Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Мақсаты: «К» дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Таза қазақ тілінде сөйлеуге, байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, слайт, сұрақ - жауап, ребус, жұмбақтар шешу. Көрнекіліктері: слайт арқылы ребустар, текшелер, жалаулар, К әрпі. Сабақтың барысы. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Жылдың қыс мезгілі. - Қыстың қай айы? - Қаңтар айы. - Аптаның қай күні? - Аптаның сәрсенбі күні. - Балалар, дыбыс дегеніміз не? - Дыбысты естиміз. - Не естідік? - Дұрыс, дыбыс естідік. - Дыбысты естиміз, ал әріпті көреміз. - Дыбыстар неше топқа бөлінеді? - Екі топқа бөлінеді. (дауысты, дауыссыз) - Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? (қызыл) - Дауыссыз – көк. Тәрбиеші жұмбақ жасырады. Өз атын өзі шақырады Сөйтіп күнді батырады. (Көкек) Көкек – слайды. «К» әріпті көрсету – слайдпен, түсіндіру. - Көкек деген сөзде бірінші қандай дыбыс? - Көкек – сөзді талдау. (өзіндік жұмыс) - К дыбысына байланысты әр түрлі сөздер атау. Аталған сөздерге сөйлем құрату. Кактус, күшік – слайд, текшемен жазу. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Екі қолды созайық. Құс боп қанат қағайық Жоғары – төмен қарайық. Бір отырып, бір тұрып Орнымызды табайық. Ал енді, балалар, «Ойлан, тап», ойынын ойнаймыз. Мысалы: мен көк түсті жалаушаны көтеремін, сендер түстеріне қарай сөз құрастырасындар. - Көк көйлек, - Көк доп, - Көк аспан. 2. Жасыл жалаушаны көтергенде. - Жасыл жапырақ; - Жасыл қияр; - Жасыл шөп; - Жасыл бұршақ. 3. Сары жалау көтергенде. - Сары доп; - Сары күн; - Сары гүл. Жақсы балалар, көп сөзді білесіңдер. Енді, біз сендермен жаңылтпаш үйренеміз. Тіл ұстарту: Кекілік – ау, кекілік, Кетіп қалма секіріп. Жекеше айтқызу. - Ал, енді балалар мен білемін сендер ребустар шешкенді ұнатасыңдар. Ребустар – слайд. К – ит суреті = кит. Күн суреті + сұлу = Күнсұлу. Үй суреті + рек = үйрек. Көк түсі + ек = көкек. Кеспе әріптермен жұмыс жасау. Кеме, кесе – слайд. Дидактикалық ойын «Жоғалған сөздер» - слайд. - Жақсы, балалар, жоғалған сөздерді таптық. Сендер жұмбақ шешкенді де ұнатасыңдар, олай болса мұқият тындаңдар. К дыбысына жұмбақ жасыру арқылы «К» дыбысын бекіту. Жұмбақтар –кірпі, күн – слайд. Жұмбақтар: 1. Жұп – жұмыр тоны бар Инеден тоны бар. Түйреген түрпі Бұл не? (Кірпі) 2. Ақ сандығым ашылды Ішінен күн шашылды. (Күн) Мысалы: кірпі, күн – сөздерінде к дыбысы басында кездеседі, ал енді сендер ортасында, аяғында кездесетін сөздер табындар. Қортындылау. - Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? - К дыбысымен таныстық. - К әрпі қандай дыбыс? - Дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз. - Сендерге сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? - Балалардың жауабы. - Қиындықтар болды ма?Қай жерде қиын болды? - Балалардың жауабы. Үй тапсырмасы. Дәптердегі әріптерді жазу. Сабағымыз аяқталды. Бүгін барлық балалар сабаққа белсенді қатысты, сендерге үлкен алғысымды білдіремін. Келген қонақтарға «Үлкен рахмет» - балалармен бірге. | |
Просмотров: 3557 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|