Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Праздник "Наурыз"
[size=14]МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ «№10 «БАЛ БҰЛАҚ» МЕКТЕП БАҚШАСЫ»
Ересек тобына наурыз мерекесіне арналған мерекелік сценарийі
«Наурыз мерекесі»

Мақсаты:
- балалардың қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейірімділікке тәрбиелеуге, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге тәрбиелеу
- ұлттық салт-дәстүрмен таныстырып, оны терең түсіне сезіне білуге тәрбиелеу
-балалардың тілін дамыту, психикалық қабілетін дамытуға көңіл бөлу

Кейіпкерлер: жүргізуші, Кыдыр ата, Алдар көсе, Күнекей қыз, Айдаһар, Ер Төстік.

Атрибуты: домбыралар, таспалар, жалаулар, арқан, қамшылар.

Репертуар:
• Әндер:
1. «Наурыз біздің жаңа жыл» сл. и муз. Ж. Қалжанова
2. «Қазақы дастарханым»
3. «Балдырғандар әні»
• Билер:
1. «Күн мен түннің теңелуі»
2. «Наурыз» ортақ би
3. Қазақ биі
4. Гүлдермен
• Ойындар:
1. «Арқан тарту»
2. «Әй, жігіт, қам шыңды ал»
3. «Ақ серек, көк серек»
4. «Тақия тастамақ»
Ертеңгіліктің барысы:

Зал украшен орнаментами, шанырак.
Под песню «Наурыз Думан» дети заходят и исполняют общий танец с лентами и домбрами.
Танец «Наурыз Думан»
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестеріміз, көптен күткен Наурыз мерекесі ортамызға қайта оралды.Наурыз – мұсылман қауымының ұлттық мейрамы. Наурыз - жыл басы. Наурыз - ұлыстың ұлы күні!
1 бала:
Наурыз қайтіп оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз.
Үй-дастархан, даламыз-сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз!
2 бала:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де арманда,
Көрмегендер де арманда,
Қызықтан тыс қалмаңдар.
Ата салтын бабамның,
Алып келді Ұлы күн!
3 бала:
Береке бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Жарыса өнер көрсетіп!
Жүргізуші: Тойдың көркі ән дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән «Наурыз – біздің жаңа жыл» балалар отырады
Осы кезде ұзақ ұшып келеді.
Ұзақ: Құтқарыңдар, құтрақыңдар!
Жүргізуші: Ұзақ не болды! Кімді құтқару керек?
Ұзақ: Мен анау таудың ар жағында бізге келе жатқан Қыдыр атаны көріп едім. Ал оның алдына Айдахар шығып еді. Айдаһар Қыдыр атаны бізге жібермей тұр. Ал егер Қыдыр ата қаламызға келмесе, онда Наурыз мерекесі де болмайды. Ал Наурыз болмаса онда көктем де келмейді.
Жүргізуші: Балалар, енді не істейміз. Егер Қыдыр ата болмаса, көктем де басталмайды. Әрқашан да қыс болады.
Ұзақ: Құтқарыңдар! Енді біз не істейміз?
Жүргізуші: Ұзақ, сен ұшып бәрінен көмек сұра мүмкін орта күшпен құтқарармыз Қыдыр атаны.
(Ұзақ ұшып кетеді)
Жүргізуші: Балалар, енді Қыдыр атаны қалай құтқарамыз?
(осы кезде Ер Төстік кіреді)
Ер Төстік: Мен сендерге көмектесемін!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе! Сен кімсің?
Ер Төстік: Мен нағыз батыр Ер Төстікпін. Егер сендерге көмек керек болса. Мен дайынмын!
Жүргізуші: Ал онда балалар, жолға жиналайық, Қыдыр атаны құтқарайық!
(Бәрі тұрып, музыкамен залдан шығады. Залдағы перделер жабылады. Екінші есіктен балалар кіреді)
Кірсе залда орындықтар жоқ болады, орындықтардың орнында көрпешелер жатады. Күнекей қыз залдың ортасында отыр.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!
Ер Төстік: Сәлеметсізбе!
Күнекей қыз: Сәлеметсіңдер ме, жолаушылар, кіріп жайғасыңыздар! Құрметті қонақ болыңыздар! Төрлетіңіздер!
Бәрі отырады.
Күнекей қыз: Мен күн астындағы отырған Күнекей қызбын! Ал сендер кімсіңдер? Қайда бара жатырсыңдар!
Жүргізуші: Біз Балбұлақ балабақшасынан Қыдыр атаны құтқаруға таудың ар жағына бара жатырмыз.
Күнекей: Сендер білесіңдер ме, таудың ар жағында Айдаһар тұрады және тауға жол ұзақ. Сендер бірінші біздің үйімізде қонақ болыңдар, демалыңдар, күш жинаңдар. Мен сендерге дастархан дайындайын. Сиқырлы Наурыз көжеден құяйын. Наурыз көже денімізге ден саулық, күш және жылдамдық береді.
Жүргізуші: Қыздар, Күнекей қызға наурыз көжені дайындауға көмектесіңдерші.
Би: Кәселермен. Бәрі Наурыз көже ішеді.
Жүргізуші:
Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам.

Ер Төстік: Наурыз көже дәмді екен. Расында да Наурыз көжеден күш көбейді. Енді біз айдаһарды міндетті түрде жеңеміз.
Күнекей қыз: Ал күштеріңді және жылдамдықтарыңды тексерейік.
Ойын: Арқан тарту. (жеңген топқа Күнекей қыз айтады)
Күнекей қыз: Сендер Наурыз көжеден көп ішіп алдыңдар ғой!
Жүргізуші: Рахмет саған күнекей Кыз, күштерімізді көбейттің, жылдамдық бердің. Енді біз саған не істей аламыз?
Күнекей: Менің домбырам сынып қалып еді. Егер оны жөндетсеңіз, мен өте қуанышты болар едім.(сынған домбыраны көрсетеді)
Жүргізуші: Күнекей қыз, біз саған жаңа домбыраны және басқа да музыкалық аспаптарды сыйлай аламыз. Балалар, аспаптарымыз қайда. Олармен қалай ойнауды көрсетіңдер.
Ән: Кеш жарық! (балалар жарты шеңбер жасайды)
Әннен кейін балалар аспаптарды Күнекей қызға береді.
Күнекей қыз: Рахмет сендерге балалар! Мен де сендермен жолға барайын, мүмкін көмек керек болады. Және өзімнің қоңыр домбырамды алайын. Өйткені балалар, домбыраның күмбірлеген үннің сиқыры бар. Домбыраның дыбысын естіген жан жақсы болып қалады.
Ер Төстік: Ал енді жолға жиналайық.
(музыка ойнайды бәрі залдан шығады, перделер жабылады. Сосын балалар басқа есіктен кіреді, залда ағаштар пайда болады, ортада Алдар көсе мәсісін жеңімен сүртіп отырады)
Алдар көсе:
Мен Алдармын, Алдармын,
Досымын адал жандардың
Жақсыға талай серік боп
Жамандарды алдадым!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!
Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме!
Жүргізуші: Сіз кімсіз?
Адар көсе: Мен Алдар көсемін, мен жамандарды алдаймын, ал жақсы адамдарға көмектесемін.
Жүргізуші: Сен бізге көмектесе аласың ба? Біз Қыдыр атаны құтқаруға бара жатырмыз. Оны айдаһар бізге жібермей жүр.
Алдар көсе: Ай, ай, ай! Оны калай құтқарамыз? Айдаһар өте қорқынышты ғой!
Күнекей қыз: Алдар сен қорықпа, бізге күш берген – Наурыз көже, Батырлық берген – Ер Төстік, Жақсылық берген – Домбыра. Сен де Наурыз көжеден іш, домбыра туралы ән тыңда. Сонда ешкімді, ешқашан қорықпайтын боласың!
Алдар көсеге Наурыз көжені құяды. Алдар ішеді.
Алдар: Рас күшім көбейді. Ал енді сендер маған домбыра туралы ән айтып беріңдер!
Ән: «Домбырасыз ән қайда».
Жүргізуші: Алдар көсе, Күнекей қыз, Ер Төстік, біздің балаларымыз домбыра туралы ән ғана емес, домбыра шерте алады. Қазір біздің баларымыз қазақтың ұлттық сайысын тартысты көрсетеді.
Тартыс. (екі бала шығады)
Алдар көсе: Қандай жақсы сайыс! Сендерге осындай өнер үшін бір сыйлығым бар. (іздей бастағанда төрт қамшы шығарады)
Алдар көсе: Осы қамшылардан басқа ештеме жоқ!
Жүргізуші: Сен Алдар көсе уайымдама, біз осы қамшылармен ойын ойнайық. «Ей жігіт қамшыңды ал» деген ойны.
Ойын «Ей жігіт қамшыңды ал»
Ойын шарты: Жерге төрт қамшы қойылады. Бес бала шығады. Музыка ойнағанда балалар билейді, музыка өшкеннен кейін балалар жерде жатқан қамшыларды алады. Қамшы алмаған бала отырады. Бір қамшы алынып ойын бір бала қалғанша жалғасады.
Ер Төстік: Ойын өте қызықты, бірақ бізге жолға шығуымыз керек.
Күнекей қыз: Иә, дұрыс айтасың!
Алдар көсе: Таудың ар жағына жетуге аз жол қалды.
Жүргізуші: Ал, балалар, барайық. Туды көтеріп жолға шығайық. Айдаһарға шабуыл жасайық.
Би «Мен қазақпын»
Бәрі залдан шығады. Екінші есіктен кіреді. Кірсе залда Айдаһар мен Қыдыр ата шәй ішіп отыр.
Ер Төстік: Алға! Қоршаңдар оны!
Жүргізуші: Тоқта Ер Төстік! Қарашы Қыдыр ата аман сау болып отыр ғой. Айдаһарға онда неліктен шабуыл жасауымыз керек.
Жүргізуші: Қыдыр ата, сәлеметсіз бе! Ал сіз мұнда не қылып отырсыз. Біз сізді айдаһар ұрлап кетті деп ойладық!
Қыдыр ата: Жоқ, сендер шатасасыңдар! Бәрі жақсы! Мен Айдаһардың үйіне келіп Наурыз мерекесімен құттықтауға келдім. Сендерді де Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бәріне мол бақыт, зор денсаулық тілеймін!
Айдаһар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсізбе Ер Төстік, Күнекей қыз, Алдар көсе. Мен Қыдыр атаны ұрлаған жоқпын. Мен оны шайға шақырдым. Себебі менен Қыдыр атадан басқа бәрі қорқады. Ал маған жалғыз отыруға өте көңілсіз.
Сендер келгендеріңе өте қуандым. Сендер мені қорықпаңдар, мен адамдарды жемеймін, мен тек қана жеміс жидекті жеуді ұнатамын.
Күнекей қыз: Алақай! Енді ешкімге соғысуға керек емес. Енді Наурыз мерекесі міндетті түрде келеді.
Қыдыр ата: Әрине! Бәріміз Наурыз мерекесін тойлайық!
Жүргізуші: Ал Наурыз мерекесі әзілсіз, ойынсыз болмайды.
Айдаһар: Ой, мен ойнауды жақсы көремін, бірақ менімен ешкім ойнамайды.
Алдар көсе: Айдаһар, ренжіме, мен сенімен ойнаймын. Бәріміз бір ойын ойнайық. Ойынның аты «Ақ серек, көк серек».
Ойын: «Ақ серек, көк серек» (балалармен бәрі кейіпкерлер ойнайды)
Ойын шарты: бәрі балалар екі топқа бөлінеді, қарама қарсы қол ұстасып тұрады. Сосын кезек-кезек «Ақ серек, көк серек, бізден сізге кім керек?» деп айтады. Бірінші топтағы балалар екінші топтан бір баланы таңдайды. Сол бала жүгіріп бірінші топтағы балалардың арасына жүгіріп, қолдарын қағады. Егер балалар қолдарын жіберсе, қаққан бала бір баланы алып, өз тобына алып кетеді. Ал егер қағып алмаса сол топта қалады.
Қыдыр ата: Қандай қызықты ойын. Сендер өте күштісіңдер, және тезсіңдер!
Жүргізуші: Ол Наурыз көженің арқасы. Біздің балаларымыз Наурыз көжеден ішіп күшті және шапшаң болып қалды. Ал біздің балаларымыз тағы домбыраның ғажайып үнін естіп ақылды және жақсы балалар болып қалды. Олар саған арнап көп тақпақ жаттап алды.
Күнек
1 бала:
Алақай ауылда Наурыз!
Күлімдеп келіп тұр.
Бәріне базарлық беріп тұр,
Бақшаға береке еніп тұр.
2 бала:
Қанаттары желбіреп,
Келе жатыр құс қайтып.
Нәзік үні елжіреп,
Наурыз келді қуантып.
3 бала:
Су сылдырап, жер көктеп,
Наурыз келсе жыл басы,
Бау-бақша егін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы.
4 бала:
Көктем гүлі сән қосқан сәнімізге
Құстар әні нәр берген әнімізге
«Жақсылыққа жыл басы – Ұлы Наурыз»
Құтты болсын ағайын бәрімізге!
Қыдыр ата: Рахмет сендерге балалар! Ал мен сендерге Наурыз батасын берейін.
Бата:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Құдай жарылқасын!
Бай қылсын,
Бақ қарасын!
Қыдыр дарысын!
Аруақ жебесін!
Жүз бір қатеден сақта!
Мың бір пәледен сақта!
Ізет абырой, бақ-дәулет,
Ризық, несібең арта берсін!
Аумин!
Жүргізуші:
Наурыз тойы!
Құтты болсын халайық!
Қане достар!
Би билеп те берейік!
Би «Наурыз» Үркер группасының орындауында
Айдаһар: Қандай дарынды балалар, менің сендерге сыйлығым бар. (барып тас әкеледі)
Міне!
Жүргізуші: Айдаһар, ол тас қой.
Айдаһар: Иә. Менің үңгірімде одан басқа еш нәрсе жоқ.
Қыдыр ата: Ал осы тасты біз сыйлыққа айналдыра аламыз. Тек қана осы тасқа батылдық, күш, жақсылық тию керек.
Ер Төстік: Мен батылмын, мен осы тасты сыйлыққа айналдырамын. (тасты ұстайды, тас сол қалпында қалады)
Күнекей қыз: Менің Наурыз көжем Күш береді. Мен тасты сыйлыққа айналдыра аламын. (тасты ұстайды, тас сол қалпында қалады)
Алдар көсе: Мен домбырада ойнап тасқа жақсылық беремін. (ештеме өзгермейді)
Қыдыр ата: Ал тасты сыйлыққа айналдыру үшін, ол жетпейді. Оған достық қана көмектесе алады.
(сонда Ер Төстік, Күнекей қыз, Алдар көсе бәрі бірігіп тасты ұстайды. Тасты ақырындап жыртады ішінен сыйлық шығарады)
Жүргізуші: Балалар, қараңдар, достық бізге көмектесті. Көрдіңдер ме, егер біз әрқашанда досшыл босақ, онда бізде тек жақсылық болады.
Балаларға сыйлықтар таратылады.
Жүргізуші: Осымен біздің Наурызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Бәріңізге зор ден саулық, жанұяларыңызға мол бақыт, аманшылық тілейміз![color=blue][size=14]
Категория: Дошколенок | Добавил: Алёка (2011-11-21) | Автор: Альмира E
Просмотров: 4180 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 11:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru