| Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
| Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы Ересек тобы Білім беру салалары: «Шығармашылық» Бөлімі: «Ән-күй» Тақырыбы: «Киелі домбыра» Мақсаты: Балаларға қазақатың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып, оның ішінде домбыра аспабының басынан өткерген тарихы жайлы ертегіні еске түсіре отыра, ертегі қойылымын ойнатуды үйрету. Қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту. Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу. Репертуар: Күй «Ақсақ құлан» «Домбыра сазы» «Жұбыңды тап» «Қара жорға» Құралдар: фортепиано, магнитофон, фонограммалар, қазақтың ұлттық аспаптар көрмесі. Ән жетекшісі: Қайырлы таң, құрметті қонақтар. Қайырымды жандар жайлана, шеңберге тұр айнала. Қасымызда досымыз, бақыттымыз осы біз, Жалықпастан қайталап, жылы сөздер айтамыз. Балалар шеңберге тұрады, жылы сөздерді айтады: Армысың алтын күн, Армысың көк аспан. Армысың жер ана, Қайырлы таң, қайырлы күн! - Балалар, бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптар көрмесін тамашалаймыз. Көрмеде қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. Көрмені тамашалай келе аспаптардың аттарымен, олардың қысқаша тарихымен танысамыз. Әр аспапқа жеке-жеке тоқталады: Асатаяқ – халық арасында ерте заманнан пайдаланып келе жатқан көне музыкалық аспап. Оған әр түрлі сылдырмақты, әшекейлі қоңыраулар, қаңылтырлар ілінеді. Жетіген – шертпелі аспаптардың ең көне түрінің бірі. Аспап тұтас ағаштан ойып жасалған, терімен қапталған. Ішектерді қолмен керіп байлаған. Күйге келтіру үшін тиек орнына асықты жылжытатын болған. Қобыз. Осы заманғы музыкалық аспаптар тарихи дамудың ұзақ және күрделі жолынан өткен. Біздің халқымыздың қобызын Қорқыт жасаған және ең алғашқы күй тартушы болған деген аңыз бар. Қобыз дөңгелек, шұңғыл және бос ыдыс сияты. Балалар, мен сендерге бүгін жұмбақ жасырдым. Бұл жұмбақта ұлттық аспаптар жасырынған. Егерде жұмбақты дұрыс жауабын шешсеңдер, бізде бір киелі аспап пайда болады. Ұзын мойын, екі ішек, Қатар қатар тепкішек. Басып көрсең бір бірлеп, Үн шығады күмбірлеп. Балалар жұмбақты дұрыс жауабын шешіп, киелі аспаптың жауабын шешті. Жауабы: «Домбыра» - Жауабын дұрыс шештіңдер. (Суреттер көрсетеді) Бұнда қос домбыра, төрт ішекті домбыра, төрт бұрышты домбыра т.б. бар еді. Осы домбыралар қазақ халқының асыл аспабының бірі. Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен жеткізе білген. Атадан балаға мұра болып келе жатыр. Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген. Домбырамен Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Тәттімбет, Биржан сал, Дина апаларымызда ән-күйлерін арнаған. Қандай тақпақ білесіңдер домбыра туралы? Балалар тақпақтарды айтып береді: Домбыраның құлағын, Мәнерімен бұрағын. Достарыңды ертіп кел, Содан кейін шертіп көр. Құрманғазы, Тәттімбет Домбырамен сайраған. Жүрекке от жақсын деп, Елге күйін арнаған. Абай, Жамбыл, сал Біржан, Тоңғалдырып ән салған. Жүрегіңді жандырған, Естіген жан тамсанған. Жарайсыңдар, балалар. Сендер білесіңдер ме? Қазақ халқы қайғы, ренішінде домбырамен халқына жеткізе білген. Осы жайында аңыз-ертегіде бар. Қане, кім біледі? Балалар «Ақсақ құлан» деп жауап береді. Онда осы ертегінің қандай кейіпкерлер бар еді? Балалар: Хан, хан баласы, уәзірлер, күйші, ақсақ құлан. Ертеде ел билеген қатал Жошы деген хан болыпты. (Хан келіп таққа отырады). Оның жалғыз баласы бар екен. Хан қасында әрдайым уәзірлері бірге тұрады екен. Бір күні хан ұлы әкесіне келіп, рұқсат сұрайды. Бала: Әке, аң аулауға барайыншы. Хан: Бар. Бірақ абай бол. Бала: Әке, маған уәзірлеріңді берші. Хан: Уәзірлерім, менің ұлыммен аң аулауға барыңдар. Уәзірлері: Құп тақсыр, әміріне құлдық. Осылай деп, атқа мініп аң аулауға кетті. Осылай олар серуен құрып, аң аулап ұзақ жүреді. Биік-биік таулардан өтіп, орман-тоғайлардан асып серіліктің қызығына кіреді. Бір күні оларға ақсақ құлан кездеседі. Уәзірлер (хан баласына): Әне, құлан атсаңшы. Хан баласы ақсақ құланды жаралайды. Ал жаралы құлан баланы мерт қылады. Уәзірлері не істерлерін білмей дәл болады. Уәзірлері: Енді не істейміз? Жошы ханға баласының өлімін қалай жеткіземіз? Олар хан сарайына келгенде, Жошы хан дейді: Жошы хан: Кімде-кім менің ұлымды өлді десе көмейіне қорғасын құямын. Ханның қатулы қабағын көріп қорқып, ханға айтпастан орындарынан тұрып шығып кетеді. Ханға суық хабарды жеткізу үшін, сол ауылдағы қарт күйшіні өздерімен бірге ертіп келеді де, ханға баласының өлімін жеткіз дейді. Қарт күйші төрт ішекті домбырасымен күй шертіп, ханға баласының аң аулап жүргенде мерт болғанын осы күй арқылы жеткізеді. Тыңдау «Ақсақ құлан» Күйдің үнінен баласының енді жоқ екенін білген хан: «Тоқта! Тоқта! Домбыраның көмейіне қорғасын құйыңдар» деп әмір береді. Уәзірлері қарт күйшінің қолынан төрт ішекті домбыраны тартып алып, қайнап тұрған қорғасынды, домбыраға құяды. Домбыраның ішектері «сарт-сарт» етіп үзіліп, «төрт ішекті» домбыра «екі ішекті, ойықты» домбыра болып қалған екен. Осымен қысқаша қойылымыз аяқталды. Домбыра туралы өлең айтайық. Ән айту «Домбырасыз сән қайда» Би «Қара жорға» Бидің қозғалыстары көрсетеді, балалармен би билейді. Ойын «Жұбыңды тап» Санамақ: Әй, домбырам, домбырам, Ойнайық та күлейік, Достарымен жарасып, Біз әрқашан жүрейік. Кім домбыраны алады, Сол жүргізуші болады. Балалар, жарайсыңдар! Бүгін «Киелі домбыра» жайында көп білдік. Қане, қандай қазақтың ұлттық аспаптарын біліп үйрендік? Қандай домбыра туралы аңыз-ертегіні білеміз? Неліктен «төрт ішекті» домбыра «екі ішекті, ойығы бар» домбыра болғанын айтайықшы? Балалар сұрақтарға жауап береді. Әсерлермен бөліседі. Күтілетін нәтиже: Білу: тақырып туралы, қазақтың ұлттық аспаптар туралы білім алу. Түсінуге тиіс: күйші кім екенін түсіну. Істей білу керек: өз ойла және сезімін айту. | |
| Просмотров: 2438 | | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|