Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Сабақтың тақырыбы: «Ұұ» дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Ұ дыбысымен таныстыру. Сабақтың міндеті: а) Ұұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту. ә) Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. б) ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың түрі: аралас Көрнекіліктер: кеспе әріптер, буындар, ұ-әрпіне байланысты суреттер Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) балалардың назарын өзіме аудару,сабақтың басталғанын хабарлау ә) шаттық шеңбері «Жүректен-жүрекке» 2. Өткен сабақты пысықтау, қайталау 3. жаңа тақырыпты меңгерту а) Жұмбақ жасыру Кеше жіптей, Бүгін күптей. ( ұршық) Шыр айналып биші қыз, Билеп-билеп алады. Өз бұрымын беліне Орап түсіп барады. (ұршық) Суреттерге қарап дыбыстық талдау жасау. Ұлу, ұя, бұғы, ұршық, ұр, ұшақ, ұн Тордағы әріптерден сөз құрау. Ұұ әрпінің баспаша түрімен және жазбаша түрінің айырмасымен, ерекшеліктерін түсіндіру. Ауада, тақтада жазғызу. Үзік сызықтарды қосу арқылы Ұ әрпін басып жаздырту. Сергіту сәті: «Үстінде үйдің» Жаңылтпаш жаттайық! Тұз-мұздай Мұз-тұздай. Талап-тұлпар, Білім-сұңқар. Ойын: «Ұқсас затты тап», «Артық затты алып таста», «Не жоқ?». Қортынды:[color=blue] Сұрақ-жауап әдісімен: Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай әріппен таныстық? Ұұ әрпінен басталатын заттарды ата, Ұұ әрпінен басталатын адам атын ата, т б с Шаттық шеңбері: «Жақсы тілек.» | |
Просмотров: 4523 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|