Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
II кіші тобындағы денешынықтырудан ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы : «Денсаулық» Бөлімі : Денешынықтыру Тақырыбы: «Бір қатар тізбекпен баяу және жылдам жүру. « Жылдам ойлан» Негізгі қимылдар: 1. Бір-бірден саптізбекке тұру. 2. Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру. Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Саптізбектен шығып кетпей бір бағытты сақтай отырып, саптізбекте жүре білуді бекіту. Достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Билингвалды компонент: жаттығу-упражнение, бір-бірден-по-одному; Іс-әрекет кезеңдері Нұсқаушының іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушы Ойнауды, жүгіруді және жүруді үйрену үшін, денсаулық алаңына баруды ұсынады (мақсат қою). Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылық тудыру үшін, спорт залының құрал-жабдықтарына көңіл бөледі. Балалармен бірге қимылдарды орындап, үйренетін ертегі кейіпкерін көрсетеді. Спорттық снарядтарды және атрибуттарды зерттеу (қарайды, ұстайды, ойнайды) (2-3 минут). Ертегі кейіпкерінің келуіне және оны ойнауға, жаттығуға шақыруға қатынасын көрсету. Ұйымдастыру-іздестіру Саптізбекке бір-бірден тұруға көмектеседі. Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді. Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады. Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді (бормен салынған шеңбер). Жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді. Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады: 1. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру. 2.Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру. Жүруге арналған бағдарларды белгілеу (сызықты бормен сызу). Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді. Балаларға бастарын төмен түсірмей, арқаларын тік ұстауын естеріне салады. Жаттығуларды орындауын қадағалайды. Балаларды қолдайды және мадақтайды. «Маған қарай жүгіріңдер» ойынын ұйымдастырады. Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру, қатарда өз орнын таба білу. Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады). Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау. Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестендіру). Негізгі әрекеттерді орындау (сапқа тұру және бір-бірден саптізбекте жүру, аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысу, бағытын және тепе-теңдікті сақтау, саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды). Ойынға қатысу ( белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдау мүмкіндіктеріне қуанады). Рефлексивті-түзетушілік Спорттық құрал-жабдықтарды және атрибуттарды жинауды ұсынады. Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ? Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан ертегі кейіпкерімен қоштасуды ұсынады. Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту (Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар және атрибуттарды жинайды). Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді: Мен не істей алдым? Ойын кейіпкерлерімен қоштасу. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: барлығының бірге шұғылдануын. Нені игеру керек: саптізбекте жүру дағдыларын. Нені біледі: саптізбекте жүруді, тепе-теңдікті сақтауды; бір бағытта жүгіруді. | |
Просмотров: 1611 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|