Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Тақырыбы: «Ғажайып ойындар әлемі» Мақсаты: Балаларды ертегі әлемімен,ойындар мен таныстырып,тіл байлықтарын дамытып,сөздік қорларын молайту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту,рөлге бөліп ойнатып,эмоциялық сезімдерін ояту. Билингвальді компонент: салеметсізбе-здраствуйте-good morning,кілт-ключ-кеу,телпек-шапочка-сар,жұмыртқа-яицо-еgg Көрнекілігі: Слайдтар,суреттер,фланелиграф тақта т.б. Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын шуақ таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз. Қайырлы таң балалар! Қайырлы таң қонақтар! Тәрбиеші: Балалар бізде бүгін ғажайып күн! Біз бүгін сендермен ертегі әлеміне саяхат жасаймыз.Саяхат жасамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр. Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (Кітап) -Бұл кітап дұрыс айтасыңдар. -Кітап қандай болады? -Кітаптар қалың,жұқа,үлкен-кішкентай болады. -Кітапта нелер болады? -Балалардың жауаптары:Ертегілер,өлеңдер,әңгімелер. -Дұрыс айтасыңдар.Балалар кітаптың бізге беретін пайдасы көп.Кітапты көп оқыған адам білімді,ақылды,көзі ашық,көкірегі ояу болады.Ендеше біз бос уақытымызда көп кітап оқуымыз керек.Ертегілер,әңгімелер,мақалдар,жаңылтпаштар оқып жүруіміз керек. -Балалар бізге сауысқан орманнан хат әкеліпті.Бұл хатта не жазылыпты,оқиық. -Балалар бізде ертегі әлеміне қонаққа шақырып жатыр екен. -Ал ендеше ертегі әлеміне саяхатқа шығайық.Дайынсыңдарма. -Балалармен орманда жүрміз.Бірінші ағашта ілулі екен .Кілтте тапсырма бар екен балалар. 1-тапсырма: -Балалар мына кілт қай ертегіден алынған?Ертегі кейіпкерін табуымыз керек.(ағашқа ертегі кейіпкері ілінеді) -Жауабы: Буратино. 2-тапсырма: -Тапсырманы орындадық енді әрі қарай жүреміз.Екінші ағаштың астынан сандық тауып аламыз.Сандықты ашу үшін тапсырма орындау керек.Үстелдің үстінде жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу керек.(пазл кесу) 3-тапсырма: Әрі қарай тағы жүріп 2 қағаз жатады. Қағазды алып бала үрлейді,1-ші қағазда тауықтың суреті,2-ші қағазда жұмыртқаның суреті.Балалар бұл қай ертегі деп ойлайсыңдар.(Үрлеу) 3-тапсырма: -Дұрыс.Бұл «Шұбар тауық» ертегісінен алынған. Мында шұбар тауықтың жұмыртқасыда бар екен. Балалар рахмет сендерге,тапсырманы жақсы орындадыңдар.Ал ендеше топқа кететін уақытта болып қалды.Балалар топқа келіп өз орындарына отырады. Тәрбиеші: Балалар біз жол жүріп шаршадық.Енді орнымыздан тұрып бір сергіп алайық. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі, Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі. Тәрбиеші: Балалар бізде кім жұмбақ біледі? Айсауле: Өзі жап-жас мұрты бар, Ет пен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйде, Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық) Тәрбиеші: Балалар мында не жатыр? -Балалар,құйрық дейді. -Бұл кімнің құйрығы? -Мысықтың құйрығы Ақбота: «Бұл менің құйрығым» Бірақ бұл құйрығымды орнына келтіре алмай тұрмын.Маған көмек керек.Бұл құйрықты тек қана Мақта қыз ғана келтіре алады. Мақта қыз: Ал сен менің сүтімді қайтарып бер.Сонда сенің құйрығыңды беремін. Тәрбиеші: Балалар сүтті төгуге болама? -Балалар : жоқ дейді. Тәрбиеші: Мысық, сүт бізге оңай келмейді.Сондықтан сүтті қайтару үшін,саған біраз еңбектену керек.Балалар қараңдаршы,мысық сүтті қайтару үшін,мынадай тапсырмалар орындау керек. Фланелеграф театры: Суретпен жұмыс Тәрбиеші: Балалар келіңдер ендеше,осы ертегіні қонақтарымызға сахналап берейік. Сахналау.(Мақта қыз,мысық,сиыр,ағаш,қыздар,дүкенші,тауық,тышқан) шығады. Қорытынды бөлім: Мақта қыз бен мысық: Балалар біз екеуміз достастық бізден сендерге сыйлық.Сендер достармен тату болыңдар. Тәрбиеші: - Балалар , бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ? - Біз қандай ертегілермен таныстық ? - Мақта қыз бен мысық достасты ма? Балалар дұрыс айтасыңдар сендер достарыңмен тату болыңдар. Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар.До свидание.Good by Ересек тобы тәрбиешісі: Танатарова Г.Ш | |
Просмотров: 273 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|