Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Жаңа жылда жаңа нұр»
«Жаңа жылда жаңа нұр»
Мемлекеттік тілдегі топ

Қатысушылар:
Ересектер: Аяз Ата, Ақшақар, Сиқырлы аппарат
Балалар: қоян, түлкі, аю, қасқыр, Аяз Аташалар және Ақшақарлар

Балалар залға жүгіріп кіреді.
«Мерекелік кіру»
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық!
Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін!
Би: «Жаңа жыл»
Тәрбиеші: Балалар біздің жаңа жылға жаттаған қандай өлеңдеріміз бар?
Балалар:
1. Жап жасыл шыршамыз,
Қандай тамаша.
Басында жұлдызы,
Қонады жараса.

2. Ойнаймыз тойлаймыз,
Біздің бақшада.
Ойыншықтар көп екен
Әсем шыршада.

3. Тамаша, тамаша,
Аяз ата келеді.
Әнімізге қосылып,
Бізге сыйлық береді.
4. Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағы да.
Дайындалып жаңа жыр,
Біз күттік сағына.
Ән: «Қыс туралы ән»
5. Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда – жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

6. Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

7. Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиеші : Қала нұр, дала нұр
Бәрі: Құтты болсын Жаңа жыл!
«Хор әні»
Балалар орындарына отырады.
Музыка әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.
Қоян: Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жараңдар, ал қараңдар!
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз Атамыз
Жылды тойлап,
Билеп - ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрге н қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық!
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!

Аңдар полькасы
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ реет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді /Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, Аяз Ата ертегі орманынан біздің балабақшаға жолды таба алмай жүрген сияқты, келіңдер, оны біз дауыстап бір шақырайық!
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата!
Музыкамен залға Аяз Ата мен Ақшақар келеді.
Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай достарым! Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын сендерді! Жақсы бала болып өсіндер, ата-аналарды қуанта беріндер!
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл сендерге қуаныш бақыт әкелсін! Аяз Ата, қарашы қандай әдемі шырша! Кәне, шыршаның шамдарын жағайықшы!
Аяз Ата: Кәне, балалар, көмектесіп жіберіндер, шеңберге тұрындар!
Қуант бізді, таңырқат
Шамдарынды жарқырат! (3 рет)
Шырша жанады
Хоровод: «Шырша»
Аяз Ата: Біз бүгін көңіл көтереміз, ойнаймыз, сендерді жаңа жыл паровозына мінгізіп айдаймыз!
Ойын: «Аяз Ата-паровоз»
Ақшақар: Ал енді, біз Аққала жасап көреміз.
Ойын: «Аққала жасаймыз»

Аяз Ата: Біртүрлі залдың іші ысып кетті, кішкене Аяз Аталарды шақыратын уақыт келген сияқты ма?
Ақшақар: кішкене Аяз Аталар, Ақшақарлар тездетіп келе қойыңдар, Аяз Атаны салқындата қойыңдар!
Жаңа жыл полькасы
Аяз Ата: Сендер маған ән салып бердіңдер, биледіңдер, ал бірақ өлең оқып берген жоқсыңдар!
Өлеңдер
1. Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жаңалық ізде сен.
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.

2. Бұл – шырша, шырша,
Қуаныш жалпыға!
Сүйікті шырша,
Жарқыра, жарқыра!

3. Тәртіпті баламыз,
Түзде де, үйде де!
Тікенмен біздерді
Түйреме, түйреме!

Ақшақар: Көңілді күлкі сыңғарласын, шырша баршаңызды құттықтайды!
Ән: «Шыршаға бардық» (вокалдық топ)
Тәрбиеші: Біз бәріміз бірге жаңа жыл оркестрінде ойнаймыз!
Оркестр: «Қысқы түс»
Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар! Сендер менің көңілімді бір көтеріп тастадыңдар, сыйлық алуға лайықтысыңдар!
Тосын сый (сюрприз): «Ғажайып аппарат»
Аяз Ата: Менде бір ғажайып аппарат бар! Ол менімен бірге балабақшаға келді!
Матамен жабылған аппаратқа жақындайды.
Аяз Ата: Уақытты бекер кетірме, достар сыйлық күтуде!
Қане, қызым, маған қардан бер, сыйлық шығарып аламыз!
Қараңдар, балалар! Біз мұнда қар тастаймыз және мына жерден сыйлық аламыз!
(Ашық жерге қар салады. Аппараттың үстінен Пима ұшып шығады)

Аяз Ата: (Аппаратты тарсылдатады).
Жауап бер, ғажайып аппарат, балалардың сыйлықтары қайда?

Аппарат: Ой! Ой! Ой! Тоқтай тұр! Сен ондай қатты тарсылдатпа!
Мүмкін батареям отырған шығар.
Сен мені жөнге сал, жылыт!

Аяз Ата: (Аппаратты сипалайды). Жарайды, жарайды, атаңа ренжіме, қазір жылытамын !
ҚОСАМЫЗ! ОҚТАЙМЫЗ! (Аппарат түрлі -түсті жарықтармен жанады) . ЖӘНЕ СЫЙЛЫҚТАР АЛАМЫЗ!!! ( Балаларды кезекпенен шақырады, бала ашық жерге қар салады, үстінен сыйлық пайда болады, АЯЗ АТА оны алып балаға береді)

СЫЙЛЫҚТАРДЫ ТАРАТУ

Ақшақар: Біздің Аяз Ата жаңа жылға деген ақ батасын берсін!
Аяз ата: Қуанатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын!
Әумин!

Тәрбиеші: Құрметті, қонақтар, балалар! 2020-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!
Категория: Дошколенок | Добавил: gabur1957 (2020-03-25) | Автор: Коломеец Наталия Петровна E
Просмотров: 263 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:57 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru