Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети

"С-ш дыбыстарын ажырату"
1 «Б» класс (топтық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: «С-Ш» дыбыстарын ажырату
Сабақтың мақсаты: С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау, дыбыстарды буында, сөзде, пароним сөздерде, сөйлем ішінде ажырату, дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: айна, слайд, суреттер, трафареттер, ойыншықтар т.б.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар, бүгін біздің сабаққа насос пен жылан қонаққа келді. Сендерге өздерінің ғажайып қалтасын әкеліп, заттарын көрсеткісі келеді. Ал біріншіден еске түсірейік, насос қандай дыбыс шығарады? (ш-ш-ш), ал жылан ше? (с-с-с). Олай болса, С-Ш дыбыстарының артикуляциясына тоқталайық.
С дыбысын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей, тістер көрінеді.
- Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді.
- Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді, жабық дауыс шымылдығының дірілінен С дыбысы шығады.
Ш дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады, тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады, алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен Ш дыбысы жасалады.
С-Ш дыбыстары дауыссыз, қатаң.
2. Дидактикалық ойын. «Ғажайып қалта». Дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін айту.
3. Дыбысты буында, пароним сөздерде дұрыс айту.
Са-ша сым-шым
Со-шо ас-аш
Су-шу ос-ош
Сы-шы ус-уш
Сай-шай ыс-ыш
Сал-шал асық-ашық
Асыл-ашыл асыл-ашыл
Қасық-қашық ста-шта-ста
4. Ойын. «Ашық буынды жабық буынға алмастыр» (доппен)
Са-ас ша-аш со-ос шо-ош су-ус шу-уш әс-сә шұ-ұш ше-еш
5. «Көңілді тіл туралы ертегі»
Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Көрсетейік: қалай ашылып-жабылады?Тіл үйінде отыра алмайды, далаға шығады(тілін шығару). Міне ол күнге шығып, жылынып жатыр(жалпақ тіл астыңғы ерінде). Кенеттен жел соқты, тіл тоңып кетіп үйіне кірді де есігін жауып алды. Тіл тәтті қайнатпамен шай ішіп, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны жалады(төменгі ерінді жалау). Соңынан тісін тазалады. Тіл үйшігінде ұзақ отыра алмады. Далаға шықса, күн жарқырап тұр екен (күн жасау), балалар футбол ойнап жүр екен. Ол да қосылды, қақпаға доп соқты.(еріндерін жымитып, мақта допқа үрлеу). Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.
6. С-Ш дыбыстарына сөздер, есте қалғанын дәптерге жазу, талдау.
7. Трафаретпен жұмыс.
8. С-Ш дыбыстарын сөйлемде айтуға машықтандыру.
9. Көп нүктенің орнына С-Ш дыбыстарын қойып, мәтінді оқу.
Мысық пен тышқан.
Мы...ық ты...қанды қуды. Ты...қан далаға қа...ты. Ол аға...тың ара...ына тығылды. Мы...ық ты...қанды таба алмады.
10. Саусақ қимыл жаттығуы.
11. «Адасқан әріптер» ойыны. Әріптер адасып қалыпты, олардың сөздегі орнын табуға көмектесейік.
Шабақ оқып, бес алдық, Бөркін киіп башына,
Бүгін алдық, кеше алдық. Үйден сықты асыға.

Ілінді сортан қармаққа, Төбет шүйек кемірді
Шортанды өзің салмақта. Содан күнде семірді.
12. Жаңылтпаш айтып жарысайық.
Сорпа іштік Асан массаж жасар
Сорпа ыстық. Массаж жасап шаршар.
Сондықтан
Қорқа іштік. Шын еңбекші - өрмекші,
Өрмекші шын - өрнекші.
13. Ойлау көркі – шешу. Айырмашылығын тап.

14. – Бүгін қандай дыбыстарды дұрыс айтып, қайталадық?
- С-Ш дыбыстары дауысты ма, дауыссыз ба?

15. Үйге тапсырма беру.
- С-Ш дыбыстары кездесетін мақал-мәтелдер жаттап келу.

16. Әр оқушыны біліміне, белсенділігіне қарай мақтап, мадақтау.
Категория: Особые дети | Добавил: Эльвирок (2014-09-24) | Автор: Шамшиева Алмагуль Шердаровна E
Просмотров: 2510 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 5:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru