Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Қазақ тілі сабағы "Дала құстары" (Не?Қайда? Қашан? ойыны) Мақсаты: 1. Жаңа технологияға сүйеніп, балалардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, 2. Балалардың ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту. 3. Дала құстарының атауларын еске сақтау, сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін ояту, құстарды қорғауға тәрбиелеу, 4. Тән дыбыстарды айтуға үйрету. Сабақтың барысы: Сәлем саған, туған ел Сәлем, қалам, ауылым Сәлем, бақшам, сәлем күн Сәлем, достар, бауырым! Магнитофон: Құстардың дауыстарын тыңдау. Мұғалім: Бұл ненің дауысы? Не туралы өлең айтады? Балалар: Құстардың дауысы ӨЛЕҢ: Тыңдаңыз біздерді-2 рет Біз көркем сайраймыз-2 рет Қыстағы аязда -2 рет 2 рет Сіздерден көмек сұраймыз! Мұғалім: Расында да қыста құстарға өмір сүру өте қиын. Әсіресе қыс суық, қарлы болса. Қар астынан тамақ тауып алу да қиын. Балалар, айтыңдаршы қыста не болады? -Қыста суық, аяз, боран, мұз болады. Жел соғады. Қар жауады. -Құстарға біз қалай көмектесе аламыз? -Құстарға тамақ береміз. -Не беруге болады? -Құстарға нан, бидай, семішке, тары береміз. Ал бүгін біз құстарға арналған «Не? Қайда? Қашан?» атты ойын өткіземіз. Бұл мәселе тек қана балабақша қызметкерлерін ғана алаңдатпайды, сонымен қатар бұл замана мәселесі. Сол үшін балалар үстел басына отырыңдар. Сендердің командаларын көрермендер командасына қарсы ойнайды. Кім капитан болады? (капитан балалар арасынан сайланады) Ортадағы зырылдауықты айналдырып, бірінші тапсырма қандай болатынын анықтаймыз. 1.Сіздерге бірінші сұрақты балабақша директоры Наталия Васильевна Курьята қояды. -Мына суреттер арқылы құстардың атауын атап өтіңдер. Д/О «Қандай құс?» (слайд ) Балалар сурет арқылы құстардың атауын аңықтайды. Жақсы. 1\0- білгірлер клубы алға шықты. 2. Келесі тапсырманы ән-күй жетекшісі Юлия Александровна Колесова жолдапты. -Мен сендерге ребус жібердім. Балалар, айтыңдаршы қандай құс тығылған? Осы құс туралы жаңылпаштар айтып беріңдер. (ребус) Д\о «Қандай құс тығылғын?» Қ уыршақ қымыз А лма Р адио раушангүл Ғ арышкер А лмұрт Қарға туралы жаңылтпаш кім біледі? Аппақ қарға қара қарға ала қарға қонып отыр. Қара қарға ала қарға аппақ қарда тоңып отыр. Ала қарға қарға қонды Қара қарға жарға қонды. 2\0 – білгірлер тағы бір баллға ие болды. 3. Ал енді білгірлердің командасына қарсы №8 қазақ тобының бүлдіршіні Ерсін ойнайды. Бала тақпақ айтып береді. Торғай, торғай тоқылдақ Жерден тары шоқып ап, Бөтегесі томпайып Тойған қозыдай монтайып «Шиқ-шиқ» етіп отырмақ. -Балалар, сендер торғай туралы тақпақ білесіңдер ме? Торғай, торғай, торғайсың Таяу келіп қоңғайсың? Жем шашайын- тойып ал Сонда аязға тоңбайсың! Тоғай, тоғай, көк тоғай Көк тоғайда көп торғай Біз адастық тоғайда Торғай, торғай жол қайда? Торғай, торғай жел қайда? Тоғайда жел болмай ма? Тоғай іші қапырық Дем алайық отырып Торғай жолды айтсаңшы Үйге бізбен қайтсаңшы Үй алдына қонсаңшы Қоңағымыз болсаңшы. 3\0 – білгірлер алға басып барады. Музыкалық үзіліс. Би « ПИНГВИНДЕР» Қатысушылармен сергіту сәті «Чип, чип, шөжелерім» 4. Жасыл жәшік. Бұл тапсырманы салып жіберген адамды өздерін тауып алыңдар. -Мына жұмбақты шешіңіздер. (магнитофонға жазылған дауыс) Құстар үшін тақтайдан жасалған, терезе алдына немесе ағашқа іліп қойылады. Құстарға арнап нан, бидай, тары, семішке салынады. Құстар келіп тамақтанады. Бұл не? (науа) Д\О «Науаға отырғызамыз» ( науаға алдын-ала қамырдан, пластилиннен, саздан жасалған құстардың макетін отырғызу және тақпақ оқып беру) Қ.Баянбаев. Науа Науа жасап тақтайдан Талға апарып байладым. Жыл құсының шаттанған Күттім қашан сайрауын. Сол науаны талғады, Қараторғай мекендеп. Күні бойы сайрады Жайлы пәтер екен деп. 5.Құрметті білгір клубының қатысушылары! Қазір сіздермен ата-ана Дементьева Наталия Григорьевна ойнағысы келеді. -Үй құстары мен дала құстары араласып кетті. Балалар, ажыратуға көмек бере аласыңдар ма? Д\О «Қайда мекендейді?» Тақтада үй шарбақпен және ағаш ұяларымен ілініп тұр. Балалар үй құстарын дала құстарынан ажыратып бөлу керек. Капитанға жеке тапсырма. Компьютерде сурет салу. 6.Д\о «Аспандағы жұлдыздар» (компьютерде нүктелер арқылы құс суретін шығару) Капитан , сен не салдың? (мен аққуды салдым) Осымен ойын аяқталды. Балалар қонақтарға сыйлық сыйлайды.(бумага пластика арқылы жасалған аққу мен көгершінді қонақтарға таратады) Жүргізуші ойын қатысушыларын медальмен марапаттайды. | |
Просмотров: 6908 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|