Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Тіл ұлттық ерекшеліктердің бірі, ұлт мәдениетінің басты формасы. Әр халықтың ұлттың дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айырықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Қазақ балалары ана тіліндегі – балабақшаларда тәрбиелену керек, сол себепті ана тілді үйретудің бастапқы ауыр жүгін көтеру, оның өз жағынандәрежесінде шешімін табу мектепке дейінгі мекемелер мен ата – аналар қауымына жүктеледі. Бұл мәселе балабақшада оқыту әне тәрбиелеу бағдарламасында жасына қарай жұпталған балалар тобына қарай берілетін тіл дамыту материалдарына көлем, мазмұн жағынан бір шама айқындалған. Ана тілін үйрету жұмыстары баланың жас ерекшелігіне қарай жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай дидактикалық принциптерге негізделе өтіледі. Арнайы сабақта ойын, еңбек, серуен барысында баланың жалпы сөз қорын дамыту, диалог, монолог түрінде ауызекі сөйлеуге үйрету, сөздік қорын сан жағынана ғана емес сапалық жағынан дамыту, үйренген сөздерді, берілген тапсырмаларды өздігінен орындауға үйрету, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту сауат ашуға тиісті ұғымдарды меңгерту көзделеді. Халықтың тіл қазынасын байыту, тілді қоғамдық өмір тіршілігінің нақты құралы ету, оны жетілдіріп, дамытып, дәуір талабына орай көріктендіріп, ұстарта білу – нағыз өнер екені белгілі. Ата – бабамыз жасаған асыл мұраны меңгерту, болашақ ұрпақ игілігіне меншіктеу, ізгілікке, адамгершілікке, дербес ой қабілеттілігіне, өздігімен еркін әрекет жасауға, ата – анаға, айналасына жүрек сезімін оятып ана тілін қастерлеуге үйрету, оның музыкалық әуезін санасына ұялатып, зердесіне жеткізудің барлығы баланың нәрестелік шағынан басталатыны баршаға аян. Сол себептен халық ауыз әдебиетінде «Бесік жыры», «Қаз, қаз бас», «Әлди, әлди ақ бөпем» сияқты ана жүрегінің жылуын төге жырланатын өлең жырлар қазіргі ұрпаққа тіл үйретудің қайнар көзі. Тіл дамыту жұмысының қызғылықсыз, үстірт, жүйесіз өтілуі нәтижесінде көп ретте баланың сөздік қорындағы жұтаңдық әрі жұрынылық жиі ұшырасады (балаларда ауызекі сөздерге кедейлік, қойылған сұраққа бір ғана сөзбен жауап берушілік байқалады). Ана тілін еркін меңгеріп, түсінбейтіндер өз тілінде сөйлеуге қысылып, намыстанатын жағдайға кездесіп отырғаны мәлім. Сондықтан бала ана тілін еркін меңгеруі үшін балабақшада бүлдіршіндерді саралап оқыту қажет. Яғни тілді нашар білетін (немесе мүлдем білмейтін) балалармен бір бөлек, тілі жатқан, сөйлей білетін балалармен бір бөлек жүргізілуі тиіс. Тіл пікір алысатын құрал болғандықтан мектепке дейін білім беру, тәрбиелеу ісінде шешуші орын алады. Бағдарламада әр топта атап көрсетілген деңгейде нәрестелерден бастап алты жасқа дейінгі балалар қазақ тілінің негізгі желісін меңгеруге тиіс. Тіл туралы заңның өз мәнінде іске асып, мәртебесі биік болуы, қазақ тілінде анық, таза дұрыс сөйлеуді үйретуге жалпы жұртшылық, балабақшада, мектеп, әулет жұмыла кірісуіне байланысты. Мектепке дейінгі балалардың ойлау, сөйлеу қабілетін, дүниетанымын кеңейту, сөз қорын байытып, ауызекі сөйлеу тілін жетілдірудің тиімді әдістерін айқындау. Сол себепті тіл дамыту, тәрбилеу, білім беру барысында: - ізгіліктендіру; - баланың өзіндік даму ерекшелігін ескерту, жетілдіру; - даралап оқыту, тәрбиелеу (баланың айырықша қабілетіне қарай); - оқыту - тәрбиелеу жұмысын демонстрацияландыру; - пәндерді біріктіру (интеграциялап оқыту принціптерін әр топтағы балалардың жас ерекшелігіне қарай жүзеге асыру) көзделеді. Тіл дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізіндеұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтау, ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы - ғажайып ертегілері, мақал – мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі. Ауыз әдебиеті нұсқалары өзінің құпия сырымен, көркем де күлдіргі, бейнелі, ойналық сөзімен баланы өзіне қызықтырып, еліктіре баурап алатыны, ғажайып дүние әлемімен таныстыратыны ежелден ақ мәлім. 1. Балаға қазақ тілінің сөздік қорын, сөйлеу тәсілдерінің ерекшеліктерін практикалық ойын – жаттығу негізінде меңгерту, сөздік қорын сан жағынан да байыту. Антоним, синоним сөздерді үйрете отырып, жіктеп, тәуелдеп, көпше, жекеше айтуға үйрету. 2. Ана тілінің фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық тәсілдерін ауызекі айта, қолдана білуге жаттықтыру, еркін, таза, жүйелі сөйлей білуге үйрету. 3. Тіл дамыту мен ауызекі сөйлеуге үйрету тілдік жұмыстың барлық түрін қамтуға тиісті. Мысалы: сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Сөздің морфологиялық, грамматикалық тәсілдерін меңгерту, байланысты сөйлеуді дамыту, мәтін (ауызша әңгіме) құрату, оқыған шығарманы түсіндіріп, әңгімелеуге үйрету. Шағын әңгіме, ертегі, тақпақ, оқиғаны басталу, аяқталуын оқиға не? Кім? Жайында екенін аңғартып, түсіндіріп, ауызша жоспар негізінде талдау тәсілдерін меңгерту. 4. Ойын сабақ кезінде бейімділік мақсат көзделетін дидактикалық сөздік, шығармашылық ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай қолдатып, әдейі ұйымдастырылған жағдайға сәйкес (ситуация) баланы ойлауға, жауап беруге жетелеу, баланың ойлау, сөйлеу, қабылдау зейін қабілеттерін дамыта отырып, өздігінен еңбектене білуге үйрету. | |
Просмотров: 2245 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|