Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Тақырыбы: «Үй құстары мен дала құстары» Мақсаты: 1. Білімділік: Құстар туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы айту. Үй құстары мен дала құстарын ажырату. 2. Дамытушылық: Құстарды күте білуге үйрету. Құстарды қорғауға деген сезімдерін ояту. 3. Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы құсқа деген қызығушылығын арттыру. Көрнекіліктер: Дала құстары мен үй құстарының суреттері. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. а) Шаттық шеңбері. ә) Жаңа тақырыпты түсіндіру. б) Сұрақ – жауап. в) Суретпен жұмыс. а). Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, келген қонақтар мен амандасу. Балалар көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жаққа ұшып кеткен құстар келіп жатыр. Енді мына кішкене құс арқылы бір-бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында бір-бірлеріне тілек айтқызу. ә). Құстар,құстар келеді Жерді шуға бөледі Көктем келді деп бізге Жақсы хабар береді. Балалар бүгін сендермен үй құстары және дала құстарымен танысамыз. б) - сендер қандай құстарды білесіңдер ме? - Құстардың атауын кім біледі? - Құстар қайда өмір сүреді? - Құстардың үйі қалай аталады? т б с Құстар туралы мәлімет беру: Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Аққу-30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген. Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған. Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді.алдымен мына жұмбақтың шешуін тауып көрейік; Түсі қара мақпалдай Төсі ақ сыр жаққандай Ұшса оқтай зулайды Көктен жұлдыз аққандай (Қарылғаш) Он екі айдың біреуі Сірә оның атында Өзге ұяға із тастап Мен деп жар сап жүреді (Көкек) Қонып алып жарға, Қарқылдайды (қарға) Ал мына суреттерге мұқиат қарайық; дала құстары- қарға, сауысқан, қарлығаш, т. б. Олардың қанаты бар аспанда ұшып жүреді. Ал үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады.Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем суларын береді. Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса, Сәлем саған Жер ана! Сәлем саған Нұрлы күн! Аман – есен болайық. Бейбітшілік қалайық! в) Балалармен бірге құстарды жеке-жеке атау. Балалар сендер құстармен таныстыңдар, енді үн таспадағы құстардың дауысын тыңдайықшы, бұл дауыстар дала құстарының үні ме, үй құстарының үні ме ажыратып көрейік? Тамаша сендер сондай ақылды балаларсыңдар, менде, қонақтарда риза сендерге. Дұрыс айтасыңдар, орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті Қарға біздің қар, қар, Сауысқаным саңқ, саңқ. Торғайларым шиқ, шиқ, Жапалағым ух, ух. Көкек көкек, көкек деп, Ұшады екен желпілдеп. Жақсы балалар сендер дала құстары, үй құстары жайлы білдіңдер. Осы кезе есік қағып сыныпқа хат тасушы апай кіреді. Балалар бұл «Әтештен» келген хат екен. Әтештің қорасына құстар кіріп кетіп ол шатасып қалыпты, содан сендерден көмек сұрап хат жолдапты көмектесеміз бе? Ендеше қорадағы құстардың суреттерін бір-бірден алып дала құстарын бөлек, үй құстарын бөлек атаймыз. Жақсы әтеш мырза сендерге риза болып қалған болар.Енді ойын ойнайық. Д/о «Не қалай дауыстайды?» Құстарды көрсетеді, балалар ол қай құс екенін айтып, дауысын салулары керек. Құстарды жеке-жеке атап көрсетеді. мысалы: Қарлығаш дала құсы, құйрығы айыр, шиқылдайды, аспанда ұшады. Балалар сендер өте дұрыс айттыңдар. Балалар сендер үй құстарымен дала құстарын ажырата аласыңдар. Сендер құстар туралы тақпақтар білесіңдер ме? Торғай, торғай тоқылдақ, Жерден тары шоқып-ап, Бөтегесі бұлтиып, Шиқ-шиқ десіп отыр-ақ. Қортындылау: Балалар біз сонымен дала құстары мен үй құстары туралы білдік. Сендерге сабақ ұнады деп ойлаймын. Енді «Халық болжамдары» туралы айта кетейін естеріңде жүрсін. Халқымыз құстардың келуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған. *Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады. *Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады. *Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады. *Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады. *Шымшық ұя салса,қыс қатты болады. *Шағала келсе сең бұзылады. *Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді. Біздің білімімізді көруге келген қонақтарға сөз береміз сабақ осылай аяқталады. Балаларды мадақтап сабақты аяқтау. | |
Просмотров: 9012 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|