Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Баланы жазуға үйретудің әдістемелік негізі
Шайзадина Айгерим Слямбекқызы
№10 «Бал бұлақ»мектеп бақшасының тәрбиешісі
Семей қаласы.


Баланы жазуға үйретудің әдістемелік негізі

Қазіргі заман талабына сай оқыту үрдістері де өзгеруде. Осыған орай шағын жинақталған мектептердің оқу сапасын жақсартуда әр-түрлі технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижелер беруде. Ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміз қазіргі кезде қолданылып жүрген педагогикалық технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Осы орайда бастауыш сыныптардың алғашқы кезеңінде балаларды әріп үйретуге, жазуға төселдірудің де өзіндік ерекшеліктері бар екендігін есте ұстанған жөн болар еді. Бастауыш сыныпта жазу үрдісін меңгерту, оқушының алдында түрған күрделі де қиындығы мол білім жолын ашады. Сондықтан, мұғалім әріптерді жазуға үйреткенде еріксіз жаңа технологиялық тәсілдерге сүйенуіне тура келеді. Әрі заман ағымына сәйкес, жаңа үрдістен қалмауға, жаңадан оқытудың тиімді жолдарын пайдаланудың да маңыздылығы бар екендігі шындық.
В.Л.Беспалько " практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе-жоба " десе, Монахов " педагогикалық технология- оқыту үрдісіне жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі" (1) деген анықтама береді.
Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ұлттық мектептердің кеңінен ашылуы - пән мұғалімдеріне күрделі міндеттерді жүктеп отыр. Мұндай міндеттердің бірі - оқытуды жаңаша ұйымдастыру, әрбір пәннің ғылыми сипатын арттырып, ұлттық деңгей дәрежесіне жеткізу.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Ал ,бұл әдістеме ғылымының бір ерекшелігі болып табылады. Қазіргі көркем жазуды үйретудің жаңа технологияларын тәжірибеде кеңінен колданудың тиімді екендігі дәлелденуде.
Сонымен бірге қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті - адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуын бағыттау, соған негіздеу. Сондықтан қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойын отыр. Ондай мәселелердің бірі , бастауыш мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі - оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану. Соңғы кездерде мектептерде, соның ішінде бастауыш сыныптарда оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, тәжірибеге енгізілуде. Осындай заман талабы ана тілін, оның жеке бір саласы болып табылатын әліппені және көркем жазу әдіс-тәсілдерін жаңаша жолмен оқыту қажеттігін көрсетіп отыр. т.б.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатын белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, ягни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика-графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анык жазуға машықтандыру міндеті де түр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем . етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қаситеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, үқыптылыққа үйретеді
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екіншісі - әріп элементін. дұрыс жазуға дағдыландыру, үшінші - жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлерін, оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланары сөзсіз. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті - ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін," геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеу мен ойлауын активтендіреді. Штрихтер арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріңе жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндеп үлгідей орындалады. Оқушылар үшін геометриялық фигуралар мен әртүрлі зат бейнесінің трафареты дайындалады немесе олардың өздері дайын геометриялық фигуралар трафаретынан зат бейнесін құрастырады. Мұғалім. альбомға салынған бейнелерді штрихтауды талап етеді. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, кұрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, «оң», «сол», «шеті», «жоғары», «төмен», «түзу», «қисық», дөңгелек» т.б. ұғымдарды меңгереді .
Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз - көп қырлы талдау процесін атқару деген сөз. Ал, мүның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс-әрекет. Әріп әлементтерін ретімен жазып үйрену ең алдымең, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр әлементін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементтің басталатын. жерінде бітіп, әрі қарай келесі элементке жалғастырылады. «Үзбей жазуға жаттықтыру жұмыстары балаға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс» деп бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылықты оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғалімнен ізденушілікті талап етеді. Тәжірибеде қолданылып жүрген әртүрлі жаттығулар, айталық, әріптің түтас бейнесін көрсеттіндей суреттер салғызу, штрихтау, зат бейнесін әшекейлеу т.б. тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдыларының сапасын арттырады. Мәселен, төмендегідей сабақтар арқылы саусақтарды жаттықтыруға болады: «несімен ажыратылады?» жаттығуы.
Бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал, келесі жаттығу көз бен қолдың бір координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады: көз бірінші нүктеде, қол да бірінші нүктеде, көз жоғарыда, яғни екінші нүктеде, қол жоғарыда, көз үшінші нүктеде, қол төменде.
2
2
1 3 1 3

Бұл жаттығу қолды сенімді қозғауға үйретсе, «бірдей биіктікте секіру» жаттығуы әріптерді ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады.
Осы аталған жаттығуға орай, қолды жаттықтырудың келесі түрлерін де қолдануға болады:
«Орнын белгіле» жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді.
«Әріпті тап» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді.
«Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: бүтін құрсау мен оңга иілген қармақшадан тұратын кіші әріп десе, «а» әрпі екенін табады.
Баланың әлемі - бұл нақты заттың әлемі, егер баламен жақын болам десеңіз, оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу - мұғалімнің төл ісі.
Сонымен жазуға үйретудің жазба түрі мен ауызша түрінің едәуір айырмашылығы бар. Дегенмен, бастауыш сыныпта бұл аталған негіздемелерді бөліп қарау мүмкін емес.




[color=blue]
Категория: Дошколенок | Добавил: Айконя (2012-12-25) | Автор: Айгерим E
Просмотров: 11519 | Теги: жазуға уйрету, жазу | Рейтинг: 1.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 9:38 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru