Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
№10 « Бал-Бұлақ» мектеп бақшасы ММ Семей қаласы 2012 ж. Дайындаған:сәбилер тобының тәрбиешісі Интыбекова М.Р. Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орны Жоспар: 1. Отбасындағы тәрбиеге психологияның көмегі. 2. Мектеп ұжымы. 3. Отбасы-педагогикалық қатынас субъектісі. Отбасындағы тәрбиеге психологтың көмегі Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе. Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар. Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды. Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет. Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнің өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал. Психолог-мамандар ата-аналарға сәби дамуының бастауы мына факторлардан тұратынын ұғындырса тиімді болады. Олар: биологиялық — туа және жүре-бара берілетін ерекшеліктер; әлеуметтік — бала өсіп жетілетін рухани орта. Баланың ата-анасымен осы жұмыстарды жүргізе отырып, нәтижесін білу үшін психо педагогикалық мінездеме құрастырады. Бұл диагностикалық кестеде әр баланың пәндер бойынша үлгерімі, материалды қабылдауы, ойын дәлелдеуі, ұштастыра білуі, этикалық, эстетикалық талғамы, қабілеті, өз ісіне жауапкершілігі көрсетіледі. Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасынаң мектепте - ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық. Психолог-маман ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені, талап еткені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады. Ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке көзқарасы да сан алуан. Қандай да мектеп болсын, әлеуметтік тұрғыдан бұл мәселені «Отбасы - оқушы - мектеп» үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. Мұндай жұмыс «Отбасылық психологиялық таным» сабақтарын жүргізгенде, оң нәтижесін берері сөзсіз. Ол үшін, ең алдымең ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлекциялар жүргізіледі. Әрине, кез-келген ата-ананың өзі туралы, өз баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық. Сондықтан, бұл жүмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту сипатында жүргізілгенімен, кейінірек мән-маңызы, берері тереңдей түседі. 1. Отбасы - педагогикалық қатынас субъекті Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары - бұлардың бәрі де тұлға дамуьшдағы қалыптастырушы ыкпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткініиектер ұйымдары қарым-катынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таң-дайды, соның ықпал тәуелділігінде болады. Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады. Бала үшін отбасы - ең алғашкы да аса белсенді тұлғалык қалыпта-су көзі. Осыдан отбасында кабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды. Отбасы белгілі кызметтерді атқарады: - қайта өндіру (репродуктивті) -ұрпак келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі); - шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық және каржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру); - тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ыкпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылык тәртіптері мен адамгершілік кұндылыктарға баулу); - қарым-қатынас құру (коммуникативті—отбасы ішіндегі катынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру); - қайта қалыпна келу (рекреативті - бос уакыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету). Отбасы тәрбиелік кызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты. Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың Туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ыкпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, кызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан. Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмен-дегідей: Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш әулетті отбасылар - ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасы-ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды). Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді. Адамгершілікті қатынас түрі (стиль) ата-аналардың бала тұлға-сына болған сыйластық құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін кабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлак түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет куанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі,олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді. Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді Балалар ата-аналарының әсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді. Өз перзентіне шынайы қамқорлык пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтыц) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды. Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан: - баланы бар қалпында сүю, кұрметтеу қажет; - балаға әсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыкқандығы мәнді; - баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады; - баланың не айткысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс; - жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін колдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман); - бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім кабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз баланның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау; - балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал; - да балаңызға канша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан корытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді; - бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ыкыласпен араласканын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді; - баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн. себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды; - баланы киындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сүхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеггігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бәрі: -баланы қалыптастыруда өз үлесін косып барады. Балаға болған катынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ-тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек. 2. Мектеп ұжымы Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тәрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс әрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы ұжымшылдыққа және өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге әр тұлғаның мәртебесін көтеруге жол ашады. Педагогикалык әдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған әрқандай тәрбиеленушілер бірлестігі - ұжым деп аталады: - ортақ әлеуметтік мәнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да, қылмыскерлердің де. Әңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты әлеуметтік мақсаттармен ұласады, оны қоғам да, мемлекет те қолдап, қуаттайды. - іс-әрекет - ортак мақсатты іске асыруға бағытталады.: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-әрекет нәтижесіне болған ерекше жауапкершілігін танытады. - жауапкерлі тәуелділік қатынасында болуы. Ґжым мүшелері арасында мақсат не іс-әрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі ққжетсіну катынастары жүйесі қалыптасады. - Сайлаумен тагайындалатын ортақ басшы орган. Ґжымдарды басқару органдары ұжымның аса беделді мүшелерін тікелей және ашық сайлау жолымен қалыпқа келтіріледі. Сонымен, мектеп ұжьшы — бұл әлеуметтік мәнді мақсатпен іс-әрекетпен, сол іс-әрекетті ұйымдастыру багытымен бірлескең ортақ сайлану органымен, ынтымағымен, ортақ жауапкершілгімен, теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тәуелділігін тани білген барша тәрбиеленушілер тобынан құралады, Тұлға әлеуметтенуінде мектеп ұжымының ықпалы өте күшті. Себебі, бұл ұжым өз ішіне біртұтас жалпы мектептік ұжымды, сыныптар, уйірмелер, спорттық бөлімдер, уақытша ұжымдық бірлестіктер кұрылымдарын қамтиды. Тәрбиеленушілер өз алдына ұжым есептелетін оқу, еңбек, қоғамдық, көркем өнер - шығармашылық клубтық, сиорттық және өзге де бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал. Тәрбиеленушілер тобының аса мәнді сапасы- элеуметтік-психологиялық кемелі. Себебі, осындай кемел деңгейі ғана топты түбегейлі жаңа әлеуметтік кұрылым - топ-ұжым дәрежесіне жетілдіреді. Ұжым қалыптасуының төменгі деңгейі бұл топ- конгломерат («қырық рулы- тобыр»), бұрыш бірін-бірі танымаған, бір кеңістікте, бір уақытта қандай да себептермен кездесіп, топтасып қалған балалар бірігімі (балалар лагерлері, әрқилы денсаулык сақтау және т.б. топтар). Бұл топтағылардың ара-қатынастары үстірт, жағдайға байланысты. Мұндай топ бірте-бірте өз атамасына ие болып, ортақ мақсат төңірегінде Егер осындай бірлесу жүріп,ортақ іс-әрекет белгіленсе, конгломераттар бір саты көтеріліп - (ассоциативті) топка айналуы мүмкін. Осы деңгейде топтың ортақ өмірлік тіршілігі, іс-әрекеті өрбіп, ұжым құрылымына тән бастау алуы мүмкін. Ресми алғашкы топ аймағындагы бірлікті іс-әрекет одақтасқан (ассоциативті) топқа жоғары деңгейлі құрылымға, ең бастысы тұлға аралық қатынастарға жаңа өң беретін еңбектік мақсат төңірегінде ұжымдаскан топ- кооперацияларга есік ашады. Еңбек тобы- кооперация нақты және ұжымдаса әрекетке келуші кұрылымға ие, жоғары кызметтестік қатынасқа бейім топ дәрежесіне көтеріледі, оның тұлғааралық қатынастары іскерлік сипатқа ие болып, жоғары нәтижелер көзіне айналады. Бұл кооперация тобының келесі жоғары деңгейдегі дербестенген - автономиялы тобына айналуына мүмкіндік береді. Дербестенген автономиялы топ жоғары ынтымағымен ерекшеленеді. Дәл осы деңгейде топ балалары өздерінің ұжым мүшелігін сезінеді. Осы жағдайда ғана ұжымның әрбір мүшесі өзінің даралығын сезіне отырып, іштей бірлік және ынтымакқа келіп, аса жоғары деңгейге жетуге ұмтылыс білдіреді. Дегенмен, кейде дербестікке ие болған топ, еңбек бірлестігі -ұжымнан бөлініп, өз бетінше кетуге де ынта білдіруі мүмкін. Мұндай жағдай топтың тұйықтыққа беріліп, басқа топтардан ажыралып, оларды өзіне карсы қоюынан да болуы мүмкін. Осыдан топ жалған ұжым сипатына енуі күтіледі. Керісінше, егер бірлестік тұлғааралық қарым-катынас пен өзара әрекетке келетін болса, онда ұжымдасқан бағыт-бағдар калыптасып, топ кәдімгідей бір мақсатты, ортақ іс-әрекет төңірегінде біріккен ұжымға айналады. Ұжымдар өндірістік, саяси, мектептік, отбасылық көркем өнер бірлестіктері болып ажыралады. Мектеп ұжымы күрделі сипатқа ие болуымен, өз ішіне окушылар ұжымын және мұғалімдер ұжымын қамтиды. Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін: - бастапқы (не өзара байланысты) ұжым- ұзақты қарым-қатынасқа түскен бір сыныптағы окушьшар (сынып); - жалпы мектептік ұжым - ол сынып бірлестіктерінен құралады. Кейбір оқу-тәрбие жұмыстарды орындау үшін ұзақты не қысқа мерзімді, уақытша ұжымдар түзіледі: үйірмелер, спорт секциялары және т.б. Соңғы кездері әлеумет танушылар ұжым ішінде шағын топтарды бөліп қарастыруды жөн көруде. Шағын топ қатысушыларының өзара жақындығы әлеуметтік мәнді мақсаттардан болмай, олардың арасындағы жеке сыйластық пен кішігірім топтық қызығуларға негізделеді. Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық басқарымды. Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі ережелерді ескеру қажет: - педагогикалық басшылық тәрбиеленушілердің өз бойына тән дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт; - педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс; - барша тәрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып мұғалімдері өзара сәйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс; - ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау және реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті; - тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тәрбиеленушілер қызығуларына сәйкестігін де ойластырған жөн; Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын пайдалану қажет: - бірлікті іс-әрекет. Оқушылар әрқилы іс-әрекеттермен айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмые, еңбек, ойын, көркем өнер, эстетикалык, спорт, туризм және т.б. Мектеп субъекттерін алдымен біріктіретін оқу істері, себебі олар бір бағдарлама негізінде орындалады, оқуды жүргізетіндер де бір мұғалімдер тобы, үйренетін әлеуметтік тәжірибелері де, әртүрлі себептермен болатын толғаныс, күйзелістері де ортақ. Ұжым басын қосуға себепкер - дұрыс педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған еңбек және ойын әрекеттері. Ойын арқылы тәрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын да өздері; - ұжым салт-дәстүрлері; - ұжым қызметтерінің мазмұны және жүрісі; - тәрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды; - салыстыру, жариялылық, жәрдем, ұнамды баға принциптеріне сәйкес өткізілетін жарыс, бәсекелер; - ұжым кейпі мен эстетикасы; - өзіндік басқарымның шымдастырылуы. Өзіндік басқарым - бұл ұжым тіршілігінің өкілетті тұлғалар тарапынан реттеліп баруы. Өзіндік басқару органдары және олардың саны нақты жұмыстарға байланысты белгіленеді. Олар тұрақты (сынып кеңесі, оқушылар комитеті, староста) және уакытша (штабтар, комиссиялар, жұмыс бабындағы кеңестер) болуы мүмкін. Мектептегі өзіндік басқарудың ең жоғары органы - жалпы мектеп ұжымының не оның өкілдерінің жиналысы. Жиналыс шешімдері өкілетті мұрагелерге берілген құқықтар деңгейінде қабылданады. Мектептегі өзіндік басқарудың орындалу шарттары төмендегідей: - басқару органдары мен сайланған өкілетті тұлғалардың ретімен ауысып баруы; - сатылы жауапкершілік жүйесінің болуы; - уақытымен берілетін есеп; - баскару істеріне ойын элементтерін қосып бару. | |
Просмотров: 2222 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|