Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети |
Сыныптан тыс іс – шара. «Қарлығаш әулие» аңызы бойынша тіл конференциясы. Тақырыбы: «Қарлығаш әулие». Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілінінің даму деңгейін тексеру. Міндеттері: 1.Білімділік: Туған табиғатты сүюге және қамқорлық көрсете білуге үйрету, жанашырлық сезімге баулу. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру, оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге үйрету. Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып,білімін толықтыру. 2. Түзету – дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын толықтыру, тілін жетілдіру, ойлау, есте сақтау кабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке баулу, патриоттық, экологиялық тәрбие беру. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке, жанашырлыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Президент портреті, киіз үй макеті, қарлығаштың ұясы, қарлығаштар, күн, өзен – көл, орман – тау, жасыл шөп, ата – апа суреттері, «Үй жануарлары», «Жабайы аңдар» көрсетілім материалы, Қазақстаннан шыққан Кеңес одағының батырларының портреттері. ТҚЖ: Проектор, ноутбук, экран, СД –мп3. Сабақтың барысы: Тақтаға үлкен киіз үй суреті жапсырылған. Киіз үйдің жоғарғы жағында қарлығаштың ұясы бекітілген. Айналада ұшып жүрген қос қарлығаш суреті бейнеленген. І.Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіңдерме, балалар. Көңіл – күйлерің қалай? 1)Психологиялық бағыт беру: (Балалар алақандарын жайып) Амансыңба, алтын күн, Амансыңба, Жер – Ана, Амансыңба, достарым, Сендерді көрсем қуанам. ІІ.Негізгі бөлім: 2)Артикуляциялық жаттығу жасату: А) «Сағат», «Күрекше», «Ат шауып келеді», «Алтыбақан», «Тәтті тосап». 3)Тіл дамыту, таза сөйлеу минуты: Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат. Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық. 4)Білімді актуальдандыру: -Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстанда. -Біздің Президентіміз кім? -Н.Ә.Назарбаев. -Мынау қай елдің картасы? Слайдтан көрсетеді. -Қазақстанның. -Балалар, бүгін біз туған жеріміз, қазақ елінің өткенімен бүгінгі күндеріне саяхат жасаймыз. 5)Слайдтың жалғасын қарау: Күй ойнайды. Слайдтан балалар қазақтың кең даласын, киіз үйлерді, қазақ ауылын көреді. -Балалар, мен сендерге бір аңыз әңгіме айтып берейін. 6)Балалар аңызды көрініс ретінде қойылымын қояды. Мұғалім:- Ертеде қазақ жеріне жоңғар деген ел шапқыншылық жасап, жаулап алмақшы болады. Ауыл адамдары елін-жерін тастап көшіп кетеді. Сол ауылда Төле би деген адам өмір сүріпті. Елдің бәрі көшіп кеткенде, жалғыз Төле би ғана киіз үйін жықпапты. Бала:-Жау шапты, жау шапты. Ата көшпейміз бе? Төле би:-Ұядағы балапандарды тастап, ешқайда көшпеймін. Мұғалім:-Бұны көрген жоңғардың әскер басшысы таң қалады. Жоңғар:-Елдің бәрі қашып жатқанда, не қылған батыр қартсың? Төле би:- Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды. Балапандар ұшып кетпейінше, үйімді жыға алмаймын. Мұғалім:-Қазақ елінің батырлығына таң қалған жоңғар, әскерлерін ерітіп, кері қайтқан екен. 7)Ой толғаныс: -Балалар неге қарлығаштың ұясын, жалпы құстың ұясын бұзуға болмайды? -Өйткені, құстар біздің досымыз. 8) Сергіту сәті: «Қарлығаш». Балалар видеоны қайталау арқылы жасайды. Экраннан видео беріледі. -Балалар, сол қарт адамның жаудан қорықпай сақтап қалған қазақ жерінің сұлулығын біз қалай суреттейміз? 9) Балалар туған жерді суреттеп тақпақтар оқиды. 1 оқушы: (Әженің суретін тақтаға киіз үйдің қасына жапсырады.) Әжем менің, ақ әжем Ақыл беріп үйреткен. Аппақ әжем, пәк әжем, Мейіріммен тербеткен. 2 оқушы: (Атаның суретін тақтаға жапсырады) Ата отыр кәріміз, Қуат берер дәріміз. Әулиедей аялап, Ардақтаймыз бәріміз! 3 оқушы:(Күн мен бұлттың суретін тақтаға жапсырады.) Елінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен, Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем? 4 оқушы: (Таудың суретін тақтаға жапсырады) О, алақай, туған жер! Жақсы бақша-бауларың! Көзге ыстық көрінер Сенің асқар тауларың. 5 оқушы: (Өзен мен жасыл шөптің суретін тақтаға жапсырады). Көк айна көлім бар, Кең жайлау жерім бар. Даласында асыр сап, Ойнайтын көгім бар. 6 оқушы: (Жылқы мен құлынның суретін тақтаға жапсырады). Құлыншақ, құлыншақ, Шапқылайсың даламен. Дос болсайшы құлыншақ, Мен сияқты баламен. 7 оқушы: (Ешкі мен лақтың суретін тақтаға жапсырады) Аппақ менің лағым Қос құлағы - шұнағым. Қарның ашып қалды ма? Неге сонша жыладың? 8 оқушы: (Қой мен қозының суретін тақтаға жапсырады) Қой баласы қоңырым, Қойдан жуас момыным. Шопан ата түлегі, Қошақаным қайдасың? 9 оқушы: (Сиыр мен бұзаудың суретін тақтаға жапсырады) Томпаң - томпаң торпағым, Шошаладан қорқағым. Еркелеуге батырым, Жарысуға шорқағым. 10 оқушы: (Түйе мен ботаның суретін тақтаға жапсырады) Тарпаң - тарпаң тайлағым, Ботақаным, маймағым. Қара - көзің мөлдіреп, Жібек жүнің желбіреп Желк - желк етіп желесің Енеңе еріп келесің. 10) Жұмбақ шешу: Мұғалім жұмбақ жасырады, балалар жұмбақты шешіп, тақтаға суреттерін жапсырады. 1. Қыста жылы киіндім, Қоймам толы жаңғаққа Іші жылы үйімнің. (Тиін) 2. Тәтті көрсе бас салар, Аумайды жас баладан. Үп - үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан. (Аю) 3. Өзі айлакер, Өзі қу. Жүрген жері айқай шу. (Түлкі) 4. Үсті толы ине Бірақ та іс тігіп, Қадамайды түйме (Кірпі) Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Барлық жұмбақты шештіңдер. 11 оқушы: (Тақтаны көрсетіп: «Міне менің ауылым»,- дейді.) Отан- сенің, ата-анаң, Отан- досың, бауырың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Мұғалім:- Өте жақсы, балалар. Балалар, осы кең далада жаңадан үлкен қала бой көтерді. Ол қай қала кім біледі? -Астана. 11) Астана жайлы слайдттар қарау. Музыка ойнайды. Мұғалім: -Міне, балалар, біз қазақ елінің өткенімен бүгінгі күндеріне саяхат жасадық. Ал, енді балалар айта қойыңдаршы, мамыр айында біз қандай үлкен мерекені атап өтеміз? Балалар: -Жеңістің 70 жылдық мерекесін. Мұғалім: - Жаңағы аңыз әңгімедегі Төле бидің ерлігін қайталаған қандай аға – апаларыңды білесіңдер? Балалар: - Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә. Молдағұлова, М.Мәметова. Мұғалім: -Олар кім болған? Қандай ерлік жасаған? Балалар батырлардың ерліктеріне тоқталады. ІІІ.Қорытынды бөлім: -Балалар, бүгін біз не туралы сөйлестік? -Біз қай мемлекетте тұрамыз? -Біздің Президентіміз кім? -Қазақ жерінің астанасы қай қала? -Қандай аңыз тыңдадық? -Аңыз не туралы? -Батыр аға – апаларыңды атап бере қойыңдар. -Олар қандай ерлік жасаған? ІV.Сабақты аяқтау. Мадақтау, балаларды бағалау. | |
Просмотров: 1880 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|