Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
«№7 «Ақ бота» ясли – бақшасы» КМҚК
тәрбиешісі Кокенова А.А.
Тәрбиеленушілер отбасымен байланыс жасау – ол №7 «Ақ бота» ясли-бақша ұжымының негізі бағыттарының бірі. Ясли-бақшада «Балалар – біздің ортақ ісіміз» деп аталатын авторлық бағдарлама жүзеге асуда. Үнемі ата-аналармен қарым-қатынас жасауда дәстүрлі емес стратегиялар қолдануда, ата-аналар мекеменің педагогикалық үрдісіне белсенді қатысады.
Балабақша тәрбиешілерінің тәжірибесінде ата-аналармен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасқан (әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, отбасы бөлмесінде жұмыс ұйымдастыру, психологиялық тренинг т.б.) және жемісті түрде қолдануда. Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізеді. Ата-аналар өздерінің педагогикалық білімдерін толықтырып, өз балаларының даму ерекшеліктерін көру үшін ашық көріністерге белсене қатысады.
Бала тәрбиесіне тек ясли-бақша, мектеп, оны қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы, яғни әкесі, анасы, атасы, әжесі, ағасы, әпкесі де әсерін тигізеді. Мысалы, ясли-бақшада өткен «Әкем, шешем және мен – спорттық жанұя» эстафеталық ойын, отбасымен бірлесіп саябаққа барып дем алу осы ойдың дәлелі. «Қиқар бала қайдан шығады?» атты кеңесте тәрбиешілер ата-анамен бірлесіп отырып, бала мінезіндегі өрескел қылықтардың шығу себептерін анықтайды. «Отбасындағы тәрбие» атты кеңесте тәрбиешілер бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттері дағдыланып, ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз етті.
Оқу жылының басында тәрбиешілер жұмыс жоспарын жасау кезінде ата-аналардың көзқарасын мен ұсыныстарын ескеріп, ең бірінші жалпы жиналыста сауалнама жүргізіп, сонда айтылған ой-пікірлермен санаса отырып толықтырады.
Сонымен қатар «Тәй-тәй» технологиясы бойынша ата-аналар «Отбасы газетін», кітапшалар шығаруға белсене қатысады. Осы «Отбасы газеті» беттерінде ата-аналармен ынтымақтаса, баламен бірге орындаған жұмыстардың нәтижелері жарияланады. Осындай іс-шаралардың арқасында ата-аналар кәсіби тәрбиеші болып, бірнеше нәтижелерге жетті.
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеті ең алдымен дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділ қарым-қатынастардың күәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек.
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін ерте жастан-ақ бастаған.
Баланың да өзіндік ойы, қызығатын ортасы, туа бітетің мінезі бар. Баланың жан-жақты, көпшіл, мейірімді өсуін тек отбасылық тәрбие арқылы қалыптастыру да мүмкін емес. Дұрысы, баланың қиыс кетуіне жол бермейтін жақсы орта қалыптастыра білген жөн. Бұл бағытта ең алдымен балабақша таңдаудың маңызы зор. Балабақшаға барғанның артықшылығы көп болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сөзіміз дәлелді болуы үшін соның біразын санамалап берейік:
1. Балабақшаға барған балалардың өзімен қатарлас балалармен араласып, тіл табысуына үлкен мүмкіндік туады.
2. Балабақша баланы өзімшілдіктен арылтады. Ата-анасының ғана айтқанын орындап, еркелікпен өзім білемдікке салынып жүрген балаға тәрбиешіні тыңдау, көңілінен шығу көп нәрсеге үйретеді. Тәрбиешінің тәрбиесіне төселген бала мектепке барғанда мұғаліммен тез тіл табысатын болады.
3. Үйден шықпаған бала тым ерке, өзімшіл болып кетеді. Ата-анасы да көзінің ағы мен қарасы болған ұл-қызының тілегін орындауға бейім. Отбасының еркесі болған бала балабақшаға барып, топ баланың арасына түскенде, өзінің көптің бірі екенін түсінеді.
Алайда тәрбиенің шынайы жемісін көргіңіз келсе, бар ынтаңызбен балабақша ұжымымен йық тіресе жұмыс істегеніңіз абзал. Баланың күні бойғы сағынышын басып, жұмыстан қанша шаршап тұрсаңыз да оның айтқан барлық әңгімесін ықыласпен тыңдап, көңіл бөлгеніңіз жөн. Балабақша мен отбасы ынтымақтастығының арқасында тәрбие өзінің игі жемістерін бермек.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2013-03-11) | Автор: Кокенова Анель Абеугалиевна E
Просмотров: 8247 | Комментарии: 1 | Теги: сотрудничество, детский сад, семья | Рейтинг: 2.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 3:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru