Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету. «Тұсау кесу»
М.М. №10 «Бал бұлақ» мектеп бақшасы.

Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету.

«Тұсау кесу»

Дайындаған: тәрбиеші: Жеңісова Ж.Қ.


Тақырыбы: «Тұсау кесу салтын көрсету»
Мақсаты: 1. Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру одан әрі жалғастыру.
2. Балаларға салт-дәстүр «тұсау кесуді» көрсету.
3. Ата-баба дәстүрінде тәрбиелеу.
Құралдар: ала жіп, қуыршақ, табақ, қайшы, шашу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші балаларға Ақ әженің жазған хатын оқып береді. Онда былай деп жазылыпты. Сәлеметсіңдер ме балаларым, бүгін менің немеремнің тұсауын кесемін, соған сендерді шақырамын сәлеммен Ақ әже.
Тәрбиеші: Балалар, Ақ әженің үйіне барамыз ба? Иә дейді балалар. Онда кеттік. Балалар арбаға мініп Ақ әженің ауылына келеді. Балаларды Ақ әже қарсы алып үйіне шақырады.
Ақ әже: Балалар, бүгін менің немерем Әли 1 жасқа толды. Бала 1 жасқа толғанда ата-анасы баланың тұсауын кеседі, яғни, жаңа жүрем,-деп жүрген баланың күрмеуін шешу керек,- деген сөз.
Тұсауы кесілген бала тез арада жүріп кетеді, тұсауды ауылдың шапшаң жасайтын, шапшаң жүретін адамына кестіреді.
Алдын-ала ала жіп, ол біреудің ала жібін аттамасын деген сөз,-дайындалады. Ала жіпті баланың аяғына байлап содан соң қайшымен кеседі. Екі адам баланы қолынан ұстап, ақ матаның үстінен жүргізеді. Ақ мата баланың жолы ақ болсын,-деген сөз.

Тұсау кесу жыры айтылады:

Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадамыңа мәз балам,
Тұсауыңды шешейін,
Күрмеуіңді кесейін.

Бөпем бүгін қаз басты.
Бөпем бүгін қаз басты.
Тәй-тәй!
Көп-көп емес аз басты.
Тәй-тәй!
Өзі мәз боп күледі.
Тәй-тәй!
әлі-ақ жылдам жүреді
Тәй-тәй!

Қаз-қаз балам.
Тұңғыш рет қаз тұрдың
Құтты болсын қадамың
Ата-анаңды мәз қылдың
Айналайын қарағым.
Еш уақытта таймасын
Таудан, тастан табаның
Жүрген жерің жайнасын
Гүлдеріндей даланың.

Балалармен бірге жатталады.

Сабақты қорыту: Балалар бүгін біз сендермен қайда қонаққа, кімге бардық? Дұрыс. Ақ әженің ауылына. Қандай салт-дәстүр көрдік? Дұрыс: Тұсау кесу дәстүрін.
Категория: Дошколенок | Добавил: Ирина8627 (2012-03-15)
Просмотров: 16226 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.2/9
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 7:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru