| Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
| г. Семей Ясли - сад №7 "Ақ бота" тәрбиеші Кокенова А.А. Салтанатты жиналыс «9 Мамыр – Жеңіс күні» Жиналыстың барысы: «Жеңіс күні» әні тыңдалады. Жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жігерленген құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы. Әнұран айту. Жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды. Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік жариалаймыз. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата- аналар, ұстаздар, балалар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналысты бастауға рұқсат етіңіздір. Әдеби монтаж. 1-ші бала: Сүйінші, халқым, сүйінші! Белінді бекем буыншы, Жеңдік жауды күйрете, Жасалған той мереке! 2-ші бала: Дұшпанға жасындай шүйілген Ержүрек Бауыржан. Есімін қастерлер бүгінде Сүйсініп әрбір жан Бұл күнде көп жұрттың ұлының Есімі- Бауыржан «Баукеңдей болса,-деп, құлыным» Тілейді әрбір жан. 3-ші бала: Атам Отан қорғаған Онда қорқақ болмаған Алтын жұлдыз кеудеде, Нағыз батыр ол маған! Құттықтау сөзі ясли – бақша меңгерушісі Д.Байскаковаға беріледі. Жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі –қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді. 4-ші бала: Жаралғандай жалыннан Жайсаң батыр- Бауыржан. Естігенде есімін, Жау есінен жаңылған. Бұзып, жарып қоршауды, Жолсыз жерден жол салды. Дорстары түгіл, ерлігін Қасы естіп, тамсанды. Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле. Аққудай қалықтаған теңіздегі, Бишілер өнерлерін көрсетуде. Ересек топ балаларының орындауында «Гүлдер» биін тамашалаңыздар. 5- ші бала: Атам Отан қорғаған Онда қорқақ болмаған Алтын жұлдыз кеудеде, Нағыз батыр ол маған! Әкем-шопан ауылда Мойымаған дауылға. Еңбек Ері атанған Сыйлы бүкіл ауылға. Жүргізуші: Көрдік, сіздерді жайдық құшақ, Елестетіп жанын қиған құрбандарға. Қарсы аламыз үлгі тұтып, Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды! Құттықтау сөзі соғыс ардагері А.Стрюковқа беріледі. (гүл сыйлау) Жүргізуші: Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді. Жүргізуші: Еліміздің талай батыр ағаларымызбен қатар апайларымыз да жаумен алысып, ерлікпен қаза тапты. М.Мәметова мен А.Молдағұлова апайларымыздың ерлігін, батырлығын, қайсарлығын кейінгі ұрпақ мақтанышпен әнге қосып шырқап жүрміз. Болашақты бізге мирас етем деп, Қыршып кетті Әлия, Мәншүк апалар, Әлия, Мәншүк аттары әнге айналған, Әлия, Мәншүк – қос жұлдыз көкте жайнаған. «Әлия» әнін тыңдау (С.Бәйтереков) 6-шы бала: Жаудан қорғап Отанды, Қаһарман қыз атанды. Кетті тарап әлемге Даңқы Мәншүк апамның! Ол ерліген асырған, Дұшпаны да бас ұрған Мәншүк апа Аңыз боп Жеткен келер ғасырға! 7-ші бала: Мәншүк апай-батыр қыз Ардақтаймыз атын біз Ұқсап Мәншүк апайға Өсіп келе жатырмыз Жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, біз сол тамаша Жеңістің 65 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды. Марапаттау. «Әрқашан күн сөнбесін» әні хормен орындалады. | |
| Просмотров: 5147 | | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|