Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалаларына саяхат. Мақсаты: Қазақстан Республикасының қалалары туралы алған білімдерін тереңдетіп,жаңа түсініктер қалыптастыру. Туған қаласына, жеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімге баулып, дамыту. Балалардың сөдік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру,есте сақтау қабілетін дамыту,қөңіл-күйлеріун көтеру. Тазалыққа, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет,айналамен танысу,дәстүрдер тыс сурет сабағы. Көрнекілілік: Қ.Р рәміздері,карта, қалалардың суреті, теледидар,телефон,микрофон, халық қаһарманның суреті,ақын-жазущы,әншілердің портреттері. Сөздік: Телехабар,сұхбат,жарнама. Әдіс тәсіл: Саяхат сабағы. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі психол тренинг. Табиғат біздің анамыз,Табиғатқа біз баламыз, Иіліп сәлем береміз. Біз әдепті баламыз. Балалар бүгін біз Қазақстан Республикасындағы қалаларға саяхат жасаймыз,ол үшін біз ешқайда бармай теледидар арқылы барлық қалалармен хабарласып танысып қайтамыз. Ал одан бұрын менің сұрақтарыма жауап беріңдер? -Дайынсыңдар ма? -Балалар біз тұратын мемлекетте қалай аталады? -Біз Қазақстан Республикасындан тұрамыз. -Қандай қалаларды білесіңдер?(Астана, Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен Павладар т с с) -Ал біздің еліміз, жеріміз екенін білдіретін не? Ол үшін бізде не болу керек екенін кім біледі? -Бұл Қазақстан картасы. -Біз барлығымыз осы картадағы қалалармен танысып,жүргізушілердің дайындаған телекөпір хабарын көреміз.Жүргізушілерге телефон арқылы сұрақ қоя аласыңдар.Олар бізбен тікелей эфирде сұхбаттасады. Сендерді ойландырып толғандырып жүрген сұрақтар болса осы жүргізушілерге қоя аласындар.Дайынбыз ба?Ал енді сөз кезегін біздің бас қаламыз Астанаға берейік. Астаналық тележүргізушінің сұхбатын тыңдайық.(Астана туралы баяндамасын тындау,өндіріс орындары туралы, тарихи орындар жайлы және ел өмірі туралы шағын фота слай арқылы баяндама жасайды). Енді жүргізуші жолдас біздің Домбыралы ауылының көрермен оқушылары сұрақ қоймақшы: -Елбасы қайда тұрады, демалыс болама ол кісіде? -Елбасының қызыметі ауырма? -« Елтаңба, жалау»туралы өлең білесізбе?(тақпақ оқу). - Астана маңайында не өсірледі? -Астық бидайдан не жасайды? -Мен осы ұннан піскен «баурсақ» деген өлең оқып берейін. Тележүргізуші: Ой, қандай жақсы сұрақтар мен бұл сұрақтың жауабын сайтқа жазбаша түрде жазып жіберемін, сіздерге көп-көп рахмет. Рахмет сөз кезегі Алматылық жүргізушіге беріледі. -Алмалы туралы қысқаша айту.Мысалы: Алматы өте жылы қала.Онда Медеу мұз айдыны,Шымбұлақ бар.Мақта-мата фабрикасы туралы айту.Қорық туралы түсіндіру.(суреттер көрсету) -Алматы-апорт алмасының Отаны. Телефон соғылып көрермен өзінің осы қала туралы жаттаған тақпағын айтқысы келетінін өтініп сұрайды? - «Отан» туралы мақал білесіз бе?-«Алматы» туралы өлең оқып беріңіз. Сергіту сәті: Кәне сапты түзейік,Тіземізді бүгеік.Ыршып алға түсейік.Ыршып артқа түсейік.Сергітуге мың алғыс Ендігі сөз кезегі Қарағандылық жүргізушіге беріледі.Қарағандыда кампит фабрикасы бар,темір рудасын шығарамыз.Көмір шахтасы бар т.с.с.с.Телефон қоңырауы: « Көмір не үшін керек?Қай кезде қолданамыз?» Дидактикалық ойын ойнайық. Енді біз жарнама ретінде. «Гүлді жина және атын ата»деген дидактикалық ойын ойлаймыз.(қонырау гүлі,астра,түймедақ,сарғалдақ). Келесі сөз кезегі. Семейлік жүргізушіге беріледі. -Семей үлкен көне қала.Жаңа көпір бар.Ұлы ақын-жазушы Абай Кунанбаев,Мухтар Әуезовтер шыққан (портретін көрсетеді).Әншілер Роза Рымбаева,Бибигул Төлегенова барлығы осы Семей өңірінен шыққан,Абайдың өлеңін оқиды. «Тұған жер» туралы мақал-мәтелдер айтылады. Соңғы сөзді Ақкөлдік жүргізушіге берейік: Біздің қала жас қала, кірпіш зовоты жұмыс істейді,ғарыш станциясы бар. Біздің орталық көшеде:сотүйі,үлкен дүкен, кітапхана,мәдениет үйі,ресторан,униавермаг,халыққа қызымет көрсететін орын, « Ақкөл өмір» газет редакциясы, Қазпочта, прократура, көпір бар деп баяндайды. (Бұл қалалар тұралы мағұлматтар қысқаша түрде көрсетілген балалар толық,терең мағынада баядама жасайды). Енді балалар біздің Ақкөлімізді сендер қалай әсемдеп,көркемдер екенсіңдер соны көрейік. Қажетті құрал: губка,гуашь шаблон(ағаштың, үйдің,бұтақтың) дымқыл орамал,мақта оралған таяқша.Саусаққа жаттығу:Кірпінің жүрісі,аттың щыбысы,бас бармақ, балан үйрек,ортан терек,шылдыр шүмек,кішкене бөбек,сәлеметсіңдерме!Көзге,кірпікке жаттығу: Жұмамыз-ашамыз, оңға-солға айналдырамыз.«Менің әсем қалам» бейнелеу сабағы.а)түсіндіру,көрсету.б) балалардың дербес жұмысы.в)суретті талдау.Қортынды: -Біз қандай жаңа сөздермен таныстық? -Олар қандай мағына береді екен, ұмытып қалмаңдар. -Біз қандай қалаларды білдік? -Астық қайда көп өсірледі? -Апорт алмасын қайдай жинауға болады? -Көмір қайда шығады және не үшін керек? -Абайдың туған жерін ата? -Отанымызға қандай тілектер айтар едіңдер. - Отанымыз тыныш болсын! -Аспаныз ашық болсын! -Бейбітшілік болсын! Өте жақсы.Бүгінгі телехабарға қатысқан қонақтарға.Алматының алмасын,Қарағандының кәмпите,. Астананың ұнынан пісірілген бауырсақты Ақкөлді дәмді суынан қайнаған шайды, ішіп-жеуге шақырымыз.Сау болыңдар.(Қосымша тақпақтар) АЛМАТЫ. Алматы қаласы. Жап жасыл ағашы. Қып-қызыл алмасы, Ақ бастын тауы бар, Алматы қаласы. Ақындар ағасы. Тұр Абай данасы Көшесі көрікті. Алматы қаласы БАУЫРСАҚ. Апам менің пісірген Қызыл күрең бауырсақ, Шықпай қояр түсіңнен Біраз жемей сағынсақ Көздің жауын алады Қызыл күрең бауырсақ АСТАНА Астана арман қала Бағы бір жанған қала Тұрады ол жап-жас болып Мен үлкен болғанда да Төкті оған нұрын дала Астана сұлу қала Біз оны анамыздай Сүйеміз шынында да. | |
Просмотров: 5466 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|