Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
«Екінші сәбилер» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өткізген: Интыбекова М.Р Бағдарлама тарауы: ҚҰМҚ Тақырыбы: «Әр түрлі орамалдар»(үлкен-кішкентай) Мақсаты: Балаларды екі әр түрлі көлемді заттарды салыстыруды, салыстырудың нәтижесін «үлкенірек», «азырақ», «үлкен», «кішкентай», деген сөздермен белгілеуге үйрету. Байқампаздығын, ойлау қабілеттерің, тілдерің дамыту. Сөздік қорын белсендету. Көрнекілік жадығат : әдемі қорап; екі әр түрлі түсті және әр түрлі көлемді орамал; сабынның, сүлгінің суреттері, сиқырлы қапшық, әр көлемді заттар. Үлестіру жадығат: екі жолды карталар; үлкен және кішкентай көлемді қағазды доптар. Сөздік жұмыс: үлкенірек, азырақ, үлкен, кішкентай, сүлгі. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық- қозғаушы Тәрбиеші балалармен әңгімелеседі: - Балалар таза болу үшін не істеу керек? - Дұрыс. Жуынғанда біз немен пайдаланамыз?(балалар жауапты беруге қиындалса, тәрбиеші сабын мен сүлгінің суретің көрсетеді) - Өте жақсы. Ал немен сүртінеміз? Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді: - Былғанбау керек, жууну керек. - Сабын, су, орамал. Көбінесе балалар орамал деп жауап береді. Ұйымдастыру- іздестіру Тәрбиеші балалардың жауаптарың тыңдап, қол сүртетін орамалды басқадай сүлгі деп айтатын түсіндіреді. - Қанеки, қайталайық. Таңырқат сәті: Тәрбиеші топқа әдемі қорапты кіргізеді: «Балалар, бізге сәлемдеме келді. Ішінде не бар екен, қалай ойлайсындар?» Балалардың жауаптардың тыңдап, қорапты ашып, ішінде не жатқаның көрсетеді.(орамалдар). Тәрбиеші қолына екі орамалды алып балаларға көрсетеді. Сұрақтар қояды: - Мына орамалдар не үшін керек, қалай ойлайсындар? - Жақсы. Мына орамалдар қандай түсті? Қандай орамал үлкенірек(азырақ)?(орамалдарды бірінің үстіне бірін айқастырып қояды). Тәрбиеші орамалдардың мөлшерін басқадай үлкен немесе кішкентай деп айтуға болатынын түсіндіреді. Содан кейін бір баланы шақырып үлкен және кішкентай орамалды көрсетіп атауға ұсынады. Сергіту сәті: «Жел соғады бетіме» Үлестіру жадығатпен жұмыс: тәрбиеші балаларға алдарындағы карточканың үстіңгі жолына кішкентай, ал төмеңгі жолына үлкен доптарды орналастырып қоюға ұсынады. Сұрақтар қойылады: - Үстіңгі жолда қандай доптар? - Төмеңгі жолда қандай доптар? - Доптардың мөлшері әр түрлі екенін қалай анықтадыңдар? Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық» Қапшықтың ішінде әр түрлі Көлемді фигуралар. Балалар қол сезім арқылы бұл қандай зат және ол үлкен(кішкентай) екенін айту керек. Мұқият түсінікті тыңдап, жаңа сөзді тәрбиешімен бірге қайталайды. Балалар әр түрлі жауаптар береді: - Ойыншық. - Сурет және т.б. Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. - Таңауымызды сүрту үшін. Көрсетілген орамалдардың түсін атайды. Тәрбиешінің іс-әрекетін бақылап, қандай орамал үлкенірек ( азырақ). Балалар тәрбиешінің түсінігін тыңдап, жаңа сөздерді қайталайды. Бала үлкен ( кішкентай) орамалды көрсетіп, ол қандай екенін айтады.Егер де жауап беруге қина лса, немесе шатасса, балалар көмектеседі. Балалар мұқият тыңдап, сөздерге сәйкес қимылдарды жасайды. Балалар тәрбиешінің тапсырмасын мұқият тыңдап, доптарды керек жолға қоюға тырысады. Қойылған сұрақтарға жауап береді: - Үстіңгі жолда кішкентай доптар - Төменгі жолда үлкен доптар - Доптарды қайсысы үлкен(кішкентай) екенін бірін-бірінін үстіне қойып білдік. Балалар ықыластарын білдіріп, ойынға қатысады.Алған затын атап, мөлшерін айту керек. Дұрыс жауап бере алмаса, басқалары көмектеседі. Рефлексивті түзету - Балалар, бүгін не істедік сендермен? - Сендерге не қызықты болды? - Орамалдардың мөлшері үлкен(кішкентай) екенін қалай біліп анықтадық? Балалардың жауаптары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: - Ойнадық, орамал қандай екенін білдік. - Сиқырлы қорап көрсеткенде. - Орамалдарды бірінін үстіне бірін қойып үлкен (кішкентай) екенін білдік. Күтілген нәтиже: Білу керек: «үлкенірек», «азырақ», «үлкен», «кішкентай» деген сөздерді Болу керек: Заттарды мөлшері бойынша салыстыру, талдау іскерлігі. Істей білу керек: Заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастырып қоюға. Таныстым:_________ | |
Просмотров: 8885 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|