Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.
Ясли- сад . 7 "Ак бота" г. Семей, ВКО
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.

Мақсаты:
1) Балалардың түсінігіне «Дем алуға құқылы», «Білім алуға құқылы» екендігін қалыптастыру.
2) Мектеп жасына дейінгі балалардың санасына Халықаралық мейрам «Балаларды қорғау күнінің» маңыздылығын сіңіру.
3) Тәрбиелік мақсатта шығармашылық ұсыныс балалардың бірдей қатысуына бүкіл мүмкіндіктер қарастырылады.

Қатысушылар:
Врака - Забияка
Саяқмазақ (Клоун)
Смешинкин

Мереке балалар бақшасының ауласындғы аланда өтеді. Балалар қаз – қатар тұрғызып көңілді ән ойналады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме балалар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

Сәлеметсіңдерме, сәлеметсіңдерме, сәлеметсіңдерме!
Жылдың алғашқы жазды күні
Бәріміз мерекеге жиналдық!
Тек жаңа жыл емес, карнавал емес
Оған ренжіп қалмандар.
Әрқайсыларыңның жүздеріңнен
Қуаныш, күлкі көреміз.
Ылайым солай болсын деп
Сіздерге сәлем береміз!

Бүгін сіздер мен біздің «Балаларды қорғау күніне арналған» үлкен көңілді мейрамымыз. Біз ойын ойнамыз, өлең айтамыз, би билейміз және бізге тамаша қонақтар келіп қатысады, бірге мейрамдаймыз. Ал енді мерекені «Солнечный круг» деген өлеңмен бастауды усынамын.
«Солнечный круг» әні орындалады.
Алақанын ысқылап балаларға қырындай шыққан Врака – Забияка кекесінді дауыспен сөйлей бастайды:
- Міне, тағы бір арамдықты сәтті жасадым. Кампотқа тұз сеуіп тастадым. Тұзды кампот ішсін! Ха – ха – ха! деп күледі.
Бұрылады да балаларды көреді.
Врака –Забияка: Ия, маған осында болу керек!
Жүргізуші: Осында деген қайда, қалай түсінеміз?
В –З: Қайда, қайда? Әрине көп балалар бар жерде. Мен олардан өзіме көмекшілер таңдап аламын.
Ж – ші: Сіз өзі кімсіз жөніңізді айтыңызшы.
В – З: Мен – Вракочка – Забиякочка мын. Жай Врака – Забияка деуге болады. Сендерде мейрам деп естідім. Ол қандай мейрам?
Ж – ші: Бұл жай мейрам емес. Осы оқу жылында бұл балаларға ақыл кірді, өсті, үлкен азамат болды. Енді соған байланыста мерекелеуге келдік және бүгін «Балаларды қорғау күні».
В – З: Ой ішегім әй мына кішкене балақайлар үлкен азамат болып кетті дейсің- бе? Ой – ой! Күлдірмеші. Шекелерінен шертіп – шертіп жібергім келеді.
Ж –ші: Тоқта, - тоқта, бұл балалардың ақыл тоқтатып үлкен болғанын білу үшін қалай өлең айтып, би билеп, қандай ойындар ойнайтынын тексеру қажет.
В – З: Тексерсек – тексерейік (доп шығарады) Мынау доп, осы допты мен лақтырғанда ұстай алмаса онда өспегені, сол кішкентай болып қалғаны.

Сонан кейін Врака – Забияка допты қалай болса, солай теуіп балалардың тынышын алып, алдай бастайды.
Ж –ші: Жоқ, жоқ былай болмайды. Егер ойнайтын болсақ дұрыстап ойнайық.
В – З: Дұрыстап ойнағаны қалай?
Ж ші: Демек ереже бойынша ойнаймыз. Міне, қара біз саған «Қалай тұрасың» деген ойынды көрсетеміз. Ойнағың келсе сені де үйретеміз
В –З: А, кім – кімді оқытатынын әлі көреміз. Бұндай ойынды мен білмейді дейсіндер ме?

Ойын: «Қалай өмір сүресің»
Балалар сөздердің мағынасы бойынша қимыл – қозғалыстар жасай бастайды

Қалай тұрасың? – Былай! (бас саусағын көрсетеді)
Қалай жүресің? – Былай! (орында жүре бастайды)
Қалай малтыйсың? – Былай! (сұға жүзіп малтып бара жатқан кейіп көрсетеді)
Қалай жүгіресің? – Былай! (орында тұрып жүгіреді)
Қалай көңілсіздене қаласың? – Былай! (басын иығына салып мұная қалады)
Ал бұраңдай аласың ба? – Былай! (бұраңдайды)
Ал қорқыта аласың ба? – Былай! (сұқ саусағын кезейді)

Ойын 3-4 рет қайталанады, әр қайталанған сайын тез сұрақ қойылып, тез – тез жауан қайтарылады. Врака – Забияка болса дұрыс ойнамай, ойынды бұзуға тырысады. Жүргізуші одан ойынға дұрыс қарап тәртіпті болуға өтінеді.
Жүргізүші: Балалар мен білдім Врака – забияканың бұзық болмай қайырымды, көңілді болуы үшін клоун Смешинкин мен таныстыру керек. Бірақ оның осында келуі үшін шын жүрегімізден қатты күлуіміз қажет.
Кәне достар бірге қатты күлейік!

Балалар көңілді күле бастайды. Врака – забияка болса бұрышқа қарай тығылады. Құлақтарын жауып алады. Осы кезде көңілді ән ойнайды. Қолында сабынды көпіргіші бар Смешинкин клоун шыға келеді. Балалар оны қоршап алады. Тағы бір балалар көпіргішті қуалап ұстап әуреге түседі.

Смешинкин: - Міне, мен де келдім. Көңілді күлкіні естігенде , Е, балалар мені күтіп отыр екен деп ойладым. Солайма балалар?

Балалар: Бәрі бірге - Ия!
Смешинкин: Сендерде бүгін мейрам екен. Ой – ой мейрамдарды мен қалай жақсы көремін!
Ж – ші: Иә, Смешинкин біз бүгін барлығымыз кездесіп бірге мейрамдайық деп шештік.
В –З: Ә, солай ма! Кішкене балақайлар.
С – кин: А, Врака – Забияка сенде осында ма едің. Тағыда кедергі жасап жүрсің бе, қоңырсығынды қоймайсың ба?
Ж –ші: Смешинкин байқадың ба? Мына Врака – Забияка біздің ұл – қыздарымыздың қолынан ештеңе келмейді ештеңе үйренген жоқ деп қоймайды.

( Врака –Забияка кекесінді қарқылдайды)
Смешинкин: Ал мен басқаша ойлаймын. Біздің балалар оқу жылын босқа өткізген жоқ. Врака – Забияка білгіш болсаң айтшы, таңертен не істеу қажет?
В – З: Әрине білемін. Мен білмегенде кім біледі. Ерте тұрасың да өтірік айта бастайсың, сұмрайлық жасап, бұзықтық істей бастайсың.
С –кин: - Жоқ қымбаттым, бұлай енді болмайды. Біз сені таңертең не істеуге, немен айналысуға үйретеміз.
Клоун әннің әуеніне қарай жаттығу жасайды.
В – З: Сендер балабақшада ересексіңдер. Ал жазды менсіз өткізе алмайсыңдар. Мен қандай жауыз, сұмырай болсам да менсіз сендерге жақсы болмайды қызықсыз болады.
Ж – ші: Ал жазда қаншама ғажайып әсерге қаламыз. Көпшілігіміз саяхатқа шығамыз. Орман аралаймыз. Тауға шығамыз. Ауылға барамыз.
В –З: Сендер қандайсындар? Сендерден маған көмекші шықпады. Неге менің осы жолым болмайды. Неге осы менімен ешкім дос болғысы келмейді (жылайды)
С –кин: Сен өзің бір уақ өзіңе қарашы, түріңе. Жүзіңде ешқандай күлкі жоқ, түсі сұық қайырымсызбен кім дос болғысы келеді.
Ж –ші: Расында Смешинкиндікі – шындық. Өзі көңілді, қайырымды кісіге адамдар үйіріліп тұрады. Міне, тыңдап көрші бізге біздің балалар қандай жақсы ән айтып тұр. Мүмкін осы ән Врака – Забияка сенің жүрегіңе жол табатын шығар. Қозғау салатын шығар. Сенің жүрегіңе жылылық пен қайырымдылық әкелетін шығар.

Жоғары топтың балалары «Песенку – Чудесенку» әнің орындайды.

В – З: (алақандарын соғады) Қандай керемет ән! Бұрын мұндай әнді тыңдап көрмеппін.
С –кин: Достар! Ешқашан болып көрмеген таңғажайып жаңалық ашылды. Вракп – Забияка бірінші рет шындықты айтты.
В – З: Мүмкін емес. Қалай? Маған осы не болды? Егер мен өтірік айтуды қойып кетсем кім болғаным? (ыңқылдайды)
Ж ші: Сен енді көңілді, қайырымды жақсы боласың. Егер қаласаң біз саған жаңа ат ойлап қоямыз. Есімің басқадай болады.
В – З: (кірбіктеп) Мен білмей тұрғаным. Менен жақсы адам шығар ма екен.
С – кин: Шығады, шығады біз балалармен саған көмектесеміз.
Ж – ші: Балалар Врака – Забиякаға тамаша жаңа ат ойлап табайық. Барлығымыз ойланайық. Ойларыңды айтыңдар. (балалармен күбірлесіп ақылдасады) Дұрыс! Біз балалармен ақылдасып саған Веселушка – Хохотушка деген атты қоямыз деп шештік. Ол саған ұнайды деп ойлаймыз.
С – кин: Тек сен дәл қазірден бастап қайырымды бол, әрқашан күліп жүр, жақсы істер істе, келісесің бе?
В – З: Ал қайырымды істерді қалай жасауға болады мен білмеймін ғой.
С – кин: Ал ол тұралы мен саған қазір айтамын. Мен жаңа жолда келе жатып, әртүрлі гүлдерді жинадым. Бірақ олар кәдуелгідей емес. Әрқайсыларында жұмбақтар орналасқан. Міне саған гүлдер, ал мынау маған. Қазір біз балалармен кезек бойынша жұмбақтың жауабын шешеміз. Келістік пе?
В – З: Мен байқап көрейін.

Жұмбақтар:

Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (Күн)

Ішін желмен толтырдым,
Қуалап жүріп болдырдым. (Доп)

Арлы – берлі қақпаны,
Тербетіп – ақ жатқаны. (Жел)

Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю) т. б.

С – кин: Жарайсыңдар балалар. Ал сен айтасың. (Врака – Забиякаға қарап сөйлейді) Біздің балалар ештеңе білмейді деп. Олар мүлде кішкене болса, осындайқиын жұмбақтарды шеше алар ма еді?
В – З: Енді расында да мен балалардың өскенін, ақыл кіргенін көріп тұрмын. Неге екенін білесіңдер ме? Өйткені мен ақырын – ақырын «Веселушка - Хохотушка» айналып келе жатырмын. Қазір сендерді қуантқым келеді. Сондвқтан барлығынды «Кішкене үйрек» атты биге шақырамын.
Балалар тәрбиешілерімен биді орындайды.
С – кин: Веселушка – Хохотушка айтшы енді саған біздін мейрам ұнады ма?
В – З: Несін айтайсың. Мен басқадай жанға айландым. Жаңардым. Қайта тудым.
Ж – ші: Сенің осылай өзгерүіңе біздің балалар көмектесті.
В – З: сол себепті мен оларға рахмет айтқым келеді. Мухомор сыйлаймын
С – кин: Мәссаған; Сен тағы өзінің әніне салдың ба? Мухоморды жеуге бола ма екен?
В – З: Сендер немене менің түзелгенімді ұмыттыңдар ма? Мен жақсы кісі болдым ғой. Ал мына мухоморчик жәй емес өте тәтті, тіпті тым тәтті.
Врака – Забияка, Сешинкин ішінде конфеттер бар үлкен
мухоморды кіргізеді. Сонан кейін балаларға конфеттер таратады.
С – кин: Ал балалар біз Вселушка – Хохотушка мен екеуміз ертегідегідей Көнілді елімізге оралуымыз керек. Қалай сендердің бірлесе көңілді қатты шыққан күлкілеріңді естейміз, солай бала – бақшаларыңның қонағы боламыз.
С – кин, В – З: Әзірге қош сау болыңдар.
Көңілді әнің әуенімен қонақтар кетеді.
Жүргізуші: - Міне біздің мереке де аяқталып келеі. Бірақ біз әлі кездесеміз, талай кездесеміз.
Қолдарыңа бор алындар
Асфальтта сурет салыңдар
Сол суретте болсыншы
Шақты күн, ашық аспан көк түсті
Бақыт деген сол екен
Береке, бірліктерің жарассын

Көңілді әнмен баллар өз топтпрына тарайды.
Тәрбиеші Махбаеква Сауле Кенженовна
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2013-01-15) | Автор: Махбаева Сауле Кенженовна E
Просмотров: 16422 | Теги: дошколенок, праздник, день защиты детей | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2025-07-20, 10:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru