ЭССЕ: «Болашақ педагог моделі» Егер ұстаз өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, - ол – нағыз ұстаз. Л.Н.Толстой
Елбасымыз Н. Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін – өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға» деген. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой - өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті. Ұстаз – барлық білім мен тәрбие беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Ұстаздың негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы ұстаздар ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз жұмысын жетік білетін, баланың шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық – ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс – қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан – жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше біздердің алдымызда ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан – жақты дамыған, парасатты ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Біздің қолымызда адам тағдыры тұр. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан балалармен жұмыс істеу. Сондықтан да бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керекпіз. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру - өмір талабы. Өйткені жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы.
Источник: http://- |