Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Семей қаласы «№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК Байскакова Д.С., меңгеруші Әдістемелік семинардың тақырыбы: «Экологиялық білім беру саласында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылық құзыреттілігін қалыптастыру» Мақсаты: педагогтардың мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесіне даярлығын жетілдіру. Әдістер: сұхбат, әңгіме, «ми шабуылы», ойын, практикалық жұмыс. Құрал-жабдықтар: альбом, нағыз немесе қолдан жасалған көкөністер, себет, сахналауға арналған атрибуттар, «Табиғат үндері» сериясынан аудиожазба. Семинардың барысы: Шаттық шеңбері «Кімге, неге ұқсайсың?» Бүгін күн жылы болсын Еліміз аман болсын. Әдепті бала болайық Бәрімізде дос болайық. Негізгі бөлім. Бүгінгі таңда жаппай экологиялық тәрбие мен білім беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылдануда. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру экологиялық білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады. Осыған орай, біздің балабақшамыздағы экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты: бала бойында азаматтық көзқарас пен табиғатқа баулу болып табылады. Қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатқа қамқорлық таныту қабілетін дамытуға негізделеді. Антуан де Сент-Экзюпери айтқан мынадай нақты ереже бар: «Таңертең ерте тұрып, жуынып өзіңді тәртіпке келтірсең, онда тез арада өзің тұратын планетаңды да тәртіпке келтір». 1 тапсырма. Экологиялық тәрбие дегеніміз не?(«ми шабуылы» әдістемесі) Экология – кешенді ғылым. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымның балаларына түсінікті әрі қызықты түрде экологиялық білім беруде, экологиялық тәрбиенің мазмұнын іріктеуде мына жағдайларды ескерген жөн: балаларға экологиялық білім берудің мақсаты – жаңа экологиялық ойлау қабілеті бар жаңа типті адамның қалыптасуы. Ол қоршаған ортаға қарасты өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, табиғатпен үйлесімдікте өмір сүре алады. 2 тапсырма. Құзыреттілік дегеніміз не? Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиелеу, дамыту, білім беру деңгейі; жеке тұлға ретінде қалыптасуы, білім нәтижесінің жаңа типі. 3 тапсырма. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Танымдық құзыреттілік қандай мүмкіндіктер береді? -Қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге; -Алға қойылған міндеттерге барабар қызмет тәсілдерін таңдауға; -Алға қойылған мақсатқа жетуге; -Экологиялық білімді меңгертуге; -Сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп-салдарлық байланыстар орнатуға; -Құрастырылымдық іс-әрекеттегі ойды жүзеге асыруға; -Заттарды олардың жалпы түсінігінегізінде біріктіругежәне оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік береді. 4 тапсырма. Достық шеңбері. – Қараңдаршы, сіздердің «алқаларыңда» не бейнеленген. (әр алақанда шегірткенің, құмырсқаның, араның т.б. суреті). Адам шегірткемен де, балықпен де, шөппен де дос бола алады. Бір-бірiнiң қолдарыңнан ұстаңдаршы. Бірге болған қандай тамаша, сезесіңдер ме? Табиғатта барлығы да бiр-бiрiмен өзара байланысты. 5 тапсырма . Жұмбақ шешейік. Балаларға табиғат әлемiне қатысты жұмбақтар шешуді ұсынуға болады, мақал- мәтел айтуға, өлеңдер жаттауға болады: Сулы жердi мекендеп, Құрлықта да секеңдеп. Шыбын-шiркей аңдайды, Жемге қашан жетем деп. (бақа) Қос қанатын иiп ап, Жарға келiп қонады. Қара киiм киiп ап, Балшықтан үй соғады. (қарлығаш) Өсiп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап. Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. (ағаш) 6 тапсырма. «Табиғат аясында» тақырыбында өлең шығару. 7 тапсырма. Экологиялық тәрбиеге байланысты мақал- мәтел айту. Халық даналығы: – Жазықсыз жәндiктi өлтiрме, малға зәбiр көрсетпе! – Табиғатты аялай бiл, көлеңкесiн саялай бiл! – Табиғатты қорғау – Отанды қорғау! – Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ. – Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз. – Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын. 8 Сергіту сәті – Қозғалыс деген – өмір, ол – денсаулық. Билейміз бе? «Қара жорға» биі. 9 тапсырма. «Интервью» рөлдік ойыны – Балалар, кім сұрақ қоятын «журналист» болғысы келеді? Ал кім журналисттің сұрағына жауап беретін «ғалым» болғысы келеді? Әңгіменің тақырыбы «Адам және табиғат». Тәрбиеші «ғалымдарды» үстел басына отырғызады. Ал «журналисттер» орындықтарға отырады. Конференция өткізіледі. Мысалы, «журналисттер» мынандай сұрақтар қояды: – Адамға күн, су, ауа не үшін қажет? – Денсаулығың мықты болу үшін не істеу керек? – Таңертен суық сумен шомылу пайдалы ма? – Егер таңертеңнен кешке дейін суық суға шомылсаң денсаулығың мықты бола ма? (Тәрбиеші балаларға микрофонмен жауап беруді ескертеді де, жауаптарына ризашылығын білдіредi.) 10 тапсырма. «Витаминді себет» ойын-жаттығуы (тәрбиешілерге тарату) – Витаминдер де біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Ал «тірі витаминдер» деген не екен? – Олар қайда өмір сүреді екен? – Адамдарға көкөністер мен жеміс-жидектер не үшін қажет? (Балалардың ой- пікірлері.) – Балалар, қараңдаршы, қандай керемет себет. Аты да қызық екен– Витамин. Ол өзiне әртүрлі көкөністер мен жеміс-жидектерді салғанды ұнатады. Бірақ қазір ол бос. Ендеше, өзімізді де, себеттi де қуантып, оны толтырайық. Қандай көкөністерді салатынымызды келiсiп алайық. Әр көкөніс туралы тәрбиеші балалардан сұрай бастайды: – Мына көкөнiстi себетке саламыз ба? (Тәрбиеші себетке қолдан жасалған немесе нағыз көкөністі сала бастайды.) Кішкентай Бұршақ мақтаншақ, Ұшып тұрды аттан сап: – Мен сондай жақсы жасылмын, Бірақ та, мырза, асылмын! Керек пе, қазір жинаймын, Бұршақпен түгел сыйлаймын. Тәрбиеші: Қызарып жүзі қызылша, Сөйледі сол кез Қызылша: – Бөсе берме босқа сен, Қатарға сені қоспас ем. Менің жолым бөлек тым, Борщқа аса керекпін. Өзің-ақ жей бер бұршақты, Қызылшамын шын тәтті! Шыдай алмай сол тұста, Айқай салды Орамжапырақ: – Сендердікі бос шу шығар, Орамжапырақтан жақсы щи шығар. Сүйеді бізді көжек те, Таласу текке қажет пе? Қияр да қарап қалмады: – Қиярдың тұзсыз бал дәмі! Айтысқа түсіп сол маңда, Ақтарды сырын Шалқан да: – Қайтейін текке мақтанып, Жейді ел мені шаттанып! – Ұмытпа, достар, Сәбізді, Витаминім бар ізгі. Мені сүйіп кім жесе, Қуаты артар мың есе! Тәрбиеші: Қызанақ та лепірді: – Кім бар менен өтімді? Бөсе берме, Сәбіз сен, Ең керекті нағыз мен. Күш-қуаты қомақты, Сүйеді ел томатты! Қалмады қарап Пияз да: Маған деген сый аз ба? Барлық асқа қосылам, Бағамды біл осыдан! Суырлып алға сол топта, Мақтанып қалды Картоп та: – Картопсыз елдің күні жоқ, Түсініңдер мұны көп! 11 тапсырма. Жаттығу «Табиғатқа көмектесеміз» – Бүгінгі серуенде бізді маңызды істер күтіп тұр. Мына жасыл жәшікте табиғаттың кішкентай көмекшілеріне арналған саймандар бар. Қандай саймандар екенін серуендеп жүргенде білесіңдер. Жәрдемші дәрігер мейірлі, Аударғын бізге зейінді. Саяхатқа шығамыз, Сауық-сайран құрамыз. Табиғатқа көмектесеміз, Жақсылық жасап неше біз. Құстадың салып ұясын, Береміз дәннен сый асын. Су сеуіп нәзік шөптерге, Жиямыз гүлдер дәптерге. Риза қылып ананы, Тазартамыз қораны. Содан соң шығып қойнауға, Кірісеміз ойнауға. 12 Шығармашылық тапсырма «Туған жерім – алтын бесігім» (коллаж жасау). Жерімізді әдемілеп, туған жерге деген махаббатыңызды, сүйіспеншілігіңізді суретте көрсетіңіздер. 13. Рефлексия «Арал» | |
Просмотров: 4621 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|