Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Саулеш Каукеновна Агибаева «№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК қазақ тілі мұғалімі Қазақ тілі. Ересектер тобы. Тақырыбы: «Қазақ тілі-өз тілім» Мақсаты: Балалардың білім дағдысын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту, еске сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен еңбек етуге баулу, балаларды салауатты өмірге ынталандыру, қазақ тіліне деген құрметке тәрбиелеу, балалардың білімдерін жетілдіру. Елімізге, жерімізге, Отанымызға деген құрметке жетелеу. Әдіс-тәсілдері: Суретпен жұмыс, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, валеологиялық сергітулер, өлең-тақпақтар. Көрнекілігі: Теледидар, суреттер, музыка, альбом, кітап, үнтаспа. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Шеңберге тұру. Сәлеметсің бе, алтын күн! Сәлеметсің бе, көк аспан! Сәлеметсің бе, жер ана! Сәлеметсіңдер ме, достарым! 2. «Өздері жайлы пікір алмасу» (Доп арқылы) Ал қазір қонақтарға өзімізді таныстырайық. - Сенің атың кім? - Қай қалада тұрасың? - Сен неше жастасың? - Сен қай балабақшаға барасың? - Жылдың қай мезгілі? - Қыс. - Қыстың айларын атаңдар? - Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. - Қыста ауа райы қандай болады? - Қыста күн суық, аязды болады, қар жауады. Осы кезде есік қағылып, Неменешка кіреді. Өзімен бірге сиқырлы сандығын ала келіпті. - Здраствуйте, ребята. Я много слышала о вас и хочу научиться говорить на казахском языке. Сегодня я пришла не с пустыми руками. С собой у меня волшебный сундучок, в котором есть много маленьких секретиков. Разгадав их вы поможете мне открыть самый главный секрет. - Балалар, Неменешкаға көмектесеміз бе? - Иә, көмектесеміз. - Бірқа сіз бізбен қазақша сөйлесуіңіз керек. - Жарайды. - Сандық ішінде не бар екен? Ашып көрейік (бір бала сандықты ашады) Балалар көңілін «Киндер сюрприздің» нөмірлеріне аударамыз. 1-ші тапсырма. Бірінші тапсырмасын тыңдайық, теледидарға көңіл аударайық - Астана қалсына саяхатқа шығамыз. - Біздің Республикамыз қалай аталады? - Отанымыздың бас қаласың атаңдар. Астана жайлы тақпақ айту. Астана арман қала. Бағы бір жанған қала. Тұрады ол жап-жас болып, Мен үлкен болғанда да. Астана жайлы фильмді тамашалайық. 2-ші тапсырма. - Балабақша жайлы не білесіңдер? - Балабақшада қызмет ететін адамдарды қалай атайды? - Меңгеруші, тәрбиеші, күтуші, күзетші, би үйретуші, аспаз, дәрігер. Дәрігер жайлы тақпақ Іш ауырса, тіс ауырса Маған дәрі береді. Барлық бала, барлық ана Оны жақсы көреді. Валеолгиялық демалыс (Уманскийдің әдістемесі бойынша нүктелі уқалау). 3-ші тапсырма. Сандықтан келесі тапсырма алынады. - Келесі қызықты ойынды бірге ойнаймыз. Ойынның аты «Кім шапшаң?» 4-ші тапсырма. - Балалар, сендер жылына екі рет Биологиялық орталыққа қонаққа барып тұрасыңдар. Онда дала, үй жануарларын көресіңдер. Дикие животные – жабайы аңдар, домашние животные – үй жануарлары. - Жабайы аңдар туралы не білесіңдер? - Төрт түлік мал туралы қандай тақпақ білеміз? Түйе малдың үлкені, Жылқы малдың үркегі. Сиыр малдың сүттісі, Қой малдың құттысы. 5-ші тапсырма. -Балалар, Неменешка күзде бақшада не пісетінін білгісі келіп тұр. - Күзде бақшада көкөністер піседі. Олар біздің денсаулығымызға пайдалы (картоп, пияз, сәбіз, қияр, қызан). Қып-қызыл қызан, Бақшада өседі. Қып-қызыл алма, Ағаштан түседі. 6-ші тапсырма «Түрлі түстер» дидактикалық ойыны. Әр баланың алдында түрлі-түсті қарындаштар және қағаз жатады. - Мынау қандай қарындаш? - Мынау сары қарындаш. - Сары қарындашпен нені бояймын? - Сары қарындашпен күнді бояймын. - Мынау қандай қарындаш? - Мынау қызыл қарындаш. - Қызыл қарындашпен нені бояймын? - Қызыл қарындашпен гүлді бояймын. - Мынау қандай қарындаш? - Мынау көк қарындаш. - Көк қарындашпен нені бояймын? - Көк қарындашпен туды бояймын. - Мынау ақ қарындаш, Ақ қарындашпен қарды бояймын. -Мынау жасыл қарындаш, Жасыл қарындашпен жапырақ бояймын. -Мынау қоңыр қарындаш, Қоңыр қарындашпен құмды бояймын. -Мынау қара қарындаш, Қара қарындашпен түнді бояймын. Ұйықтайды. Балапаным тұршы, бетіңді жушы, Айнаға қарашы, шашыңды тарашы. Балалардың орындауында «Отан» әні. Балаларды мақтау, сабақты қорытындылау. Неменешка сыйлығын таратады. | |
Просмотров: 4000 | Комментарии: 4 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|