Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети |
Білім алуға барлығы құқылы Казіргі уақытта Қазақстан қоғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр. Отанымызда қазірігі қоғам көзқарасын нығайтуға сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен мүмкіндіктеріне байланысты арнайы білім берудің мақсат міндіттері маңызы өзекті мәселе ретінде қарастырылып жатыр. Мемлекетіміздегі білім беру саясаты міндеттерінің бірі тұлға өзінің өмірлік ұстанымын және еркін бағдарлау үшін қанағаттанарлық сапалы білім беру. Отандық мамандар мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың шетелдегі нәтижесімен танысып, соған сүйене отырып, біздің елімізде де осығын сәйкес үрдістерді зерттеген. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға біріктіру, әлеуметтік бейімдеу, білім беру және тәрбиелеу, бала дамуының бұзылытарын алдын алу және нәтижелі түзету үшін ең қолайлы жағдайлар жасау мақсатында инновациялық бағыттар жетілдіруде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы арнайы білім берудің болашақ бағыттарының бірі инклюзивті оқыту мәселерін әзірлеу болып келеді. 1990 жылдың наурыз айында Тайланд елінің Жомтиен қаласында «Барлығына білім беру» атты Дүниежүзілік Декларация қабылданды. Берілген құжат бойынша барлығына білім беруді бағалау шаралары жүргізілген болатын. Аталған құжат бойынша есеп беруге Қазақстан да қатысты. 2000 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің мамандары Ахмедабад қаласында өткен « Мүмкіндігі шетеулі балалардың негізгі білімдерін қолдау» атты ЮНЕСКО-ның жобасы бойынша семинарға қатысты. Жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу жолдарын іздесу және әзірлеу. Біріктіріп оқытуды тәжірібиеге енгізу мұғалімдердің, ата аналардың және балалардың осы оқытуға көзқарастарын зерттеуді қажет етеді. Қазақстанда біріктіріп оқыту тәжіребиесімен инклюзивті білім беру үрдісі даму жолында. Р.А. Сүлейменованың жетекшілігімен Қазақсан Республикасыныңң ғылым және білім министрлігіні « Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді енгізу қоғамының жұмысын анықтау және талдау үшін» сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнаманың қорытындысы бойынша жауап берушіліерді мүмкіндігі шектеулі балалар санының өсуі қатты қобалжытты. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында оқытылу керек, қалыпты балалармен қарым қатынастың үзілмеуін, мұндай балаларды ортадан бөлмеу керектігін айтқан болатын, сонымен катар жауапберушілердің арасында мүмкіндігі шектеулі балалар кемістігіне қарай арнайы мектеп интернаттарда оқу керек, қоғамға кауіпті деген жауаптар да кездескен болатын. Дегенмен мен болашақта мүмкіндігі шектеулі тұлғалар білім алу мекемелерін еркін таңдауға толық құқылы болады деп сенемін. Бекпаева Жансая Бакитжановна | |
Просмотров: 1831 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|