Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

5 – 7 жастағы балаларға арналған ойындар мен оқу іс - әрекеттері
Алғысөз
Баланың таным мен қоршаған ортаны білудегі қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыруға ізденіс ойындары көмектеседі. Әр түрлі елдің педагогтары ресей мен шетелдің дидактикалық құралдарын (Б. Никитиннің дамытушылық ойындарын, Дьеништің блоктарын, «Лего», Кюизенер санау таяқшаларын т.б), технологияларын қолданып, әлемдік білім кеңістіген кеңейтуде.
Қазіргі таңда белгілі бельгия математигі Кюизенер, арнайы таяқшалар арқылы балаларға математика негізін үйретудегі тәжірибесін мектепке дейінгі мекемелердің практикасында кездестіруге болады.
Құрамында әр түрлі санды білдіретін көптеген таяқшалар топтамасы бар. Бірақ барлық топтама өзіне тән бір ортақ принципке жүгінеді:
• Әр түрлі ұзындықтағы барлық таяқшалар тіктөртбұрышты параллелепипед пішінді болып келеді. Оның негізінде қабырғаларының ұзындығы 1см тең шаршы болады.
• Ұзындықтары бірдей таяқшалар бір түспен белгіленген. Топтамада (қорапта) 10 түсті таяқшалар бар, олар: ақ, қызғылт, көгілдір, қызыл, сұр, жасыл, күлгін, көк, сары, тоқсары; ең қысқа, ұзындығы 1см таяқшаны «шаршы» деп атауға болады.
• Әр таяқша алдыңғы таяқшадан 1см артық; яғни ақ таяқша 1 деген санды білдірсе, келесі 2 санын білдіретін түс- қызғылт, 3– көгілдір т.с.с.
Кюизенер таяқшалары үш жастан асқан балалармен жұмыс істеуге арналған. Балалар үйренгенін ұмытып қалмас үшін, іс - әрекеттерді жүйелі түрде өткізген дұрыс.Санау таяқшаларының балаларды қызықтыратыны, олармен жазықтықта тігінен де, көлденеңінен де қойып құрастыруға болады. Бұл, балаларға орындаған модельдерін бір жазықтықтан екінші жазықтыққа ауыстыруына мүмкіндік береді.
Көлемді санау таяқшаларының барлық мектепке дейінгі мекемелерде болмауына байланысты, олардың орнына қатырма қағаздан жасалған жолақшаларды пайдалануға болады. Олардың түсі мен ұзындығы Кюизенер таяқшаларына сәйкес болу керек.
Қатырма қағаз таяқшаларымен өздігінен жабысатын немесе магнитті тақталарда жұмыс істеген ыңғайлы. Олар, балалардың бөлмеде еркін жүруіне, бір – бірімен топ құрып әрекеттенуіне мүмкіндік береді.
Сандарды түс пен көлем арқылы символикалық таңбалау, балаларды санау мен өлшеу үрдісіндегі сан түсінігімен танысуға мүмкіндік береді.
Модельдеу барысында, бала шығармашылық ойлау, қиялдау қабілетін дамыта отырып, нақты заттарды (үй, ағаш, адам т.б) санау таяқшалармен алмастырады. Яғни, баланың шығармашылық танымы қалыптасады. Бұл қасиеттерсіз кез келген әр түрлі мамандық иелерінің әрекеті де мүмкін емес.
Таяқшаларарқылы өткізілетін ойындар мен тапсырмалар, балаларды қайраттылыққа, алға ұмтылуға, өз мақсатына жетуге, өздігінен әрекеттенуге, дербестікке, ұйымшылдыққа, өзіндік бақылауға, жігерлікке тәрбиелейді.
Бос уақытта «Домино», «Кім бірінші сан құрайды?» т.б. коллективті ойындар мен тапсырмаларды орындау барысында, ата – ана мен бала, педагог пен бала арасында интелектуалды тығыз байланыс пайда болады.

5 – 7 жастағы балаларға арналған ойындар мен
оқу іс - әрекеттері

Математикалық ұғымдарды дамыту бағдарламасы

• Көлем туралы ұғымдарын пысықтау (ұзын – қысқа, кең - тар, биік - аласа,
үлкен - кіші).

• Түсі мен көлеміне қарай топтастыру қабілеттерін дамыту.

• Шартты өлшеуіш арқылы өлшеу әдістерін (өлшеу мен түстерді айыру негізінде 10 санының пайда болуын); сандық санау мен реттік санау айырмашылығынбілу, екі топтағы заттарды салыстыру қабілетін меңгеру.

• Модельдеу барысында геометриялық пішіндерді: үшбұрыш, шаршы тіктөртбұрыштың аталуын және айырмашылығын білуді дамыту.

• Кеңістікті бағдарлаумен таныстыру, яғни (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, жанында, қасында)

• Өлшеу мен түстерді анықтау негізінде 10 дейінгі сандар құрамының құрылуымен таныстыру.

• Сандық және реттік санаудың айырмашылығын білуді дамыту.
Қай? Қайсысы? Неше? Қанша? Деген сұрақтарға жауап беруді үйрету.

• Сан құрамы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оның бірліктен және екі кіші саннан тұратын пысықтау.

• Шартты өлшеуіштің көмегімен бүтінді бірдей бөліктерге бөлуді пысықтау.

• Геометриялық пішіндер: төртбұрыштар мен көпбұрыштардың аталуын
пысықтау.

• Кеңістікті бағдарлаудың өзгеруі туралы түсініктерін қалыптастыру.

• Кеңістіктегі заттардың орналасқан жерін сөзбен белгілеуді пысықтау.

Піл

Мақсаты. Балаларға берілген таяқшалардан пілді құрастыру әдісін үйрету; заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды, салыстыру нәтижесін сөзбен айтуды (мысалы: ұзын – қысқалау, ұзындығы бірдей); кеңістікті бағдарлау. Баланың қиялын дамыту.

Қолданылатын құралдар. Түрлі-түсті таяқшалар: 2 ақ, 1 қызыл, 4 күлгін қызыл, 1 көгілдір, 3 сары; шартты өлшеуіш.

Барысы

Тәрбиеші балаларға «Піл» туралы жұмбақты тақпақ оқып береді.

Ата – анаңмен барып сен
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атаулар, зер салшы,
Басталған қай әріптен?
Сұрақтар
– Тақпақ не туралы?
– Пілдің құйрығы қай жерінде орналасқан?
– Пілдің алдыңғы жағында не бар?
– Алдыңғы аяғы нешеу? Артқы аяғы нешеу?
– Пілдің аяқтарының көлемі қандай?
– Мұрнының (тұмсығының) ұзындығы қандай? Құйрығының ұзындығы қандай?

Тапсырмалар
– Қызыл таяқшаны тігінен қойыңдар. Ол қандай санды білдіреді? (Төрт)
– Кызғылт таяқшаны қызыл таяқшаның оң жағына қойыңдар.
– Қызғылт түс қай санды білдіреді? (Екі)
– Қызғылт таяқшаның астына бірінің астынан бірін үш сары таяқшаны
қойыңдар. Сары түс қай санды білдіреді? (Бес)
– Сарытаяқшаның жоғарғы оң жағына ақтаяқшанықойыңдар.
– Сары таяқшаның астынғы сол жағына екі қызғылт таяқшақойыңдар.
Дәл осылай оң жағына қойыңдар. Қызыл жолақтың төменгі бүйіріне ақты қойыңдар. Піл дайын!
– Піл қай жаққа бара жатыр?
– Оны оң жаққа баратындай етіп құрыңдар.
– Оны орындау үшін қайтаяқшалардың орнын ауыстыру керек?
–Ұзын таяқшалардың нешеуін қолдандыңдар?
– Неше қысқа таяқша?

1 сурет

Теңіз толқиды

Мақсаты. Балалардың берілген алгоритм бойынша тапсырманы тәрбиешінің айтуымен анық орындауды үйрету. Өлшеу іс – әрекеттерін пысықтау.

Қолданылатын құралдар.Түрлі-түсті таяқшалар,шартты өлшеуіш.

Барысы

Тәрбиеші балаларға «Теңіз толқиды» ойынын еске түсіруді ұсынады.
Осыдан кейін балалар, педагогтың айту нұсқасымен толқынды құрастырады.
– Онша ұзын емес екі таяқшадан толқын жасаңдар.
– Келесі толқынды оң жаққа орналастырыңдар, бірақ ол біріншіден биіктеу
болу керек. Оған тағы екі толқын қосып құрыңдар.

Сұрақтар:
– Неше толқын болды?
– Қай толқын ұзындау – біріншісі ме, әлде екіншісі ме? Оны қалай білуге
болады? (Өлшеу керек)
– Екінші толқын біріншіден нешеге ұзын? Бірінші толқын екіншіден қаншаға қысқалау?
– Бірінші толқындағы таяқшалар қай санды білдіреді? Екіншітолқындағы таяқшалар қай санды білдіреді?
Жұптасып жұмыс атқару.
– Толқынның биіктігін өлшеңдер.
– Толқындағы таяқшалар қай санды білдіреді?
– Таяқшалардың биіктігі қандай?
2 сурет
Категория: Дошколенок | Добавил: Гулистан (2012-01-19) | Автор: Гульнара Байсалбаева E
Просмотров: 13279 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/8
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 11:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru