Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
15.00-15.25 тәтті ұйқыдан ояну Сауықтыру шаралары Мақсаты: • Ұйқыдан ояту, төсекте жатып, жаттығулар жасау. • Тұзды, денсаулық жолынан өту. Аяқ ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртымен, ішімен жүргізу. • Арқаға, аяққа массаж жасауды үйрету. • Дене бітімдерінің жақсы болуына байланысты бірнеше жаттығулар жасату. • Есту қабілеттерін жетілдіру. 15.00-15.05 балалар төсекте жатып жаттығулар жасайды. Ал, балалар тұрайық, Ұйқымыздан оянайық, Көзімізді ашайық. Балалар керілеміз, созыламыз. Ең алдымен қолымызды асықпай жоғары көтереміз, түсіреміз. Аяғымызды көтереміз, түсіреміз. Аяғымызды тік ұстап, тіземізді бүкпей, аяғымызды созып, қайшы жасаймыз. Төрт тағаңдап тұрамыз, басымызды төмен түсіреміз. 15.05- 15.10 «Тұзды, денсаулық жолынан өту» Сап бойынша жүру. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру. Қол жан- жақта аяқтың сыртымен жүру. Сап бойынша жүру. 15.00- 15.20 «Ертегілер еліне саяхатқа шығу» Балалар қазір біз ертегілер еліне саяхатқа аттанамыз. Ол үшін жерге отырамыз. Арқамыз тік, аяқтарымыз бірге. Балалар менің қолымда моншақ бар. Моншақтар бірінің соңынан бірі орналасқан. Моншақ біздің омыртқамызға ұқсайды. Омыртқамыз да бірінен соң бірі орналасқан. Егер де біз моншақты тартсақ олар үзіліп, жерге шашылады. Омыртқамыз да сол сияқты тез, шапшаң қозғалысты, соққыны көтермей, зақым алады. Омыртқамыз иілгіш болса, денсаулығымыз да мықты болады. Біз ертегі арқылы омыртқаға жаттығулар жасаймыз. Бір аулада Кряк есімді үйрек өмір сүріпті. Ол суға түскенді жақсы көреді екен. Сол себепті ол үлкен өзенді тауып алуға жолға шығады. «Жүру»- тік отыру, аяғымыз бірге, отырып аяғымызбен жүреміз. Үйрек жүріп келеді, жүріп келеді. Бір алаңқайға тап болады. Алаңқайдың шөбі үлкен, қалың екен. Кряктің бойы жетпей, ол қай жаққа барарын білмей, мұңаяды. Бір кезде ол көбелекті көреді. «Көбелек» тік отыру, аяғымызды жинаймыз, қолымызбен аяғымызды ұстап, көбелекше қанат қағу. Кряк көбелекке көк өзенге апаратын жлды көрсетуді өтінеді, көбелек келіседі. Олар жолға шығады. Бірақ олардың алдарынан жылан шығады. «Жылан»- қарнымызбен жатып, бірінші басымызды, қолымызды , денемізді көтереміз. Жылан Крякқа ұйқысынан оятқанына ашуланады. Бірақ көк өзенге баруға жібереді. Кряк келе жатып торғайды көреді. Торғайдың артынан жүгіреді. «Велосипед»- бірінші біз ақырын, асықпай тебеміз. Содан соң жылдамдатып тебеміз. Кряк торғайдан көк өзенге апаруын сұрайды. Торғай артынан жүгіріп отыр дейді. Кряк жүгіріп келе жатып, шыбыққа сүрініп құлайды. «Шыбық» - арқамен жату, аяқ бірге. Аяқты жоғары көтеру. Бірақ Кряк құлағанына жыламай, өзенге рахаттана түседі. «Арқаға массаж» бір- бірінің арқаларына массаж жасайды. «Тыныс алу жаттығуы» мұрнымызбен демді аламыз, ауызымызбен шығарамыз. Оң жақ таңауды басып, сол жақ таңаумен дем аламыз. Сол жақ таңауды басып, оң жақ таңаумен дем аламыз. 15.20-15.25 «Аяғымызбен ойын» Балалар Крякқа өзенге тез бару үшін не көмектесті? Біздің аяқтарымыз ешқашан ауырмасын, шаршамасын деп аяққа жаттығу жасаймыз. Біз секірдік, біз жүрдік Аяқтарымыз шаршады. Отырамыз, демаламыз Аяққа массаж жасаймыз. Әр аяққа май жағамыз, Аяғымызды сипаймыз, Нәзік қылып уқалаймыз. Енді тырнауыш ұқсап, Бармақтардан өтеміз. Қолымызды аямаймыз, Аяқтарды ұрғылаймыз. Аяқтарды жиырып, Сосын тіктейміз. Рахметті біз айтамыз, Аяқтарды сақтаймыз. Ойын: «Күннің көзі мен жаңбыр» 15.30- 15.35 жуыну | |
Просмотров: 647 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|