| Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
| Дайындаған: Шайзадина А.С. Ата-аналарға кеңес Бала тәрбиесінде ата-ананың басшылыққа алатын ұстанымдар. 1. Балаңыздың ең алдымен, денсаулығын қадағалаңыз. Денсаулық - тәннің ғана емес, жанның да кепілі. Дені сау бала ғана оқу мен тәрбиеге ықыласты болады.Балаңызды кішкентай кезінен денсаулығын күте білуге, денесін шынықтыруға дағдыландырыңыз.Үйрету дегеніміз – ақыл айту емес, өзіңіздің үлгі болуыңыз, барлық істі бірге орындауыңыз. 2. Балаңызбен жақын сырлас, дос болуға тырысыңыз. Бала үшін ең жақын адам ата-ана болғанымен де, баланың қашанды ата-анасына айта алмай, жасқаншақтайтын сәттері де аз болмайды. Сондай сәттерде дөп басып, баланы бауырыңызға тарта білу өте маңызды. Балаңыз өзінше жасырып жүрген сырын айтып, сізбен бөлісуі мүмкін. Ондай кездерде балаға жекімей не болмаса мазақ етіп күлмей, мұқият тыңдап, өз көзқарасыңызды білдіріп кеңес айта білу балаңыздың сізге деген сенімін арттырады.Ал бала тәрбиесіндегі басты құрал- сенім 3. Балаңыз қандай да болмаса қате іс жасаса, жекіп қатаң жазалау қажетсіз де өнімсіз. Ондай кездерде бала өзі де қуыстанып, бойында үрей пайда болады.Керісінше балаңызға ақыл айтып, жол көрсетіңіз, мұның пайдасы сонда ғана көбірек болмақ.ең бастысы қателікті бетке басып, мойындатуда емес, жақсысын алдымен айтып, ббаланы жігерлендіре отырып, кемшіліліктерін жұқалап жеткізу, сонымен қатар кемшілікті жою жолдарын көрсету. 4. Бала балған соң, өз қатарластарымен бірде тату, бірде ренжісіп жатады. Тіпті кейде ерексектерден әлімжеттік көріп, жәбірленуі де мүмкін. Ондай сәттерде балалардың арасына түсу, олардың т атулығына сызат түсіріп, қарым-қатыстарын ушықтырмаса, жақындастырмайды. Бала қылығын жақтап арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, сәл қиыншылыққа тап болса, сіздің көмегіңізге жүгінетін болады.Мұндай жағдайда баланы сырттай бақылаған абзал. Балаңыз үнемі орынсыз жәбірленіп жатса, әрине мұндай жағдайда араласуға тура келеді. 5. Балаңыздың бос уақытында немен айналысатынын, қандай іске икемді екенін қадағалаңыз. Шамаңыз келмесе, балаңызға бейімі бар ісстерді беруге тырысыңыз. Мұндай әркеттер баланы дамытып қана қоймай, зиянды әдеттерден да сақтайды. Қолы бос, айналысатын ісі жоқ бала зиянды істерге біртабан жақын болатынын да ұмытпаңыз. Белгілі педагог М. Жұмабаевтың тұжырымына жүгінсек: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді Болмаса бала пайдалы іс берілмесе, ол уақытта өз бетімен қайдағы, нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді» 6. Баланы еркін тәрбиелеу керек. Еріктілілік, еркіндік дегеннің өзі де шын мағынасындағы жауапкершіліктің өлшемі. Сондықтан да, еркіндіктің жөні осы деп мүлдем қараусыз жіберуге болмайды. Әр нәрсенің өз шегі болады. Сол белгіленген шекті бала сезініп, түйсініп өсуі керек. Қатты сөйлеу баланы сізден соншалықты алыстатса, жылы қарым-қатынас,жақсы көзқарас – сіздің балаңызға жақындататын ең оңай жол. Үнемі бұйырып сөйлеу баланың бойын соған әдеттендіреді. 7. Бала кішкентай кезінде барлық ақпаратты еш кедергісіз қабылдай береді.Сондықтан балаңызды ақпараттарды талғап қабылдауға, өзінің көзқарасын ашық білдіруге, ойланып сөйлеуге үйреткен абзал.Ол үшін балаларға осы тектес тапсырмалар беру қажет.Мәселен, баланың алдына көп зат беріңіз. Баланыз осы заттардың барлығын алғысы келгенімен, бір- екі затты өзіне қажеттілігіне қарай таңдау керектігін түсіндіріңіз. 8. Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз болады. Бір затты көрсе, соны міндетті түрде бұрап, сындырып, тіпті ішін ашып ақтарып көріп жатады. Өздері бір орында отыра алмайды, сұрақ қойғыш та болады. Ондай балаларды үнемі ұрсып, тәртіпке келтіріп жатамыз. Бірақ оған көнетін бала көрінбейді, одан сайын қыңырлық танытып, ақыры қатаң жазалаудан кейін ғана тынышталады. Әрине баланың әр базынасын көтеру ерексектер үшін оңай тимейтіні түсінікті. Десекте мұндай балалар кейде табиғатынан дарынды болып келеді. Тек баланың бейімін тап басып, бағыттай білсеңіз болғаны. 9. Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тетік – баланы өз күшіне сендіруге үйрету. Балаңыздың болашығына қандай сенсеңіз, оның әр ісіне де сондай сенімді болу керек. Балаға ең алдымен, өзіңіз сенбесеңіз, оған ешкімде сенбейді. Баланы өз күшіне сендіру оны батыл болуға тәрбиелейді. | |
| Просмотров: 2285 | | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|