Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

"Дидактикалық ойындар"
№10 « Бал-Бұлақ» мектеп бақшасы ММ
Семей қаласы 2012 ж.
Дайындаған:сәбилер тобының тәрбиешісі
Интыбекова М.Р.

Өздігінен білім жетілдіру
Тақырыбы: «Дидактикалық ойын сәби жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесіндегі танымдылық белсенділігінің дамытудың құрамы».

2-3 жас аралығындағы балалардың сенсорлық қабілеттерін арттыруға арналған ойындар

Баланың сенсорлық дамуы- ол заттың сыртқы құрамын: формасын, түсін, өлшемін, қоршаған ортадағы орнын, сондай-ақ иісін, дәмін және т.б. құрамдарын қабылдауы және елестете білуі.

Бала ерте жасында сезіну органдарының қызметі жақсы жетіледі, қоршаған орта жайында өзіндік елестері пайда болады. Сондықтан, сенсорлық тәрбиелеу- мектеп алды тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі.

Сенсорлық даму баланың жалпы дамуының негізін құрайды, ол баланың оқу барысында жетістіктерге жетуіне көмектеседі.

Баланың сенсорлық дамуы арқылы оның мектеп оқуына дайындығы анықталады.

Заттардың өлшемін анықтауға қажетті сенсорлық эталондар ретінде геометриялық фигуралар қолданылады.

Заттардың формалары, түстері және өлшемдері баланың елестету қабілетінің дамуына зор үлесін қосады. Бала ұзақ уақыт аралығында сенсорлық эталондарды елестету құралы ретінде қабылдайды және бұл процесс өзіндік бөлімдерге ие.

1-бөлім- эталон алдындағы шара, баланың 3 жасында жүргізіледі. Бала бір заттың атын атау барысында екінші затты үлгі ретінде қабылдайды. Өз ойыншықтарымен ойнау барысында бала олардың түстерін, өлшемдерін есте сақтайды.

2- бөлім- есте сақтау заттары ретінде нақты заттар емес, олардың құрамының белгілі бір үлгілері қолданылады және олар өзіндік атауға ие. Балалар негізгі түстермен күнделікті өмірде және дидактикалық ойын барысында танысады.

3- бөлім- 4-5 жасында бала сенсорлық эталондарға ие бола тұра оларды жүйелендіруге талпынады. Тәрбиеші балаға түстерді анықтай отырып, оларды кезек бойынша қоюға көмектеседі. Заттың өлшемін үйрену жақсарған кезде, бала оларды ұзындығы, биіктігі, көлемі бойынша қатар бойынша қоюға үйренеді. Осыған байланысты дидактикалық ойындар да қиындай бастайды.

Қосымша

Дидактикалық ойындар
«Көліктерді гараждарға орналастыр» ойыны


Дидактикалық тапсырма: басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру; түсі бойынша көліктерді айыра білу; аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу; грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру – зат есімді түсті білдіретін сын есіммен салыстыру.

Материал: басты түстермен боялған кубиктер мен кірпіштер; аталған түстердегі ойыншық машиналар;

Басшылық: тәрбиеші балаларға машиналарды көрсетеді. Гараждың не үшін қажет екендігін балалардан сұрайды. Гараж қандай болуы тиіс? Көлікті гаражға кіргізу үшін не істеу қажет?

Балаларға әр түрлі түстегі құрылыс материалдарын көрсетеді. Екі түстен- көк және сары түстен бастау қажет, кейіннен қызыл және жасыл түстерді енгізу қажет. Балалар қателеспей екі түстегі затты айыруды үйренгенде, оларға барлық төрт түске боялған ойыншықтарды ұсынуға болады. Тәрбиеші балаларға кірпіштерден гараж құрастыруды ұсынады. Құрылыстың бірнеше тәсілдері бар. Балаларға жолда тұрған көліктерді қарастыруды ұсынады. Тәрбиеші әр көлікті көрсете отырып, оның қандай түске боялғандығын сұрайды. Егер балалар аталған көлік түсін сенімсіз атаса басқа нұсқа қолданылады: тәрбиеші бір түсті атап, аталған түске боялған көлікті тауып беруді сұрайды.

Тәрбиеші еденде бордың көмегімен жол суретін салады. Балаларға ойын ойнауды ұсынады: тәрбиешінің айтқандарын тыңдап,аталған түстегі гаражды тауып, машинаны гаражға кіргізеді.

«Шырша және саңырауқұлақ» ойыны

Дидактикалық тапсырма: заттарды түсі бойынша реттеуді үйрету. Сөйлесу қабілетін арттыру.
Материал: жасыл және қызыл түске боялған қораптар, аюдың бас киімі.
Басшылық: тәрбиеші балаларға қызыл түсті қораптарды көрсетеді, шыршаның жасыл түсі болғандығын түсіндіріп, тақтаға шыршаларды орналастырады. Қызыл қорапты көрсетіп, осындай түсте саңырауқұлақтардың болатындығын айтады және тақтаға орналастырады. Кейін балалар үстелде өз бетінше шыршалар мен саңырауқұлақтарды орналастыра бастайды. Балаға аталған тапсырманы орындау қиындыққа түссе, тәрбиеші оған шырша және саңырауқұлақтарды ретімен айта отырып, көмектеседі.

Балалар шырша мен саңырауқұлақтарды ретімен орналастырып болған соң, тәрбиеші олардың қалаған тапсырманы жақсы орындағанын айтып, оларды мақтайды. Ал орманда кім өмір сүреді?
Аю! Балаларды ортаға шақырады, ал аю ортада тұрады.
Аю ортада тұрып секіреді, балалар қол соғады.

«Қуыршақтарға өз ойыншықтарын табуға көмектес» ойыны


Дидактикалық тапсырма: бір түске ие заттарды топтастыру және әр түсті заттарды түсі бойынша салыстыру.
Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз қуыршақ, сегіз түске боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар.
Басшылық: тәрбиеші әр түсті көйлектер киілген сегіз түсті қуыршақтарды кезек бойынша балаларға көрсетеді, баламен кезекті қуыршақты қарау барысында тәрбиеші оның көйлегінің әдемілігіне назар аударады. Қуыршақтар тәрбиешінің үстелінде қатарға тұрғызылады. Ақ және қара көйлек киілген қуыршақтар екі жақ шетте орналасады.
Кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өз ойыншығы: саңырауқұлақтар мен таяқшалары бар екендігін, алайда олардың шатасып кеткендігін айтады, балаға қуыршақтарға ойыншықтарын тауып беруге көмектесуді тапсырады.
Тәрбиеші әр баланың үстеліне бір қуыршақтан қойып, қуыршақтың көйлегіне сай түске боялған саңырауқұлақтарды таңдауды ұсынады.Бір үстелде отырған балалар жалпы материалдардан қажетті саңырауқұлақтарды таңдайды.
Барлық балалар әр қуыршақтың қасына сай келетін саңырауқұлақтарды қойғаннан кейін, тәрбиеші жалпы материалдардан таяқшаларды таңдауды ұсынады.
Ойын барысында тәрбиеші балалардың тәрбиесін реттеп, оларға асықпай, ойыншықтарға назар сала қарап, кейін оларды қажетті қуыршақтардың қасына қою керегін ескертеді.

Ойын соңында тәрбиеші балаларға барлық қуыршақтарды, әрқайсысының өз орны бар екенін ескере отырып, қастарына үстел үстіне қоюды тапсырады. Түстерін атамай, тәрбиеші балаларды кезек бойынша қуыршақтарды әкеліп беруді ұсынады. Әр қуыршақ түсі бойынша орналасқан кезде тәрбиеші қуыршақтарға сай саңырауқұлақтарды, кейіннен таяқшаларды әкеліп беруді тапсырады.
Аталған ойын 10-12 минутқа созылады,екі рет қайталанады.

«Қызықты төртбұрыштар» ойыны

Дидактикалық тапсырма: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару қабілеттерін арттыру.

Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш, төрт үлкен конверт және бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет үлгісі.

Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа қызықты төртбұрыштар келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды саусақпен санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден төртбұрыштарды алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар). Тәрбиеші үлкен төртбұрышты көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен). Ал мынау?(Кішкентай). Мына мүсіндерден қандай әдемі суреттер салуға болатындығын қараңдаршы. Саусағымен ең бірінші тұрған үлкен төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған кішкентай төртбұрышты көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай мүсіндерден тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен...). мен сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді солдан оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай әдемі суреттер салғансыңдар.


«Ол не»? ойыны
Мақсаты. Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету.
Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш матрешкалар.
Балаға тапсырма. Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша салыстыру.
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады:
Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,
Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.
Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,
Жиналғанда бір ойыншық сияқты.

Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші матрешкалардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қоя білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі рет қайталанады.
Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген бала жеңімпаз аталады.
Ойынның ұзақтығы 10-15 минут.

Шарлар

Дидактикалық міндеті.
Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына бағытталған.
Қажетті материалдар.
30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді.
Ойынға басшылық.
Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете отырып, бүгін шарлармен ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың алдымызда картон жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп отырғандарыңды айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға қарайық, олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға картонда өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап алып байлап қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары шарды, көк жіпке көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын байлаймыз. Міне, оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың дұрыс орналасқандығын айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған шарларды көрсетеді: жасыл жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары шарды, көгілдір жіпке күлгін шарды байлап көрсетіп олардың қате байланғандығын айтады.
Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың өзінің байлауын талап етеді.

Ойынның ұзақтығы мен қайталануы
Ойын ұзақтығы 15 минут, 1-2 рет қайталап ойнауға болады


ЕКІ ТҮСТІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТЫ СӘЙКЕС ҮСТЕЛДЕРДЕГІ КӨЗШЕЛЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ
Дидактикалық міндеттері.
Балалардың заттарды түсіне қарай топтастыру икемділігін бекіту және әр текті заттардың түстік ара қатынастарын белгілеуге үйрету.
Материал
8-10 екі түсті үстелдер өлшемі 17,5 х 35см 10 көзшелерінің диаметрі 1,5см бар және биіктігі 4см, қалпағының диаметрі 4см саңырауқұлақ қажет. Үстелдің биіктігі 5см. Үстел беттерін қызыл-көк, жасыл-сары, тоқсары-күлгін түстерге бояу керек. Әр үстелге 10 жақты жинақталған саңырауқұлақ қажет. (үстел түсіне қарай 5 түрлі түсті саңырауқұлақ).
Ойынға басшылық
Тапсырманы түсіндіру барысында тәрбиеші үстелдің және саңырауқұлақтың әр түсті екенін, бірақ үстелдің бір жартысы және бірнеше саңырауқұлақтар біркелкі түсте екендігін ескертеді. Егер саңырауқұлақты түстес үстелге орналастырсақ, ол көрінбей, жасырынып қалады да, ешкім оны байқамайды. Ал егер басқа түстегі үстелге орналастырсақ, ол алыстан бірден көзге көрінеді. (осындай түсті саңырауқұлақтар қайда). Бір екі саңырауқұлақты таңдай отырып, тәрбиеші балаларға өз алдарындағы саңырауқұлақтан тағы да біртүсті саңырауқұлақты таңдауларын және оны тәрбиеші үстеліне орналастыруларын сұрайды. Балаларға дұрыс және қате орналастырылған саңырауқұлақтарды көрсетеді. Содан кейін жасырынып қалған саңырауқұлақ көрсетулерін сұрайды. Келесіде әр баланың өз бетімен жұмысты орындауларын қадағалайды. Қатар отырған балаларға әр түстегі құралдар беріледі.Үстел мен саңырауқұлақтың сәйкестігін табуда қиналған балаларға саңырауқұлақты көзшелерге орналастырмас бұрын үстел шетіне қойып салыстыруларын сұрайды.
Бір сабақта әр бала тапсырманы 2-3 рет орындап, 20-30 саңырауқұлақты орналастырып 4-6 түсті меңгереді. Егер бала үстел түсі мен саңырауқұлақ түсін дәл сәйкестендіре алған жағдайда тапсырманы толық орындады деп есептейді. Кейбір балалар жекеленген қателіктер жібереді. Оны тәрбиешінің «сен дұрыс орналастыра алдың ба» деп сұрауы арқылы түзетеді. Кей жағдайда балалар саңырауқұлақты алақандарымен жауып алып, түс сәйкестіктерін ажырата алмайды. Сондықтан тәрбиеші саңырауқұлақты қалай ұстау керектігін түсіндіреді.
Ойынның ұзақтығы мен қайталануы
Сабақ ұзақтығы 8-10 минут.
Ескерту: сабақ 1 жас 9 айдан бастап жүргізіледі. Сабаққа 6-8 бала қатысады.
[color=blue]
Категория: Дошколенок | Добавил: МайраМайра (2013-01-24) | Автор: МайраМайра E
Просмотров: 20689 | Комментарии: 1 | Теги: ойындар, дидактикалык, жоспар, сабак | Рейтинг: 3.3/9
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 11:38 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru