Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Мамандығым- Мақтанышым!
Мамандығым – Мақтанышым!
Не сабептен мен тәрбиешілік мамандықты таңдадым? Оның жауабы өте қара-пайым. Бұл мамандық мен үшін жәй мамандық немесе жұмыс емес, бұл менің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай емес. Жаңғыру заманындағы балаларға, өз заманауи талаптарына сай білім беру өте жоғары деңгейді талап етеді. Оған білім, тәжірбие және үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Тәрбиеші үнемі жоғары деңгейде ізденіспен жұмыс жасауы шарт. Біздің мақсатымыз балалардың тәрбиесіне аса көңіл бөліп, оларды алдағы өмір сенімдерін және оқып білім алуға құштарлығын арттыру. Тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысын мерекелік күнге теңей білуі керек. Әр тәрбиеленуші балалардың көңіл-күйіне мән бере отырып, олардың білім алуына құштарлықтарын арттыру. Ата-аналарымен күнделікті кездесу барысында балаларының жетістіктерімен бөлісе отыру. Балалар ата-анасына қандай сезімде болса, тәрбиеші де өзіне сол сезімді сездірте білсе, жұмыс жасау барысы өз нәтижесін көрсетеді деген сенімдемін. Балалардың сеніміне кіре отsрып, еркін тәрбиелеуге, тәртіпке үйретуге көмегін тигізеді. Олар күнделікті өз-өзіне қызмет ету(таңертеңгілік жаттығу, ас ішу кезіндегі ұқыптылықты сақтау, киімдерін тиянақты жинау, оқу құралдарын күтіп ұстау) әр баланың дұрыс қалыптасуына жақсы әсер етеді. Балаларға деген сүйіспеншілікті сезіне білу керек. Әр баланың бойындағы сезімді, өзі үшін және өзінің істері үшін жауапты екеніне мән бергізе білу қажет. Мен күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметімде балаларды мейірімділікке, отбасына, жақындарына, және айнала-дағы қоршаған ортаға құрметпен қарауға мақсатқа жетуге үйретудемін. Олар өз Отанына, үйіне, балабақшаға, ауылына, табиғатына деген сүйіспеншілігін оята отырып, оларды әдептілікке, адамгершілікке, бауырмал-дыққа бар күш жігерімді сала тәрбиелеудемін. Бауыр еті баласының тәрбиесі мен оқуға деген құштарлықта-рын оятып саналы азамат етіп, тәрбиелейді деген сеніммен берген ата-аналардың сенімін ақтау үшін, тәрбиеші бар күш¬ жігерімен жұмыс атқаруы міндеті деп санаймын. Балаларынан күткен үлкен үміттеріне жетуіне ата-ананың басты рөл атқаратының ата - аналарғада жеткізу міндетіміз. Әр тәрбиеші ана, дос, психолог, актер болуы шарт. Тәрбиеші үлкен ізденпаздықпен, қажырлықпен, төзімділікпен, түсіністікпен, жанашырлықпен, адамгершілікпен жұмыс жасауы қажет. Тәрбиеші қызметін атқаруда қазіргі заманғы озық іс-тәжірбиелермен, ақпараттық жаңа технологияларда пайдалана отырып, бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру басты міндетім деп есептеймін. Тамшыдан теңіз құралатындай әр тәрбиеші бала жүрегіне жылулық ұялатып, қабілеті мен дары-нын аша білу керек. Әр адамның мақсаты бар, менің негізгі мақсатым, ол өскелең ұрпаққа бүгінгі күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола ала-тындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсатты орындауда мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек етіп жүрмін «Тәрбиеші - бала жанының бағбаны». Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол-адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі.Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей ақ табылады, өз атын еркін айтады, бала жүрегінен орын аласың. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені болып табылады. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұныұтығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін, шын ниетім, себебі жетер жетістігімде баланың арқасы. Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын да жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы тәрбиеші болғаныма мақтанамын.Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе? », «Қайырлы таң! » деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін. Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс — әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен? . Әрине әрбір оқу іс — әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Сөзімді қорытындылай келе, тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді. Мен үшін күнделікті балабақша балалардың алаңсыз күміс күлкісін, шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп, балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін.
Бабамыз қазақ: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілесің» деп текке айтпаса керек. Міне осы айтқандай, әрбіріміз тәрбиеші, әрі мейірбан анасындай ақыл мен білімді, аналық мейіріммен, даналық үлгіні де жандарына сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болмақ. Бала-мен байланыстырған болашағымыз баянды келешегіміз кемел болсын демекпін. Балалар — өмір гүлі. Баланың зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім.
Категория: Дошколенок | Добавил: shynarkabievna1584 (2020-05-03) | Автор: Жакубаева Шынар Кабиевна E
Просмотров: 252 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-10-13, 5:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru