Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Абай- біздің бабамыз
Көркем әдебиет

Абильдина Рмкеш Мурзахметовна
Қарағанды қаласы.
№ 81 Жалпы білім беретін орта мектеп.
Мектепалды даярлық тобы.

Сабақтың тақырыбы: Абай- біздің бабамыз.
Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақтың дара ақыны Абай Құнанбаевпен таныстыру. Ақынның еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.
Міндеттері: - А.Құнанбаевтің «Қыс» өлеңі арқылы қыс мезгілі туралы түсініктерін дамыту.
- Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
- Сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. (сурет сабағы, музыка сабағы, өзін - өзі тану сабағы); ойын сабақ.
Әдіс- тәсілі: қайталау, сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақ «Абайтану» кабинетінде өтеді.
Көрнекілік: Абай Құнанбаевтың портреті,интерактивті тақта, «Қыс» суреті, қолдан жасалған қар.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Балалар «Шаттық шеңберін» құрап тұрады да бір – біріне сәттілік тілейді.
«Қар лақтырысу» ойыны.
Тәрбиеші: (қолдан жасалған қарды кез – келген балаға лақтырып отырып сұрақ қояды).
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Жер бетін не жапқан?
- Қыста қандай ойындар ойнай аламыз?
- Қыста қалай киінеміз?
- Ауа – райы қалай өзгереді?
- Балалар, осы қыс мезгілі туралы біздің Абай Құнанбаев атамыз тамаша өлең жазыпты. Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыздың өміріне қысқаша тоқталайық. (Оқушылар орындарынан тұрып, кабинетке саяхат жасайды).
- Балалар, сонымен Абай аталарың сендерді неге үйретіпті? Қандай бала болып өсуіміз керек екен?
- Жақсы, тілалғыш, үлкендерді сыйлайтын, кішкентайларды ренжітпейтін бала болуымыз керек екен.
- Олай болса, өзіміздің жақсы көретін өлеңімізді айтып көрейікші.
Өзім жақсы баламын.Б.Ысқақов.
Өзім жақсы баламын Өзім жақсы баламын,
Апа тілін аламын, Апа тілін аламын,
«Су әкеле ғой» - десе, «Ойната ғой бөбекті»- десе,
Су әкеле саламын. Ойната саламын.
Тәрбиеші: - балалар, ойын ойнағанды бәрің жақсы көресің ғой. Қазір біз «Аққала соғайық» ойынын ойнаймыз. Ол үшін, алдымен сұрақтарға жауап беріп, жасырылған жұмбақтарды шешіп, жаңылмай жаңылтпаштар айтуымыз керек. Кім белсенді, нақты жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындаса «Әдемі қарға» ие болады және аққала соғады.
- Аққала соғу үшін алдымен үлкен қар жинау керек, аққаланың бірінші бөлігін дайындау қажет.
- Тәрбиеші: Қыста қандай ойындар ойналады?
- Аққала соғу, шана, шаңғы, коньки тебу.
- Енді, аққаланың денесін соғайық, ол үшін жаңылтпаш айтып көрейік:
Қар аппақ,
Дала аппақ,
Бәрі аппақ
- Аққаланың бас мүшесін жасау үшін, жұмбақ шешіп көрейік:
Жылт – жылт етеді,
Қолыңа ұстасаң еріп кетеді.
Шешуі: қар.
- Енді аққаланы безендірейік, ол үшін ,балалар, қыс айына қандай айлар жататынын айтыңдаршы.
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, аққаламыз ұнады ма?
- Тәрбиеші: «Боран» ойынын ойнайық. (Ол ойында оқушылар дөңгеленіп тұрады, жүргізуші – боран соқты, біркезде тыныштала қалды, ағаштар қозғалды деп қайталап айтып, қимылмен көрсетіп отырады, өзге балалар қайталайды).
- Тәрбиеші: Абай атамыз «Қыс» туралы тамаша өлең жазыпты, танысайық. (Тәрбиеші мәнерлеп оқып береді).
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды
- Осы өлеңде, балалар, Абай атамыз қысты «Соқыр», «Мылқау» деп отыр осы сөздерді қалай түсінеміз?
- Соқыр – көзі көрмейтін адам.
- Мылқау – сөйлей алмайтын адам.
- Расында «Қыс» мезгілінде боран жиі соғады, сол кезде жан – жағыңды көре алмай қаласың.
- Қыста аязды, боранды күндер көп болады, сол кезде сен қанша жалынсаң да, армандасаң да күн жылынбайды.
(Өлеңді балалармен хормен айтады, тез үйреніп алған балаларды мадақтайды ).
Тәрбиеші: балалар, қыс мезгілі суық мезгіл, сондықтан да қысты қарсы алуға қатты дайындық керек. Қазір сендер қысқа не дайындар едіңдер тезірек сала қойыңдаршы. (Өздері қалаған заттардың суретін салады. Мысалы: алма, сәбіз, алмұрт т.б.).
- Тәрбиеші: енді, осы суреттерімізді қорғап көрейікші.
- Неліктен алманы салдың? т.б (Балалар суреттерін көрсетіп, не үшін салғанын айтып, тақтаға іліп қояды).
- Тәрбиеші: балалар, жануарлар да қысқа дайындалады екен (интерактивті тақтадан жануарлардың қысқы дайындығын көрсетіп тұрады).
- Құмырсқа да қысқа жақсы дайындалады екен. (интерактивті тақтадан құмырсқаның қысқа дайындығын көрсетіп тұрады).
- Қалай ойлайсыңдар, шегіртке қысқа дайындалады ма? (Оқушылар өз ойларын айтады: дайындалады, дайындалмайды).
- Ендеше біз қазір, Абай атамыздың орыс тілінен аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысамыз. (Тәрбиеші мәнерлеп оқып береді, сөздікпен жұмыс жасайды).
- Балалар, сонымен құмырсқа еңбекшіл ме, әлде шегіртке еңбекшіл ме, қайсысы ұнайды?
- Құмырсқа жаз бойы үйіне үлкен еңбекпен тамақ тасыды, ал шегіртке
болса жаз бойы билеп, әндетіп, қыс келгенде үйсіз , тамақсыз қалды.
Тәрбиеші: кез – келген еңбектің өз нәтижесі болады екен, сендер де бүгін өз еңбектеріңді көрсеттіңдер. Қазір кім неше қар жинады екен, көрейік.
- Бес қар жинаған балаларды ортаға шақырамыз.
- Төрт қар жинаған оқушыларды ортаға шақырамыз (осылайша ортаға шақырып, балаларды марапаттайды).
- Қазір ең соңғы ойын «Күшті аяз» ойынын ойнайық. (Балалар дөңгеленіп тұрады, музыка ырғағымен билейді, тәрбиеші «Қата қал» дегенде тоқтап қалады, қойылған сұрақтарға жауап береді).
- Қыста ауа – райы қалай өзгереді?
- Қандай ойындар ойналады?
- Не үйрендік?
Тәрбиеші: балалар, бүгін сабаққа барлығың белсенді қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет! (Мадақтау).
Категория: Дошколенок | Добавил: raya666 (2012-05-15) | Автор: Абильдина Рмкеш Мурзахметовна E
Просмотров: 3011 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 3:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru