Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Коршаған орта мен таныстыру сабағы "Жер әлем"
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ЖЕР ӘЛЕМ.
Жазып және өткізген Керимхан Еркегүл мектепалды даярлық сыныбы
САБАҚ МАҚСАТЫ: Балаларды жер әлемінің құдіретімен және ғаламшармен таныстыру.
Су мен ауаның қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы табиғат құбылысының сырын байқай алу,сезіну қасиеттерін ояту.
Табиғат-Анаға қомқорлық, аяушылық жасауға тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІК: қапшық, су, мұз, қайнап тұрған су күйін пайдалану.
САБАҚ ТҮРІ: Кіріктірілген сабақ (айналамен танысу, мүсіндеу,көркем әдебиет)
ӘДІС-ТӘСІЛІ: Сұрақ-жауап, көрсету,қайталау,баяндау.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1.Ұйымдастыру (амандасу,сабақтың басталғанын айтып балалардың назарын өзіме қарату)
2.Шаттық шеңбер. а)«Арайлап таң атты»
ә) Жақсы көңіл күй сыйлау.
3.Жаңа сабақ түсіндіру.
а) қайталау
ә) Д ойын
б) сергіту сәті
Ал енді балалар сабағымызды бастайық. Өткен сабақты есімізге түсіріп,сұрақтарға жауап берейік.
Тамаша қандай ақылды едіңдер,енді мен сендерге тақпақ оқып берейін сендер мені мұқиат тыңдаңдар.
Су ағып сай саладан,
Тасып өзен толады.
Құстар кеп ән салады,
Бұл қай кезде болады?
- Иа бұл көктем.
- Көктемнің өзіне тән қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Не үшін біз «көктем көрікті» деп айтамыз?
- Мына суретте қандай көрністерді көріп тұрмыз?-деген сұрақтарға жауап алынған соң жаңа сабаққа көшеміз.
- Балалар, табиғат дегеніміз не?
- Бізді қоршаған ортаны айтамыз.
- Оған не жатады.
- Бізді қоршаған ортаға жер, су,аспан,тау,жануар,адам,өсімдік жатады.
ТОСЫН СӘТ.оқыс есік қағылып, топқа өзі жүретін сиқырлы қапшық кіреді.
-Ой, балалар,біздің сыныпқа сыйқырлы қапшық келіпті,кәне ішін ашып не барын көрейік? (ішінен ғаламшар мен хат шығады)
-Балалар,мына бір шарға ұқсас заттың не екенін білесіңдер ме?
Бұл ғаламшар,біздің жеріміз де осы сияқты домалақ. Ал осы ғаламшарда жер әлемін, қалаларды,өзен-көлдерді,тау-тастарды суреттеп бейнелейді. Оның түсі көк себебі жеріміздің көп бөлігі судан құралады,ал қоңыр түсі таулар мен тастар.
Кенет дауыс шығады. (алдын-ала үн таспаға жазылған)
Сыныптың іші қараңғы тарта бастайды.
Табиғат пен тіршілік.
Көк түтінге тұншығып.
Аяқ асты тапталып,
Жатыр қанша гүл солып
Ей,адамдар,күн мен гүлден жаралған
От сезім мен мейірім содан таралған
Зор қайғыдан күрсінеді, ах ұрады дүние,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,сонда болар кім ие?
-Ой, балалар бұл табиғат ананың даусы ғой, адамдар табиғатты аяусыз таптап жатқанына,ренжіп бізден көмек сұап тұр екен, көмектесеміз бе?
Кәне барлығымыз табиғаттың құдіретімен амандасайық мүмкін көмегі болып қалар?
Армысың қайырымды қара жер!
Армысың таза мөлдір су!
Армысың шұғылалы алтын күн!
Армысың мейірімді аспан ата!
Сол сәтте сынып ішін басқан тұман сейіліп,жарық сәулесін шаша бастайды.
Балалар менің сенднрге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр,
Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Адамзат, жан-жануар арасында.
Мәңгілік өсіп,өніп өмір сүрген.
Бұл не?
-Бұл біздің Жер Анамыз.
Міне балалар сендердің табиғаттың құбылыстарымен амандасып жұмбақтың шешуін тапқандарыңа дән риза болып барлығы ояна бастапты, (судың сылдыры,күннің жылуы т.б.)
Енді өлең шумақ жолдарын айтып берейік.
Өмірдің өзегі,
Өңірдің өзені!
Сусыз жер өмірсіз
Сусыз жер өңірі тұз.
- Балалар су туралы не білесіңдер?
- Суды ішеміз,жуынамыз,өсімдік пен жануарларға береміз.
- Су қандай болады?
- Су ащы және тұщы болады.
- Суды ластауға болмайды.
- Өте жақсы ,су сендерге дән риза. Енді тәжірибе жасап, судың қасиеттерімен танысайық.
- Балалар су күйі үшке бөлінеді. Оны қазір көреміз.
- Мынау ыдыстағы кәдімгі су. Суда түс болмайды,оны ұстай алмаймыз бірақ ыдыстан ыдысқа құюға, шалпылдатуға болады, бұл судың сұйық күйі.
- Су күн суық болғанда қатып қалады, осы судың қатты күйін мұз дейміз. (мұздатқышта қатырып әкелген мұзды балаларға беріп бақылау жасатамын)
- Мына қайнап жатқан шәйнектен шыққан күйін бу дейміз. Бу тамшыға айнала алады.(көрсету)
- Су сонымен қатар дәмсіз,түссіз,иіссіз болады. Жәнеде балалар біз сусыз өмір сүре алмайтынымыз сияқты ауасыз да өмір сүре алмаймыз кәне тәжірибе жасап көрейік.(мұрнымызды,аузымызды басып көрсетеміз)
Жер шары дәу әлем
Қоршаулы ауамен
Ауасыз кім шыдар,
Ауасыз тұншығар.
- Адамға ауаның пайдасын енді білесіңдер,адамға ғана емес өсімдіктер мен жан-жануарларға да өте қажет.
- Енді бәріміз тапталған жер анамызға шөптердің суреттерін бейнелеп берейік,
- Көрме.Барлығым бір-біріміздің суреттерімізді бағалайық,
- Міне балалар табиғат анамызды ренжітпей әр қашан да құрметтеп,аялап жүрейік.Саяхат жасағанда, саябақта қыдырғанда, көшеде кетіп бара жатқанда Жер Анамызды қоршаған ортамызды ластамай жүруді есімізден еш уақытта шығармайық.
- Осымен сабақ аяқталды балалар сендер ақылды ғана емес әрі керемет суретші екенсіңдер.
- Келесі сабаққа дейін сау болыңдар
- Үлкен шеңбер жасап Шаттық шеңберімізді жабайық.(сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп,бір-бірін бағалап келесі сабпққа дейін аман-сау болуларын тілесіп сабақты аяқтаймыз.
Категория: Дошколенок | Добавил: Ерке (2012-03-16) | Автор: Керимхан Еркегуль E
Просмотров: 4017 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 7:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru