Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
«Ертөстік» ортаңғы тобының ұйымдастырылғаноқуіс – әрекетінің технологиялық картасы Уақыты:29.05.2012жБілім беру салалары: «Таным», «Қатынас» Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу, ҚМҰҚ, Тіл дамыту Тақырыбы:«Көңілді көктем» Мақсаты: 1. Білімділік: Табиғатты сүюге баулу, табиғаттқа қамқор болуға үйрету. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. 2. Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қарапайым сұрақтарға жауап үйрету. 3. Тәрбиелік: Табиғаттқа қамқорлық жасай білуге үйрету, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру. Көрнекіліктер: жыл мезгілінің, құстардың суреттері. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастыру бөлімі Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, келген қонақтармен амандасамыз. Орындарымызға отырайық, енді жыл бойғы өткен сабақтарымызды есімізге түсірейік. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық бәріміз, Арайлап атқан күнге. Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Іздену барлау -Балалар ,біз қай Республикада тұрамыз? -Бас қаламыз қай қала? -Ел басымыз кім? -Біз қай қалада тұрамыз? -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Біз осы уақытқа дейін қанша санға дейін санап таныстық. –Олай болса балалар мына себеттерге саңырауқұлақтарды жинап, санайық. -Мына себетте неше саңырауқұлақ бар? Сергіту сәті Ал, балалар тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп , Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып. Біз тынығып алайық. -Балалар мына суретке қарайықшы жылдың қай мезгілін суреттеп тұр. -Балалар сендер құстар жайлы не білесіңдер? Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келеді. Біз құстарды қалй күтеміз. Құстарға біз не жасаймыз, оны қайда ілеміз? Ұяның шатыры қандай пішінге ұқсайды? Қабырғалары ше? Құстар азықтарын қайдан алып жейді? -Тағы дала құстарынан басқа қандай құстарды білесіңдер? Оларға кім қамқорлық жасайды? Олар немен қоректенеді? Балалар үй құстары қайда мекендейді ? Д.о «Құстарды ажырату» Балалар қазір дал құстары мен үй құстарын ажыратып өздерінің мекендеріне орналастырайық. Енді осы суреттен көргендерімізді компьютерден көрейік. Енді осы құстардын қауырсынынан тәжірибе жасап көрсетейін. -Балалар мен сендерге осы құстардың қауырсынынан тәжірибе жасап көрейік. Балалар мынау қаздың және тауықтың қауырсыны, яғни қанаттары.(қанаттарды сулап көрсету) Балалар көрдіңдерме қаздың қауырсынына , яғни қанатына су тұрмайды өйткені ол майлы, ал тауықтың қанаты майлы емес. Суда жүзетін құстардың арнайы ішкі майлы бездері болады, олар майды тұмсықтарымен жүндерін майлайды. -Қазақстан Республикасында -Астана -Н.Ә.Назарбаев -Семей қаласында -Көктем мезгілі -3 ай бар.Наурыз, сәуір, мамыр. -5ке дейін санадық -5 саңырауқұлақ бар -4 саңырауқұлақ бар Суретке қарап әңгіме айтады. Көктем мезгілі -Көктем мезгілінде құстар жылы жылы жақтан ұшып келеді. -Біз құстарды күтіп-баптап, аялауымыз ке- рек. Құстар біздің досымыз. -Құстарға қамқорлық, қоректенетін ұя жасап, оны ағашқа ліліп ,жем беруіміз керек. Үшбұрышқа ұқсайды Төртбұрышқа ұқсайды Ағаштардан Үй құстарын Адамдар Жем, су береді Қорада Балалар қуана ойнайды. Үй құстарының қауырсындарын көрсетем. Рефлексивті – қорытындылау Викториналық сұрақтар. 1.Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың. 2.Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды. 3.Құстың негізгі мекені? Осымен бүгінгі жыл бойы оқыған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Қонақтарға сауболыңыз айтайық. Ойын: Пішіндерден үйшік құрау. Әтеш Қарлығаш Ұя Сау болыңыздар Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Көктем туралы түсінік алды . Қалыптасқан әдет: Өз ойларын толық айта алады . Істей біледі: Құстарды ажырата алады. Тәрбиеші: Интыбекова Ж.А. | |
Просмотров: 2713 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|