Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Сарыбаева Мадина Камшыбековна , спорт нұсқаушы, жоғары санат «Әсем» бөбекжай – бақшасы» КМҚК, Төле би ауылы, ,Шу ауданы, Жамбыл облысы Мектепалды даярлық «Балауса» тобы Білім беру саласы: «Денсаулық» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру Тақырыбы: Эстафеталық ойындар. «Үлкен жарыс» Мақсаты: Білімдік: балалардың бойындындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттырып қысқы ойындарға қызығушылықтарын ояту. Дамытушылық: балаларды жымдамдық пен ептіліктерін, шапшандық пен төзімділік қасиеттерін дамыту.Лақтыру күшін және көзбен мөлшерлей білуді дамыту. Тәрбиелік: саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; ойын барысында ынтымақтыққа баулу. Оқу қызметінің әдісі: ойын, денсаулық сақтау технологиясы Керек құрал-жабдықтар:2-қасық,2-құрсау,2-шана,2-клюшка,2-шайба,2-шаңғы,2-шелек,2-белгі,күміс қобдиша, сыйлық.Микрофон. Кейіпкерлер:Қар Ханшайымы,Ақ қала. Сабақ барысы: Әдемі безендірілген аулаға шығамыз . Балалар мен аулаға серуендеп шығу. Спорт нұсқ: -Балалар бүгін біз сендермен қысқы эстафета ойындарын ойнаймыз. Қандай суық қыс деген ? Қалтырайды құс деген Құлақшынды кимесең Құлағыңды тістеген Боранның дыбысы шығады. Спорт нұсқ: :-Балалар қандай суық боран тұрып кетті. Бір орында көзді жұмып айналамыз, тоқтаймыз, көзімізді ашқанда алдымызда Қар Ханшайымы және Аққала пайда болады. Қар ханшайымы: -Бұл недеген шу, не деген күлкі? Менің патшалығымда барлығы қысқы ұйқыга кеткен,бәрін қатырып тастағанмын! Кімсіңдер, қайдан келдіңдер? Спорт нұсқ: : -Біз «Әсем» бөбекжай-бақшасының балаларымыз. Аулада серуендеп жүрген едік боран тұрып осы жерге тап болдық. Ал сіз кімсіз? Қар ханшайымы: - Мен Қар ханшайымымын.Ал мынау меңін Аққалам. Балалар: -Бізді қайтадан бөбекжай-бақшамызға жеткізіп салыңызшы. Қар ханшайымы: - Жоқ енді менен оңай құтылмайсыңдар.Менің көңілімді көтеріп беріңдер! Бүгін түнде үлкен намыс дода жарысы түсіме кіріпті! Бөбекжай бақшаға қайтқыларың келсе менің шартымды орындайсыңдар. Сол үшін қысқы намыс доданы ұйымдастырып беріңдер! Орындай алмасаңдар мәңгілік менің мұзды патшалығымда қаласыңдар. Спорт нұсқ: : -Балалар біз бәріміз шымыр, мықтымызғой тапсырмаларды орындаймызба? Балалар:- Біз суықтан қорықпаймыз, тапсырманы орындаймыз! Алдымен екі топқа бөлініп тұрамыз. Бір қатарға тұрып 1-2 –ші деп санап екі қатар шығарамыз. 1топ-Ақшақар. 2топ-Аққала Кіріспе бөлімі: Бір орнында жүру, жүгіру,отырып-тұру,секіру. 1. Тап: Кім көп қарша жасайды. 2. Тап: Қаршаны қасықпен апарып шелекке салу. 3. Тап: «Аттар»Екі бала бір құрсау ішіне тұрып қосақтасып жүгіреді. 4. Тап; «Жылдам өт» /Айналып тұрған үлкен арқан астынан еш жерін тигізбей жүгіріп өту./ 5. Тап: Шанамен жылдам сырғана. 6.Тап: Хоккей(Шайбаны белгілі жерге дейін сырғытып апару.) 7.Тап: Дәлдеп түсір(шайбаны қақпаға дәлдеп түсіру) 8.Тап: Шаңғышылар (Белгілі жерге дейін шаңғыны теуіп қайту.) Қар ханшайымы:: -Ой жарайсыңдар балалар шынымен мықты екенсіңдер,менің шартымның бәрін дұрыс орындадыңдар.Енді мен сендерді б.бақшаларыңа жеткізіп саламын. Ал мыныу Аққала екуімізден сыйлық.(күміс қобдиша конфеттерімен) Боранның дыбысы естіледі. Бәріміз бір орында айналып,көзімізді ашамыз. Спорт нұсқ: :-Балалар көздеріңді ашыңдар караңдаршы Қар патшайымы өзінің сөзінде тұрып бізді б,бақшамызға қайтарды -Қандай қызық қыс деген? Бәрін шебер істеген. Бақша-бауды, таудыда. Бояған ақ түспенен.-деп бугінгі серуенімізді аяқтаймыз. | |
Просмотров: 248 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|