Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ашық сабақ "Кішкентай ұшқындар"
«Кішкентай ұшқындар»
Мақсаты:
Дәстүрден тыс әдістерді қолдану барысында балаларды мемлекеттік тілде сөйлетіп дұрыс жауап қайтара білуге үйрету: тілдерін дамыту; тілге деген қызығушылығын ояту сайыс арқылы балаларды қойылған сұрақтарға толықтай жауап білуге есте сақтау ойнау қабілеттерін жетілдіру, жан-жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жасыруға , жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Кіріктірілген сайыс сабақ «Қуаныш шеңбері» айналасына топтасқан балалардың бір-біріне айтатын жақсы тілектерімен басталады.
Қуан, шаттаң алақай!
Қуанатың келді күн!
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн!
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер! «Кішкентай ұшқындар» -деп аталатын танымдық сайыс сабағына қош келдіңіздер! Қазір жан-жақты білімдерін, өз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын биік талапты балалармен таныс болыңыздар.
«Жұлдыз» тобы: «Күншуақ» тобы:
1. –Менің атым-Ева 1Менің атым-Анфиса
2. Менің атым-Алина 2. Менің атым-Виолетта
3. Менің атым-Даша 3. Менің атым-Вика
4. Менің атым-Айдана 4.Менің атым-Данил
5. Менің атым-Владик 5. Менің атым-Матвей
6. Менің атым-Руслан 6. Менің атым-Денис
Қай топ сұрақтарға мемлекеттік тілде, дұрыс, нақты жауап берсе топ мүшелеріінің қоржынына бір асықтар саналады, қайсысы көп, сол топ жеңіске жетеді.
-Балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
1. Бәйге бөлімі:
Шарты: Үстіл үстінде жасырып қойған жеміс-көкөністерді топтайды оны атайды және 2 затты әңгімелейді (түсін, пішінін, дәмін).
Сергету сәті:
-Балалар, шаршаған боларсыңдар, енді бір сәт денемізді сергетіп алайық.
Күнделікті сабақта орындайтын сергету сәттерімізді есімізге түсірейікші?
«Аламыз әжемен»
Аламыз әжемен үйге тауықты
Тауық қыт-қыт-қыт
Аламыз әжемен үйге үйректі
Үйрек балп-балп-балп
Аламыз әжемен үйге сиырды
Сиыр мө-мө-мө
Аламыз әжемен үйге мысықты
Мысық мяу-мяу-мяу
Аламыз әжемен үйге итті
Ит аф-аф-аф
Аламыз әжемен үйге шошқаны
Шошқа хрю-хрю-хрю
Аламыз әжемен үйге теледидар
Теледидар уақыт-уақыт-уақыт
Аламыз әжемен үйге тілшіні
Тілші ля-ля-ля

2. Жорға бөлімі (арнайы сұрақ)
Шарты: Балаларға теледидар арнайы сұрақтар қойылады, олар сұраққа толық, нақты қазақ тілінде жауап береді.
а).Мұғалім
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалардың жауабы:
- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы
б).Бөпежан апай
-Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар?
Балалардың жауабы:
Қазақстан Республикасының рәміздері:
-Ту, елтанба, әнұран.
в).Меңгеруші:
-Как называется наш город и детский сад?
-Сендер қай қалада тұрасыңдар және қай балабақшаға барасыңдар?
-Рудный қаласында тұрамыз.
Біздің балабақша «Радуга»
г). Әдіскер
-Кто работает в детском саду.
-Біздің балабақшада жұмыс істейтін кімдер?
-Біздің балабақшада меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші, күтүші, аспазшы, дәрігер бар.
д).Тәрбиеші
-Ребята, назовите дни недели на казахском языке подряд и в разброс?
-Апта күндерін ата
-Балалардың жауабы.
е) Есепші
-Назовите счет до 10 и обратно
-10 дейін тіке, елгері санаймыз.
Музыкалық үзіліс.
-Балалардың орындауында «Тулпарым» әнін қабыл алыңыздар.
3. «Тілашар» бөлімі
Балаларға жұмбақ жасырылады жауабын орыс, қазақ тілінде айтуы керек.
-Не ездок, а со шпорами, не сторож, а всех будит ( әтеш - петух)
-Летит гудит, сядет-замолчит ( ұшақ - самолет)
-Лежит-молчит, подойдешь-заворчит ( ит - собака)
-По горам, по долам ходит шуба да кафтан. ( қой - овца)
-Его бьют, а он не плачет и еще быстрее скачет ( доп - мяч)
-Круглое, румяное, я расту на ветке,
Любят меня взрослые и маленькие детки. (алма-яблоко)
-Серовато, зубато. По полю рыщет,
Телят, ягнят ищет. (қасқыр- волк)
-К нам приехали с бахчи полосатые мячи (қарбыз – арбуз)
-Серый байковый зверюшка, косолапый длинноушка.
Ну-ка, кто он, угадай и морковку ему дай! (қоян – заяц)
-Под крышей четыре ножки, а на крыше суп да ложки (үстөл – стол)

Мұғалім:
Ертең өсіп толамыз,
Жұлдыздарды шоламыз
2030-дың иегері
Мына, біздер боламыз-
Демекші еліміздің болашағы, тәуелсіз елдің тірегі өздеріңсіңдер.
4. Қорытыңды бөлім.
Дода бөлімі:
Шарты: Бұл бөлімде балалар «Дос іздеген Бота» ертегіні сахналайды.
Теледидар экранынан кіші топтаң бір бала сұрақ қояды.
-Балалар мен ертегіні өте жақсы көремін, біреуін көрсете аласыңдар ма?
-Ребята, я очень люблю сказки, сможете ли вы мне показать одну из них?
Балалар дайындалып болғанша «Ертегілер» әні қосылады.
Ертегі «Дос іздеген Бота»
Мақсаты: Ертегі көрінісі арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.көркем сөздерді мәнерімен орындауға бағыттау.
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.
Түйе:
Түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі.
Жан-жағыма қараймын,
Күн мен түнді санаймын.
Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты ұйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы:
-Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді өзің сияқты дос тап.
Бота өзіне ұқсайтың жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.
-Бота, бота, ботамын.
Ақылдымың өзім
Тостағандай көзім,
Әдемімін өзім
Жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді.
(қозы мен лақ гүл жинап жүреді)
Бота: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.
Қозы: -Мә-ә, Мен қошақан қозымын,
Момақанның өзімін.
Лақ: Мен лақпын, қандаймын,
Аппақ болған таңдайым.
Кел, бәріміз дос болайық.
(айналып секіреді)
Бота: Жо-жоқ, сендер сияқты дос емес.
Қозы, лақ: Мүмкін күшік болар. (бота күшікке келеді)
Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін
Күшік (үреді) Гаф-гаф, мен күшікпін Саққұлақ,
Үй күзетем шапқылап.
Дыбыс шықса маңайдан,
Гаф-гаф деймін қаттырақ.
Кел, екеуміз дос болайық.
(айналып секіреді)
Бота: Жо- жоқ, сен сияқты дос емес.
Күшік: Мүмкін мысық болар.
(бота мысыққа келеді)
Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.
Мысық: Мяу-мяу, Мен кәдімгі мысықпын,
Өзім тым пысықпын.
Бәріменен дос болып,
Пырылдаған пысықпың, пыр-р, пыр-р.
Кел, екеуміз дос болайық.
(айналып секіреді)
Бота: Жо- жоқ, сен сияқты дос емес
Мысық: Мүмкін әтеш болар. (бота әтешке келеді)
Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін
Әтеш: Ку-ка ре-ку! Бұрап қойған сағаттай
Айқайлаймын таң атпай
Таңмен ерте тұрамын,
Бәріңді оятамын. Ку-ка-ре-ку)!
-Кел, екеуміз дос болайық.
(айналып секіреді)
Бота: Жо- жоқ, сен сияқты дос емес
Әтеш: Мүмкін балапан болар. Ку-ка-ре-ку!
(бота балапанға келеді)
Балапан: Мен әдемі балапан,
Біліп қой сен, ботақан.
Достарым бар менің көп,кел екеуміз дос болайық.
Жем шоқиық, бір ойнайық
(айналып секіреді)
Бота: Жо- жоқ, сен сияқты дос емес
Балапан: -Мүмкін ара болар
(Бота араға келеді. Ара ызылдап гулге қонып жүреді)
Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін
Ара: -З-З-З, Ұшып келсем қасыңа,
Менен, сен шошыма.
Сен тимесең тимеймін,
Қастығым жоқ, досыма, з-з-з.
Кел, екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.
(айналып секіреді)
Бота: Жо- жоқ, сен сияқты дос емес
Ара ызылдап куа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.
Түйе: -Дос таптың ба, ботам?
Бота: -Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты, ешкім жоқ екен.
Түйе: -Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.
Бота қуанып, адал достары қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, балапанды, араны ертіп келіпті.
Балалар шенбер жасап достық туралы тақпақ айтады.
Дос дегенім жүрегім
Доссыз қалай жүремін
Доспен өмір тамаша
Соңы жақсы білемін.
«Дос болайық бәріміз» әні қосылады.
-Балалар, көп рақмет сендерге.
Енді асықтарымызды санайықшы, қай топ жеңіске жетті екен.
-Өте жақсы, екі топ та бірдей асық, демек екі топ та жеңіске жетті, екі топ та «Кішкентай ұшқындар» болып атандыңдар. Сендердің жауаптарыңа өте ризамын.
Қорытындылау:
Тақтада Қазақстан Республикасының картасы ілінеді.
-Балалар, болашақта Отанымыздың қандай болғанын қалайсыңдар?
Балалар бұл сұраққа картаға әр түрлі суреттер ілу арқылы жауап береді.
Ева:
Отанымыз гүлденсін-гүлдің суретін іледі
Даша:
Астық мол болсың –бидайдың суретін іледі
Владик
-Жеріміз аман болсын –көгіршінін суретін іледі
Руслан:
Отанымды сүйемін – жүректін суретін іледі.
-Балаларымыздың тілегі қабыл болсын! Олай болса құрметті қонақтар, біздің дәстүріміз бойынша, ырымдап балаларымыздың қолындагы бейбіт ұшақтарын көк аспанға ұшыруға руқсат етіңіздер.
Мұғалім:
«Балаларымыздың ұшырған бейбіт ұшақтары әрқашан қазақ жерінде биекте ұсшың» деген тілекпен сабақты қорытады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Зоя (2012-02-17) | Автор: Зауреш Муржакупова E
Просмотров: 8159 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 5:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru