Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Музыкалық - ырғақтық іс - қимылдар - мектепке дейінгі балалар үшін олардың ынтасымен өздігінен жұмыс істеуін дамытуға септігін тигізетін тартымды іс – әрекет. Музыкалық – ырғақтық іс - қимылдар музыканың сипатымен, оның музыкалық образдардың дамуымен айқындалады. Музыкалық - ырғақтық іс -қимылдарға үйрету әдісі педагогтың көрсетуіне және оның шағын нұсқауларына негізделеді. Барлық баланың берілген тапсырманы дәл орындауы жөніндегі жұмыста қимылды дұрыс және дәл көрсете білуі өте маңызды. Балдырғандардың оны орындауына музыка ыңғайымен қимыл жасай білуге талабын тудыратын педагогтың әсерлі сөзі сондай-ақ түрлі ойыншықтарды және ерекше белгілерді пайдалана білуі көмектеседі. Ырғақтың алғашқы көрінісін дамыту, балалардың алғашқы ойын және секірме би қимылдарын меңгеруі сияқты негізгі міндет шешімін табады. Яғни, музыкалық ырғақты қимылдар әсемдік пен қатар баланың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол. Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни, баланың өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды. Ал, музыка әуеніне қозғалу бұл музыкалық ырғақты іс - қимыл. Ырғақты қимыл - бала үшін қозғалыс арқылы өз - өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын. Ырғақты би қимылы тек ептілік, әдемілік , шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Музыкалық іс – әрекетті орындауда тек қана би қимылдары үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері, бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты қимылдар баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақтабандылық, омыртқа қисаю ауруларының алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты іс - әрекет балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады. Музыкалық ырғақты іс - қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың денебітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына музыка жетекшісі мен тәрбиеші көмегімен орындалады. Музыка ырғағымен қимылдау оларды ұжымдық әрекетке, достыққа, серіктестікке және өзара сыйластыққа баулиды. Ырғақты іс - әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың ағзасын нығайтады. Оларға қимылдар жасата отырып ағзасындағы айтарлықтай физиологиялық өзгерістерге қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, тыныс алу мен қан айналымы жақсарады. Көңілді музыка көңіл-күйді көтереді, бас мидың ассоциативті, зияткерлік және ерік процестерімен байланысты жоғары бөлігінің қызметінің белсенділігін қалыптастырады. Музыкалық - ырғақтық іс - қимылдар моториканы қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Балалар біртіндеп жеңіл, мәнерлі қимылдап, өздерін еркін ұстауға үйренеді. Балаларда жеңіл қимылдау, тұрақтылық, ептілік, жылдамдық және екпінді қимылдау сияқты сапалар қалыптасады. Баланың жалпы дамуына есту қабілетінің қалыптасуы мен әуен жетегінде қимылдап қозғала алуын дамыту зор үлесін қосады. Сондықтан неғұрлым балаларды музыкамен жаттығу жасауға, музыкалық ойындар ойнауға, би билеуге, ән - думандар құруға ерте бастан үйретсе, соғұрлым баланың әуенді - ырғақты іс - қимыл - қозғалысын дамыту да жеңілірек, пайдалырақ болады. Әр түрлі жанрдағы әуенге елтіп тыңдай отыра сәйкес қимылдау баланың ішкі сезіміне жағымды ықпал етеді. Мысалы, салтанатты марш әуенін тыңдатса, бала қуанады, жігерленіп, бойын тік ұстап, нық адымдауға, қолы мен аяғының қозғалысын сәйкестендіруге талпынады. Жай, баяу әуенге, керісінше, бойларын босатып, еркін асықпай қозғалуға, жұмсақ басып жүруге ұмтылады. Сөйтіп, бала әсем қозғалуға, бойын сымбатты ұстауға, әсемділікке үйрене бастайды. Денсаулығы мықты, салауатты болып қалыптасуына әуенмен қимылдау жағымды әсер етеді. Әуенді - ырғақты қимыл - қозғалысын дамытудың бастапқы кезеңінде балалардың қимыл-қозғалысы шашыраңқы, сәйкессіз болады. Бірақ күнделікті қайталап жаттығудың негізінде әуенмен сәйкес қимылдау қажеттілігі туындап, балалардың өз - өзіне сенімі нығаяды. Әуенді – ырғақты қимыл - қозғалысын дамытудың іс-әрекет түрлері: әуенмен жаттығу жасау, әуендік ойындар ойнау, би билеу, ән-думан құру. Әуенді- ырғақты қимыл - қозғалысты дамыту ісі басқа дамыту - тәрбиелеу істерімен қатар, әсіресе, дене шынықтырумен тығыз байланысты. Музыкалық ырғақты қимылдарды дамытудың бағдарлық талаптары. Музыкалық – ырғақтық іс - қимылдарды игерудің бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін есепке алумен балалар бақшасында жүргізілген ғылыми - зерттеудің және ырғақтың практикалық ұйымдастырылған оқу қызметінде тәжербиесін қорыту негізінде жасалған. Балалардың жас ерекшеліктері: Табысты жұмыс жасау үшін музыка жетекшісі әр жастың ерекшеліктерін білу қажет. Жас ерекшеліктеріне байланысты дене жүктемесін беру дұрыс болып табылады. Репертуарды қалыптастыруда және тәрбие жұмысының жоспарын жасауда әр жас кезеңінің психологиялық ерекшелігі ескеріледі. Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Мысалы: • Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. • Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. • Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. • Түзу бағытта адымдап жүру. • Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. • Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар ойластырып, шығармашылық таныту т.б. Жас ерекшеліктеріне байланысты ырғақты іс - қимылдарын дамыту әдісі: 1. Бірінші, екінші кіші топтарында музыкалық - ырғақтық қызметі музыканың үніне бүтіндей таза импульстік әрекет түрінде көрінеді. Ол еліктеушілік әрекетімен ерекшеленеді. Үлкен адам баланың орындаушылығын жандандыра түсумен оны көңілді қимыл жасауға мәжбүр етеді. Сөйтіп, қимыл арқылы музыкаға тұңғыш рет эмоциялық жауап беру көріністері пайда болады. Бұл жаста балалардың музыкалық - ырғақтық тәрбиесінің бағдарламасында музыканың сүйемелдеуімен кейбір негізгі қиыншылықтарды: жүру, жүгіру сияқты жеңіл ойын әрекеттерін орындауды және тәрбиешімен ілесе секірме би қимылдарын қайталауды енгізеді. Бұдан басқа ойындар, секірме билер, жаттығулар енгізу белгіленеді, былайша айтқанда, белгілі бір репертуар іріктеленеді. 2.Ортаңғы топтарда ойынның кейіпкерлерін өздігінше «бейнелейді», билейді, қимыл жасау жүйелігін естеріне сақтайды. Көркем қимылдар балалардың музыкаға деген ынтасы мен құмарлығын тәрбиелей отырып, қоршаған орта туралы түсінігін молайтып, көптеген қызықты оқиғалар туралы әңгімелейді, түсінігін байытады, шаттыққа бөлейді. Бес жасқа толған балаларды музыкалық мәнердің мейлінше қарапайым элементтерін ажырыта, сезіне және түсіне білуге, музыканы тұтас күйінде қабылдай білуге, оның әсерін жалпы сипатын сезіне білуге үйретеді. Мысалы, қарқынның, жылдамдықтың және дауысты өзгергіштіктің көмегімен пьессадағы аюдың баяу жүрісін, қояндардың жылдам қимылын бере білуге үйретуге көңіл бөлінеді. Бес жастағы балалар меңгеріп алуға тиісті музыкалық дағдылар мен біліктердің көлемін келтіреміз. Ол: музыканың ерекшелігіне қарай қимыл жасау: жылдамдық бойынша (қатты,ақырын), дауыс өзгерткіш арқылы (жоғары,төмен); бір қалыпты қарқынмен қимыл жасау; музыканың екі бөліміне сәйкес қимылды өздігіне өзгертіп отыру; музыка бойынша бір қалыпты, сергек жүре білу; басты алға қарай иіп тура жүру т.б. Музыкалық - ырғақтық дағдыларды игеру музыкалық ойындармен, қол ұстасып өлең айтумен, секірме билермен, жаттығулармен танысу және оларды үйрену кезінде жүзеге асырылады. Балалар музыкаға қосылып музыкалық ырғақтық іс – қимылдар арқылы сюжетті және сюжетсіз музыкалық ойындарды үйреніп алады. 3.Ересек топтардағы балалардың шығарманы тұтастай қабылдау және қимыл жасау арқылы оның сипатын, көңіл күйін бере білуі мүмкін. Олар қарқынның, жылдамдық ерекшеліктерін, пьессаның екі бөлімді түрінің өзгерістерін (әсіресе қарама - қарсы берілген) тез сезеді, бірақ, егер бала алуан түрлі музыкалық құралдардың мағынасын түсінген болса, жасалатын қимыл барынша мәнерлі бола түседі. Пьессаның саздылылығы ұстамдылық сипатымен ерекшеленеді дейік, жалпы дыбыс шығару баяу, «құпия, қарқыны жіті емес, бірітіндеп ақырындай түседі: мұны түсінген балалар тасада тұрған аңды абайлап қарап алатын сақ аңшылардың образын мәнерлі көрсете алады. 4. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізгенде әдістер мен тәсілдер қолданамын. Дәстүрлі логопедиялық сабақтардан басқа дыбыс айтуды түзететін сөйлеу тілінің лексико- грамматикалық құрылымының бұзылыстарын түзетуде тиімді әдіс- тәсіл- логопедиялық ритмика деп аталады. Логопедиялық ритмика - сөздердің байланысына негізделген әуен мен қимыл және саусақ, сөздік және музыкалық іс - қимыл мен коммуникативті ойындардан құрылған әдіс. Сондай - ақ логопедиялық ритмика- моториканы (жалпы және ұсақ) қимыл- қозғалыс тепе- теңдігі мен сөйлеудегі тыныс алу мен бұлшық ет тонусын қалпына келтіруді дамытады. Логоритмикалық жаттығуларды орындауда балалардың есте сақтауы мен зейіні, есту арқылы қабылдауы және қимыл- қозғалысын жақсы дамытады. Соңғы кезде арнайы мамандар логоритмика балалардың психоэмоциялдық жағдайына ықпал етеді: белсенді, қозғалғыш және тез «ашуланатын» балаларды тыныштандырып, жай балаларды ширатады. Логоритмика кімге пайдалы? Тұтықпасы бар балалар үшін; Тез және өте жай сөйлейтін балалар үшін; Қимыл- қозғалысы мен моторикасы шамалы дамыған. Дизартрия, сөйлеу тілінде тежелуі бар және кейбір дыбыстарды бұрмалап айтатын балалар үшін; Жиі ауыратын және әлсіз балалар үшін; Сөйлеу тілінің қарқынды қалыптасу кезеңіндегі (2,5- 4 жас) балалар үшін. Тіл кемістігі бар балалардың ән мен өлеңмен сүйемелденген қол қимылдарына арналған саусақ жаттығуларын орындау барысында ұсақ қол моторикасын, сөйлеу тілінің мәнерлілігі мен ырғақтылығын дамытуға болады. Музыкалық құралдармен сүйемелденген музыкалық және музыкалық әуенді – ырғақты ойындар сөздік қорын, зейінін, кеңістікте бағдарлай білуін және ырғақты сезінуін дамытады. Сөзді, әуенді және қимылды біріктіру нәтижесінде балалар өздерін еркін ұстай білуге, үйренеді. Олардың ритмикалық қабілеттері жақсарады. Балалар өз қимылын басқара білуге үйреніп, жинақы және мұқият бола түседі. Логоритмикалық жаттығуларды жасату арқылы бала дауысын, тыныс алуын, еске сақтау, байқау қабілеттерін жақсартуға болады. Балалар тілдік жаттығулары бар ойындарға белсене қатысады. Мен сөздік жаттығуларды, өлеңдерді балалардың қол, аяқтарының, денесінің қозғалысын әуен ырғағына сәйкестендіріп таңдаймын. Музыкалық іс – әрекетті орындамас бұрын әуелі балаларға көрсету бойынша әрекет жасаймын, сосын қажетті ырғақпен, сол ырғақта айта немесе әндете отырып, өз беттерімен орындауға үйретемін. Мысалы:«Шар» Тез шарды үрлейміз (қол саусақтарын біріктіру, сосын жазу) Шар үлкейе түсті (жаймен қолдарымен екі жаққа созу) Шар кенет жарылып кетті (алақанын шапалақтау) Желі шығып кетті «алақанға үрлеу) Шар жіңішке, кішкене болып қалды (қолды бір - біріне қосу) «Ешкілер» Міне, көпір! (алақанды алақанға қою) Міне сүзеген ешкі! (тік саусақпен шынашақты алға созу) Қыңыр мен қынар кездесе, сүзіседі( тік саусақ пен шынашақтар 8 рет қосылады) Сүзісті, сүзісті. Төбелесті (алақан саусақтары айқастырылды) Сосын өзенге құлап кетті(саусақтарын төмен, екі тізенің арасына кіреді). Қорыта келе Эмиль Жак Далькроз айтқандай «Музыка және ырғақты іс – қимылдардың көмегімен балалар қоршаған дүниені және өзін-өзі тануға үйренеді, өзінің жаңа шығармашылық қабілеттерін ашады, зейінін, ерік қасиеттерін және тіл табысуын дамытады». Ырғақты іс – қимылдарды орындауда балалардың сезімдері, ойлары, көңіл-күйі, мінез-құлқы көрініс табады. Балаларды еңбекқорлыққа, төзімділікке, ерік күшіне тәрбиелеу, болашақта аталған сапалардың мектеп жасында одан әрі дамытудың алғышарты болады. Ырғақты іс – қимылдар балалардың жағымды эмоцияларын тудырып, адамгершілік сезімінің және эстетикалық мәдениетінің дамуына ықпал етеді. Музыкалық ырғақты іс - қимылмен айналысу балалардың тек қимыл-қозғалыс белсенділігін қанағаттандырып қоймай, оның рухани дүниесін байытады деп айта аламын. | |
Просмотров: 5602 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|