Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Карлсон балаларда қонақта
М.М №10 «Бал бұлақ» мектеп-бақшасы.

Ортаңғы топқа арналған
денешынықтырудан
ойын - сауық

Тақырыбы: «Карлсон балаларда қонақта».

Дайындаған:
Тәрбиеші Женисова Жаннур
Кабылбековна

Мақсаты; Балалардың көңіл-күйлерін көтеру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Қимыл қозғалыстарын жетілдіре отырып, қимыл қозғалысқа тән ойындарды бірігіп ойнауға үйрету. Құралдар; Еңкіш баспалдақтар, доптар, шарлар, 2 жаттығу орындығы.

Ойын- сауықтың барысы:
Тәрбиеші балаларды денешынықтыру бөлмесіне кіргізіп, бір қатарға бір-бір деп тұрғызады. Бөлмеде көңілді, шулы дауыстар естіледі. Кәне қарайық! Балалар бізге Карлсон мен Бөбек қонаққа келіп екеуі ойнап жүр екен. Тәрбиеші тоқтап олармен амандасады. Ал Карлсон мен Бөбек балаларға қарап көңіл аударады. Карлсон: Мұнда ақылды, жақсы балалар көп екен, кәне алысайық! Тәрбиеші: Тоқта, тоқта! Сіз бірінші балалармен амандаспайсыз ба? Сізге амандасу керек екенін үйреткен жоқ па? Бөбек: Сәлеметсіздер ме? Карлсон: Дендерің сау болсын, құрбыларым!. (әр баланың қасына жеке-жеке барып, олардың қолдарынан ұстайды). Карлсон: Мен доппен ойнағанды ұнатамын, өйткені менің балалық шағымда ондай доп болған жоқ. Тәрбиеші: (балаларға көңіл бөлу). Балалар, менің ойымша кім екенін білесіңдер? Балалар: Иә! Бұл Карлсон мен Бөбек. Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, біз енді Карлсон мен Бөбекке доп туралы тақпақтар айтайық. 1 бала: Менің көңілді добым Сен қайда домаладың добым? Қызыл, көк, көгілдір Жете алмаймын мен саған.
2бала: Бізде жаңа доп бар Біз сағат бойы ойнаймыз: Мен лақтырамын сен ұста, Жерге түссе- қағып ал(көтеру).
3бала: Көңілді, әдемі добым менің Барлық кезде, барлық жерде Сен үнемі қасымдасың Бір, екі, үш, төрт, бес Маған сендермен ойнаған ұнайды.
Бөбек: Өте жақсы, балалар мен жаттауға тырысамын. Карлсон: Отырып қалдық қой, кәне аралайық, ойнайық? Менің соңымнан жүріңдер. Қатарға тұру; Біз бүгін ерте тұрдық (орында тұрып жүру). Кәне жаттығулар жасайық: Қолымыз- жоғары, қолымыз- төмен! Оңға солға бұрыламыз?!
Біз жауырынды бүгіп Аяқтың басымен жүреміз. Содан кейін қатар-қатар айналып жүреміз. Ақырын жүреміз, түлкі сияқты. Егер де жалықсақ, Ормандағы аю сияқты Қорбаңдап жүреміз.

Үлкен шеңбер болып тұрамыз: Барлығымыз бір адым алдыға Бір, екі, үш, төрт!(орында жүреміз). Ұйымшылдықпен жаттығу жасайық (орында жүру). Қолымыз жоғары, аяғымызды алшақ Солға, оңға, бұрылу. Алдыға, артыңа еңкею!
Карлсон: Бәрекелді, балалар! Жаттығуды бәріміз жақсы орындадық . Кәне енді «Маймылдар» ойынын ойнайық. Еңкіш баспалдақтан өрмелеп жарысайық. Ойын шарты; Бұл ойында екі бала қатар, тәрбиешінің белгісі бойынша бастайды. Балалар екі топқа бөлінеді, екі топтың балалары бір-бірден шығып екеуі қатар бір, екі, үш дегенде өрмелеуді бастайды, жоғары, төмен. Сөйтіп, қай топ бірінші болып бітірсе, сол топ бірінші орынға ие болады. Осылай балалардың барлығы болғанша ойын жалғаса береді. Қимылды ойын жаттығулары біткен соң қозғалмалы қимыл ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның аты: «Айдаһар». Ойын шарты: Балалар қатарда бір-бірден тұрады. Карлсон мен Бөбектің артынан қолымызбен алдымыздағы балалардың белінен ұстаймыз. Барлығы қатарда – «Айдаһар», бірінші қатарда Карлсон – «басы», аяғында «құйыршығы» болады. Тәрбиешінің белгісі бойынша: «Ұста!» «басын». Ол өзінің құйыршығын ұстап алуы тиіс. «Басы», «Құйыршығын» ұстағанда қатардың (колоннаның) аяғына жетеді. Әр бала Айдаһардың басы болмайынша ойын әрі қарай жалғаса береді. Ойынды жақсы, дұрыс айнала білуін, керек кезде қимылды дұрыс орындағаны үшін балаларды мақтайды. Жақсы денешынықтыру қабілеті үшін Карлсон мен Бөбек балаларға үрленген шарларды сыйлық ретінде таратып береді. Қимылды ойын: «Қорқақ қоян», (Ойын тепе-теңдікке арналған). Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлініп тұрады. Жаттығу орындықтарын пайдаланамыз. Бір топ өзеннің арғы жағында, екінші топ өзеннің бергі жағында тұрады. Арғы жағынан бері өту үшін екі ортаға жаттығу орындығын қоямыз. Осы орындықтан құламай үстімен бергі жағына өтулері тиіс. Кім құлап кетсе ол бала ойыннан шығады. Ойын осылай жалғаса береді. Балалардың барлығы өткенше. Ойын соңында жақсы ойнаған балаларды мадақтайды. Ойын – сауықтың соңында Карлсон төбеде Балшекер қайнатып жатқаны есіне түсіп, балалармен және Бөбекпен қоштасады. Карлсон балаларға және Бөбекке қонаққа тағы да ұшып келетінін айтады. Балаларға кетер алдында мынадай тілек айтады: Таңертеңгілік жаттығуды күнделікті жасаңдар, шынығыңдар және бассейінге барыңдар,- дейді. Карлсон: Кездескенше, сау болыңдар! Бөбек: Маған да үйге қайту керек, шешем іздеп қалады. Тәрбиеші: Балалар, жақсы қатыстыңдар ма? Енді сендер топқа қайтуларың керек. Тәрбиеші балаларды қолдарыңдағы шарларымен топқа алып кетеді.
Категория: Дошколенок | Добавил: Ирина8627 (2012-03-15)
Просмотров: 2861 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 7:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru