Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Жаңа Жылға арналған ертеңгілік «Ертегі әлемі» «Балдырған» мектепке даярлық тобы 2012 жыл қарсаңында Музыка ойналып, екі бала залға кіреді. 1- бала: Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық! Жаа жылды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық! 2- бала: Ертегі әлемі Қандай өзі әдемі, Жасыл шырша жанында, Барлық достар жиналды. Кәне балақай, байқашы, Мән беріп қарашы! Достардың барлығы, Үлгерді ме, санашы. Қалған балалар залға кіріп, шеңберге тұрады. Келді тағы жаңа жыл Қуантумен біздерді Құтты болсын жаңа жыл, Құттықтаймыз сіздерді! Өлең де әзір, ән әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір Кел Жаңа жыл біздерге, Кел Жаңа жыл, жаңа жыл! Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын, деген үн, Қанаттана кең алқапқа тарайды. Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап. Жаңа Жылда келеді, Бізге қарай жылыстап. Тауда туып, тауда өскен Шырша келді ортаға, Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз! Жаңа Жыл, Жаңа Жыл! Жаңалық ізде сен, Жаңа ән, жаңа жыр, Жазып Бер бізге сен. Жаңа Жылды қарсы алып, Жасаймыз біз жылда бір. Жарқын – жарқын ән салып, Жалғасады жырға жыр. Бұл шырша, шырша, Қуаныш жалпыға. Сүйікті шырша, Барлығы: Жарқыра! Жарқыра! Шыршаның шамы жанады. Ән: «Келді бізге Жаңа Жыл» (Балалар отырады) Музыка ойналып залға Фея майшам ұстап кіреді. Фея: - Снип, снап, снуре! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. Бір күні оларды Жаңа Жылды тойлауға шыршаға жібереді. (Фея балалардың қолынан ұстап шыршаның артына кетеді). Кай мен Герда шыршаның артынан қол ұстасып ортаға келіп тұрады. Герда: Кай, Қар Ханшайымы балардың мерекесіне келеді ме? Кай: Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі) Кай мен Герданың қасына екі бала келеді. 1- бала: Шыршамыз, шыршамыз, Көңілдіміз баршамыз. Ән салуға, би билеуге, Біз дайынбыз бәріміз. 2- бала: Ал, балалар, құр тұрмайық, Кай мен Герданы шақырайық. Ән салайық, қол соғайық, Жаңа жылды қарсы алайық! Ән: «Қараңдаршы далаға» (Балалар отырады) Залға Қар Ханшайымы кіреді. - Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді) Артынан Герда жүгіріп: Кай, Кай тоқта! Шыршаның алдына келіп: - Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізесіне отырып жылайды) Фея: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міңдетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді) Фея: Шоқ Жұлдыз, қайдасың?! Шоқ жұлдыз: Мен мұндамын, қандай тапсырма бересіз? Фея: Түсе ғой бері. Мына Гердаға жол көрсетіп жібер. (Жұлдызды алып Гердаға береді) Герда: Кай, мен сені іздеп табамын! (Герданы сыған биіне киіндіру) Залға Қар Ханшайымы кіреді. Қар Ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән? Не күлкі? Мен сендерге көрсетемін. 1- бала: Сенің даусың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз. (Айнәзік) 2- бала: Біз сеннен қорықпаймыз. Сенің суығыңнан да қорықпаймыз. Біз көңілдіміз, өйткені қар атысып ойнаймыз. Ойын: «Қар атысу» (Орындықтардың астынан қар алып, лақтыру) Қар Ханшайымы: Ах, солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаныңдар. Эй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар. Би: «Мұздар» (Би болып жатқанда шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар «қатып» қалады. Қар Ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер. (Мұздардың басынан сипап, таққа барып отырады) Фея: Ой, сұмдық. Мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың аттарын қаттырақ айтып оятыңыздар. (Аналар балалардың атын атап, тірілтеді). Балалар бастарын көтеріп отырады. Фея: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады. Қар Ханшайымы: Ха- ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды. Фея: Бізді қрқытпа, Жаңа Жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсің. Қар Ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Әй, сыған қызы Рада. Кел маған бал ашып бер. (Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады) Би: «Сығанша» (Бидің ортасында Рада кіреді, билейді. Кішкентайлар жерде отырады) Амина мен Еркежанды шығарып, киіндіру) Сыған қызы Рада: Балалардың қолдарын кезек-кезек алып. Ой сен үлкен ғалым боласың. Ал сен ғарышкер болады екнсің, т.с.с Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы, а-а? Қар Ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа Жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер. Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолынан пеште ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды. Қар Ханшайымы: Сен не кеттің өзі? Оңбаған мыстан сыған, кәне жоғал! (Рада шығып кетеді, қыздар орындарына отырады) Қар Ханшайымы (ойланып): Аяз Атаның қолынан пеште еримін бе? Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін. (Кетеді) Герда залға кіреді. Герда: Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, жатып дем алайын (шыршаның астына жатып ұйықтайды). Айқай, шу, ысқырық. Атаманша кіреді. Кішкентай қызының мұрнынан түртіп: Атаманша: Сәлем, қызым! Кішкентай қыз: Сәлем, мамаша! Шешесінің мұрнын шертеді. Атаманша: ( Герданы көріп, тұрғызады) Мынау не қылған қыз? Қолғап, бас киімін қара! Ах, қандай жаңғаққа тойған екен, дәмі қандай екен, көрейін! Кішкентай қыз: Жоқ! Ол менікі. Атаманша: Жоқ, менікі. (Б»р біріне тартады) екеуі таласып жерге Атаманша құлайды. Кішкентай қыз: Сен менің досым боласың, жүр кеттік. (Атаманша тұрып жолды бөгейді) - Ол менікі, бермеймін. Мынаны көрдің бе? (Жұдырығын көрсетеді) Кішкентай қыз: Ах, солай ма? (Атаманшаның басын еңкейтіп, құлағын тістеп алады) Атаманша: Ай құлағым - ай! Оңбаған қыз құлағымды тістеп алды. )Құлағын ұстап, шығып кетеді) Кішкентай қыз: Сен мына орман ішінен кімді іздеп жүрсің? Герда: Мен Кайды іздеп жүрмін. Оны Қар Ханшайымы алып кетті. Мен оны қайдан табамын? Сен маған көмектесші. Кішкентай қыз: Мен білмеймін. Бірақ менің бұғым Бяшка бәрін біледі. - Бяшка, кәне Бяшка бері кел. (Бұғыны есіктен тартып кіргізеді де, пышағымен қытықтап ойнайды. Кішкентай қыз: Күнде мен сені осылай қытықтап ойнаймын ғой, ұнаймай ма? (Бұғы басын шайқайды) Бос болғың келе ме? (Бұғы басын изейді) Онда мына қызды Лапландия жеріне жеткізіп сал. Герда: рахмет саған! (Құшақтайды) Кішкентай қыз: Жарайды! Қойшы, Герда, мен ондайды жек көремін. Ей, анашым, бері кел! Мына қызды бұғыға отырғызып жіберші, ( Атаманша кіреді, бір құлағы байлаулы) Атаманша: (Ыңырсып) Әй, тұра тұр, тон мен малақайды өзімізге қалдырайық. Ал мына шәліні! (Ескі шәліні Герданың басына байлап жібереді) Бірге: Жолың болсын! Герда: Ал, Бяшка мені эскимостарға жеткіз.(Шығады. Шәліні шешу) Герда: Мен әлі Кайды іздеп жүрмін. Фея: Саған тек Ақшақар көмектесе алады. Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық! Балалар: Ақшақар, Ақшақар! Ақшақар: Міне, мен де келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың? Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де қайта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші. Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар Ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр. Кәне тығылайық (Шыршаның артына тығылады) Залға Қар Ханшайымы мен Кай кіреді. (ҚХ таққа отырады. Кай оның аяқ жағына отырады.) Кай: Жан – жағымыз тып – тыныш. Көңілсіз бәрі. (Мұз пішіндермен ойнап отырады) Қар Ханшайымы: Шудан көрі тыныштық жақсы ғой. Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа Жыл ғой! Қар Ханшайымы: Бізге ешкім керек емес. Ешкім келмейді де. Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын. Қар Ханшайымы: Кәне, жап аузыңды. Ыңырсымай қойшы! (Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады) Герда: Кай! Сен мені таныдың ба? Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап менің мазамды алмышы. Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?! Қар Ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды. Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) Ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап, бетінен сүйеді) Мен сені таптым, Кай! Кай: Сәлеметсің бе, Герда!( Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады) Фея: (шыршаның артынан Шығып): Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік. Қар Ханшайымы: Мен ән, күлкі, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха –ха –ха! Фея: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық. Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата: Келе жатырмын. (Есіктің артынан айқайлап ) Келе жатырмын! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыздар ма, қонақтар! - Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл күйлерің жоқ қой? Ақшақар: Қар Ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңды алып, оны пешке ерітіп жіберші. Аяз Ата: Бір, екі, үш, Бері кел пеш! Бір, екі, үш, Қар Ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде, ҚХ айналып, айналып, пешке барып құлайды. Қар Ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын! (Аяз Ата пешті итеріп, шығарып жібереді) Аяз Ата: Міне, Қар Ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық. Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Шыршаның шамын жағайық! Барлығы: Қуант, бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу) Ән: «Шырша жыры» Аяз Ата: Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келе ме? Ойын «Үсітемін» Ақшақар: АязАта, балалар сізге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік. 1. Бар баланың қонағы, Төрлет Ата жоғары. Жұрттың бәрі атадай, Қашан мырза болады. Көрдің бе Аяз атаны, Аппақ екен сақалы. Аппақ екен мұрты да, Аппақ екен шапаны. Тақпақтарды жаттадық, Биде үйрендік, көрсін деп. Аяз Ата шаттанып, Бізге риза болсын, деп. Қалып едік сағынып, Күтіп алдық жабылып. Жолын қойдық жарық қып, Шыршаларға шам іліп. Сақалы аппақ күмістей, Тістері аппақ күріштей. Қызыл ала шапаны, Сағындым Аяз Атаны. Сағындым Аяз Атаны, Орала ма ол енді. Айтар едім өлеңді, Жылдамырақ келсе екен, Бізге сыйлық берсе екен. Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым. Мен де сендерге өзіммен бірге кішкентай Аяз Аталар мен Аққалаларды ала келдім. Кәне, менің достарым. Шығыңдар, билеріңді көрсетіңдер! Би: Аяз Аталар мен Аққалалар (Сыйлық қорап) Отырады. Фея: Аяз ата, сізге арнаған әніміз ба, соны тамашалайық, Ән: «Аяз Ата» (Борандатып...) (ӘН біткенде Аяз Ата шеңбер ішінде қалады) Балалар: Қалып қойдың шеңберде, Жібермейміз ешқайда. Шығармаймыз біз сізді, Ойнағымыз келеді. Аяз Ата: Мен тышқан болып өтемін, Ұшақ болып ұшамын. Су болып ағамын, Құс болып ұшамын. Аяз Ата: Балалар, босатыңдаршы мені! Не қаласаңдар, соны орындаймын. Балалар: Билегіміз келеді. Ал ендеше билейік! «Ламбада» Фея: Аяз Ата, сізбен ойын да ойнадық, би де биледік. Балалар тақпақ, әндерін айтты, осы сіздің сыйлығыңыз қайда? Аяз Ата: А, сыйлық па? Сыйлық бар, қазір табамыз (шыршаның астынан кішкентай ұлуды алып шығады) Міне, сыйлық сендерге. Келе жатқан жыл ұлу жылы ғой. Фея: Жоқ, ондай емес. Ол тым кішкентай ғой. Бізге үлкен ұлу келіп сыйлық берсін. Аяз Ата: Жарайды, таяғыммен сиқырлайын. Үлкен ұлу кіріп, балаларға сыйлық әкелсін! Бір, екі, үш! Залға үлкен Ұлу кіреді. Қоржынында сыйлықтар болады. Соңы. | |
Просмотров: 38059 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|