Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Семей қаласы, №6 «Нұрсәуле» ясли – бақшасы» КМҚК
ІІ-санатты тәрбиешісі Садырбаева Айман Базарбаевна

Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

ХХІ ғасырдағы білімнің адам өміріндегі маңызы қандай, қандай жаңалықтар енгізуге болады деген сұрақ әр тәрбиеші мен педагогтың көкейкесті мәселесі болуы керек. Осыған орай біз де өз үлесімізді қай дәрежеде қостық, қандай жаңалығымыз болды деген сұрақты қоюымыз мүмкін. Қазіргі ғылым,техникалық прогрестің дамуы өз алдына ,біз мектеп жасына дейінгі балаларға білім нәрін себуде қандай технологияларды қолданудамыз деген ойлар үнемі бізді мазаламай қоймайды. Жаңа технологияларды қолдану әр тәрбиеші мен педагогтың өз еркінде. Сонымен бірге бала жанының бағбаны болу – әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Бала отбасында басқа жағынан көрінсе, балабақша қабырғасында мүлде басқа қырынан көрінуі мүмкін. Әрбір жанұяның ғана емес, тәрбиеші мен достарының ара-қатынасынан да бала өмірлік іс тәжірибе жинақтауы мүмкін. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың таным қабілеттерін дамыту ерекше орын алары сөзсіз.
Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының , ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Олай болса, болашақта мемлекеттік тілді жетік білетін, елдік пен еркіндіктің туын берік ұстайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеуде мен қаншалықты өз үлесімді қостым?
Мен өз іс-тәжірибемде балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда танымның алар орны туралы айтпақпын. Танымы кең, саналы азамат, өз елінің ұранды ұрпағы болу жас жеткіншектердің үлесінде. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде елімізде ерекше орын алар оқиғалар көп болды. Ел ағасы М.О.Әуезов «Ел болам десең –бесігіңді түзе » деді емес пе? Ендеше білімнің киелі бесігін балабақша есігін ашқан бүлдіршіндерге сепсек, кейінгі елдігімізге олар да өз үлесін қосары даусыз ақиқат емес пе? Осындай қиын да сындарлы еңбек жолындағы өз ізденісімді ұсынып отырмын.
«Таным» білім беру саласының мазмұны мен мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта жайлы қарапайым түсініктері мен танымдық іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгерту және игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлғаның дамуы үшін танымның мазмұны
Іс –әрекеттерді ұйымдастыру формалары


Балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастырудың балабақшада қолданатын түрі және іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолдары:
1.Танымдық іс-әрекеттер барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері мен тәрбиелеуде;
2. Серуендер кезінде балалардың қоршаған орта мен тығыз байланысы;
3. Бақылау- қоршаған орта мен күнделікті іс-әрекеттерді бақылау;
4.Бірлескен – дербес және ересектермен бірлескен іздестіру іс-әрекеттері арқылы;

Ең көп қолданылатын көрнекіліктер:



ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ізеттілікке, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдығы: флишбурт, теледидар, үнтаспа, геометриялық пішіндер.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалардың көңілдерін өзіне аударады.
-Балалар, барлығымыз ән салайықшы.
Біз көңілді қуыршақпыз, алақай, алақай,
Өлең айтып, би билейміз, балақай,балақай.
Тартып алып орамалды алақай, алақай,
Дөңгелене би билейміз балақай, балақай.
-Бәріміз бері қарайықшы. Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті. Сиқырлы хатты ашсақ ішінен не шығар екен?
-Сиқырлы хаттың ішінде неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап береді?
- Дұрыс айтасыңдар, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек екен.
-Балалар, барлығымыз ауада осы пішіндерді ауада жасап көрейікші.
- Үшбұрыш, ал мынау – төртбұрыш, ал мынау –дөңгелек.

-Ал, енді теледидарға қарайық. Теледидардан біз қандай пішіндерді көріп тұрмыз? Түстері қандай? Пішіндері қандай?


Тәрбиешіге қарап, айтқандарын қайталайды.

Сиқырлы хатты тамашалайды.
Пішіндерді атайды.

Көңілді әуеннің ойнауы арқылы ауада пішіндерді жасайды.

Теледидардан пішіндерді көреді, түстерін атайды. Салыстырады.


Іздену -ұйымдастырушылық
-Ал, балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрайық, сәл демалып алайық.
- Бойыңды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
-Балалар, енді осы геометриялық пішіндерден суреттер құрастырайық.


Дидактикалық ойын «Көңілді пішіндер». Балалар геометриялық пішіндерден әр түрлі пішіндер құрастырады.
Мысалы: «Гүлдер», «Ою-өрнек»
-балалар, ендеше флишбрутқа қарайықшы. Бүгін біз танысқан геометриялық пішіндерді бейнелеп көрейік.


Орындарынан тұрып жаттығуды жасайды.

Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, суреттер құрастырады.

Көңілді пішіндерден гүл, ою-өрнек құрастыру.

Флишбрутта геометриялық пішіндерді бейнелеу.
Рефлексивті -түзетуші -Балалар, бүгін біз немен таныстық?
-Дұрыс айтасыңдар, пішіндер туралы білгендерімізді кеңейте түстік.
-Пішіндер неше түрлі болады?
- Геометриялық пішіндердің қандай пайдасы бар?
- Ең әдемі, ең көңілді пішіндерді кім жасады?


Тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап бере отырып, ұйымдасқан оқу-іс әрекетті қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Пішіндер туралы жалпы түсінік
Қалыптасқан әдет: Пішіндердің түсін, көлемін ажырату.
Істей білуі: Геометриялық пішіндерді біледі, әр түрлі пішіндер құрай алады.
Категория: Дошколенок | Добавил: sab (2012-04-25)
Просмотров: 11303 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.2/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 1:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru