Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети

Сабақтың тақырыбы: Ұя. Мәтінмен жұмыс.
Пәннің аталуы: Оқу және тіл дамыту.
Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеевтің «Ұя»
Сабақтың мақсаты: «Ұя» әңгімесімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Я әрпі туралы алған білімді кеңейту. Дыбыс, буын туралы түсінікті жинақтау, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Мәтінмен жұмыс істеуге үйрету. Дұрыс оқу, мазмұндау дағдыларын қалыптастыру.
2.Түзету – дамытушылық: Тілін жетілдіру, сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке, оны қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, қызыл – көк жолақшалар, жұмбақ, тақырыптық суреттер топтамасы, «Ұя» суреті, буындық лото, карточкалар, сөздік – буындық таблица.
ТҚЖ: Ноутбук, проектор, экран, аудио және видео жазба.
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ – жауап, таблицамен жұмыс, ойын, артикуляциялық жаттығу, физминутка т.б.
Пәнаралық байланыс: Айналадағы әлем, математика, қазақ тілі.
Сабақтың тегі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (білімді кеңейту, жинақтау, бекіту).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Амандасу, психологиялық бағыт беру:(Оқушылар орындарынан тұрып, қимылымен орындайды.)
Амансыңба, алтын күн!
Амансыңба, Жер ана!
Амансыңба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
2.Артикуляциялық жаттығулар жасату:
А) «Сағат», «Күрекше», «Ат шауып келеді», «Алтыбақан»
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Тіл дамыту, таза сөйлеу минуты:
Я-я-я - мынау жаңа ұя,
Ян-ян-ян - жүгіріп жүр қоян,
Яз-Яз-Яз - ащы екен пияз.
2.Үй тапсырмасын сұрау:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Қастек Баянбаев «Ұя» өлеңін жатқа айту. (Сынып оқушылары өлеңді жатқа айтады.)
3.Аудио жазбаны тыңдау: Құстардың дауысын үн таспадан тыңдайды.
-Үнтаспадан ненің дауысын тыңдадық? (Құстардың)
-Қандай құстарды білеміз? (Үй құстары және жабайы құстар).
-Ал үнтаспадан тыңдағандарың қандай құстардың дауысы? (Жабайы құстардың).
-Ал үй құстары қалай дауыс шығарады? Мысалы: үйрек. т.б. (Үй құстарының дауысын дыбыстап келтіреді)
-Үй құстары қайда өмір сүреді? (Үйде. Оларды адамдар асырайды)
-Жабайы құстар қайда өмір сүреді? (Орманда, далада,көлде, таулы жерлерде)
-Балалар, мынау не? (Ұя) (Сурет бойынша сұрау)
-Балалар, ұя дегеніміз не? (Құстардың үйі.)
4.Дыбыстық талдау жасау: «Ұя» сөзін тақтаға кеспе әріптермен құрастыру, талдау жасалады. Я дыбысы [Й+А] дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын еске түсіру.
Ұ-Я – 2 буын, 2 әріп, 3 дыбыс. Салыстыру, әріптер мен дыбыстарды санау.
5. Экраннан сызбамен, суреттерімен бейне материал қарау: Я дыбысының Й+А дыбыстарынан тұратынын, оның я әрпімен таңбаланатынын көрсету. ҚИ – ЯР, ҚИ – ЙАР; ПИ – ЯЗ, ПИ – ЙАЗ; т.б.
6.Сергіту сәтін орындау:
Қане қанат қағайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
7.Жаңа тақырыпты түсіндіру:
А)Жаңа тақырыпты атау: Спандияр Көбеевтің «Ұя» әңгімесі.
Ә) Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқып береді.
Б)Балалар мұғалімнің мәтін бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.
-Әңгіме не туралы?
-Балалар ойнап жүріп нені көрді?
-Ұяда неше балапан бар екен?
-Олар балапандарды қайда әкелді?
-Әкесі оларға не деді?
-Балалар не істеді?
8.Оқулықпен жұмыс:
А)Мәтінге арналған сюжетті суретпен жұмыс.
-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Балалар не жасады?
-Ұяны неден жасады?
-Ұяны қайда шегеледі?
Ә)Мәтінде кездесетін сөздермен буындық – сөздік таблица оқыту. (Балалар жеке және хормен оқиды).

З Ұ – Я
Қ Ұ – Я – ДА
Я Н ҚҰС – ТЫҢ
У БА – ЛА – ПАН
Л БА – ЛА – ЛАР
Ә – КЕ – СІ
ШЕ – ШЕ – СІ
Б)Мәтінді тізбектеле оқыту. 1,2,3 топтың балалары мәтінді тізбектеле оқиды. 4 топтың балалары карточкадан мәтінде кездесетін сөздерді оқиды.( Мысалы: Балалар, балапан,ұя, ұяда, ағаш, әкесі, шешесі, құстар т.б оқу), мәтіннен алынған (Мысалы: балапан, балалар, далада сөздерінің құрамынан өздеріне таныс әріптерді тауып, астын сызады. Мысалы: А,О,Л,Т әріптерін табады).
В) Мәтінді өздігімен оқу. (Балалар мәтінді тағы бір қайыра оқиды. Балалар мәтінді оқу барысында, мұғалім 4 топтың балаларына карточкаларын оқытып, тапсырмаларын тексереді)
ІІІ. Бекіту:
А)Мәтін бойынша сұрақ – жауап.
-Әңгіме не туралы?
-Балалар ойнап жүріп нені көрді?
-Ұяда қанша балапан бар екен?
-Олар балапандарды қайда әкелді?
-Әкесі оларға не деді?
-Балалар не істеді?
Ә) Мәтінді мазмұндау (1-2 бала мәтіннен ұққандарын өз сөздерімен мазмұндап береді).
9.Сергіту сәтін орындау:
Аққу болып ұшамыз,
Көлге келiп қонамыз.
Көлдiң бетiн құшамыз,
Қайта самғап ұшамыз.
10.Экраннан бейне жазбаны көрсету: Мұғалім құстардың ұя салуына баса назар аударады. Құстар көл жағасына, биік таудың басына, ағаш басына, тіпті жерге де ұя салатыны жөнінде айтады.
11)«Орнын тап» ойыны: Ретсіз жатқан сөздерді сандардың реті бойынша орналастыру. Мыс: Ұя құс салды бұтаққа; Құс бұтаққа ұя салды.
1 2 3 4
12) Жұмбақ шешу:
Тал басында - тамаша үй. (Ұя)
13) Мәтінге арналған цитатамен мәтінді қорыту: Балалар құстардың ұясын бұзбаңдар! Құстар біздің досымыз!
ІY. Сабақты қорытындылау:
-Бүгін сабақта не туралы сөйлестік?
-Қандай мәтінмен таныстық?
-Я дыбысы қандай дыбыс?
-Сабақта тағы басқа не істедік?
Y. Балалардың іс - әрекетін бағалау.
YI. Үйге тапсырма беру:
1 топ: «Ұя» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айтады.
2-3 топ: «Ұя» мәтінін мәнерлеп оқиды.
4 топ: як, ян,яр,яз,яу,ял,яң буындарын оқиды. Өткен әріптерді қайталайды.
ҮІІ.Сабақты аяқтау.
Категория: Особые дети | Добавил: scorpi (2015-04-06) | Автор: Қайранбаева Гүлшат Болатовна
Просмотров: 1702 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru