын.
Бұлт: Әрине ойнаймын. Бұл қандай ойын?
Жүргізуші: Бұлт сен қалай ойлайсың, жаңбырдан соң жерде не қалады?
Бұлт: Білмеймін, білмеймін ... . Мен ондайға мән бермеймін, менің уақытым жоқ, мені әрі қарай аспанда жүріп кете беремін. Ал онда не болады, а ?????
Жүргізуші: Ал, қазір біз шалшық жалдай серуендейміз. Аяқтарымыз су болмау үшін калош аяқ киімдерін киіп аламыз.
Балалар: Шалшық

Ойын: Шалшықта серуендеу

Бұлт: Қандай тамаша ойын! Маған қатты ұнады.
Жүргізуші: Бұлт өтінемін, күз мезгілінде сен немен айналысасың, соны бізге айтып берші.
Бұлт: Суық түспей тұрып мен жерді суарып алғым келеді. Себебі жеміс-жидектер ағаштары жеміс беріп үлгеруі керек.
Жүргізуші: Саған қазір балалар ән орындап береді.

Ән ағылшын тілінде жемістер мен көкөністер

Бұлт: Қандай тамаша ағылшын тіліндегі ән! Балалар сендерге көп көп рахмет!
Жарайды балалар менің ары қарай кетуім керек, жұмыстарым күтіп тұр. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Саубол, Бұлт!
Бұлт кетеді.
Жүргізуші: Қане балалар, сиқырлы таяқшамен тағы да сиқырлайықпа? Енжеше, сиқырлы сөзді айтайық «Күз, Күз қонаққа шақырамыз!»
Таяқшамен сермиді, сиқырлы әуен естіледі. Әуенмен Жел ханшайымы келеді.
Жел ханшайымы: Не болып кетті??? Кім менімен ойнап отырған? Өзімнің сиқырлы үйшігімде отырып, хаттарды оқып, сыйлықтар дайындап отырған едім – аяқ астынан осында келіп қалдым, бұл қалай болғаны?
Жүргізуші: Ой бұл неткен ғажап, біз Күзді шақырған болатынбыз, бірақ Жел ханшайымы келіп қалды. Кешіріңіз бізді Жел ханшайымы! Бізден сиқыршы шықпайды екен. Бізге қонақ бол!
Жел ханшайымы: Жарайды, біраз отырайын да қайтайын, менің істейтін жұмыстарым көп.
Жүргізуші: Саған қазір балалар ән орындап береді.

Ән «Жапырақтар»
Жел ханшайымы: Мені қуанттыңдар, балалар! Мен қайтайын! Сауболыңдар!
Жүргізуші: Сауболыңыз!
Балалар, соңғы рет сиқырлы таяқшамен сиқырлап көрейік, егер сиқырымыз орындалмаса – Күзді тосамыз. Өзі келгенде оны қарсы аламыз.
Таяқшамен сермиді, сиқырлы әуен естіледі.
Әуенмен Күз келеді.
Күз: Сендер мен туралы айтып жатырсыңдарма? Мінеки менде сендерге келіп жеттім! Күздік сәлем сендерге достарым! Менімен көріскендеріңе қуаныштысыңдарма? Сендерге орман киімім ұнайма? Мен сендерің мерекелеріңе ән айтып, көңіл көтеруге, келдім.
Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Менің таяқшаммен сиқырлап көріпсіңдерғой. Жарайсыңдар!
Жүргізуші: Ой, біз дұрыс қолдана алмадық. Бұлттың жұмысына бөгет болдық, содан Жел ханшайымын шақырып қойыппыз.
Күз: Ұмытып кетіппін ғой, сиқырлы таяқша менен басқа ешкімді тыңдамайды.
Бірақ сендердің қолдарыңнан келді, еш жаман нәрсе істеген жоқсыңдар.
Жүргізуші: Бұл сенің сиқырлы таяқшаң – өзіңе қайтарып берейік. Біздің мерекеге шақырамыз, бірге көңіл көтерейік. Біз саған би дайындап қойдық.

Көкөністер тақпақтары
Кәусар:
Жәния:
Амира:Пісетін кезім дәл күзде
Мезгілсіз мені үзбе,
Аузыңнан кетпес бал дәмім,
Менің атым шабдалы.
Еркежан:Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басымды иемін.
Нұрай:Мен өрікпін,өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Сабина:Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузыңдамын бар жұрттың.
Нұрали:Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Көкөністер мен жемістер билері
Күз: Мен келе жатқан жолымда жемістер мен көкөністер шашылып жатыр екен,қайсысы көкөкніс,қайсысы жеміс екені белгісіз, сендер ажыратып себетке салуға көмектесесіңдерме.

Ойын «Жемістер мен көкөністерді ажыратып сал»

Балалар екі сапқа тұрып қолдарын жоғары көтеріп арттағы балалар жемісті және көкөкністі алып басынан жоғары алдыңғы балаға беріп себетке салады.
Күз: (2-3 рет осылай орындап, ең соңында екі себетті көкөніспен жеміске толтырады.Ой балалар, сендерге көп-көп рахмет,сендер болмасаңдар мен мына жемістер мен көкөністерді бүгін ажыратып болмас едім.
Жүргізуші:Олай болса қазір балалар сізге арнап ән орындап бермекші.
Тақпақтар:
Раяна:Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Дильназ:Береке бақ дарыған
Жомарткөңіл жарқын жүз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз.
Айым:Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Толтырады қамбасын,
Той жасады халқымыз.

Бежан:Сап-сары маңай
Сап-сары тоғай,
Соңғы ән айтып
Құс кетті қайтып.
Алихан:
Айназ Д:Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі,
Күз әуені төгілді.
Айназ Б:Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Әльтаир:Күздің қазан айында
Алма-алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып.
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Ән «Күз»

Күз:Балалар тақпақтарында әндерінде сондай тамаша,жақсы орындап шықтындар,сендерге көп-көп рахмет!Мен сендерге сыйлық алып келдім – дәм тату.
Жүргізуші: Балалар, бұл алма толы себетті бізге Күз сыйлады. Мейірімді де әдемі Күз, саған рахмет!
Балалар: Рахмет!
Күз: Біз жақсы көңіл көтердік, би билеп, ойын ойнадық. Барлығымыз дос болдық!
Қоштасатын сәт келді, қайта қайтар уақыт келді! Сауболыңдар!
Балалар: Сауболыңыз!
Категория: Дошколенок | Добавил: Rfirf (2016-12-07) | Автор: Доянбаева Мерамгуль E
Просмотров: 834 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2025-07-30, 11:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru